105
тармақты жүйе халықтың түрлі қызметтер көрсету және қаржы-несие
операциялары бойынша қажеттерін (жинақ кассалары, банкілер,
құқықтық мекемелер – заңды кеңестер беру, нотариалдық кеңселер)
қамтамасыз етеді. Әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі: оны
дамытуға жұмсалған шығынның шамасымен (материалдық, қаржы және
еңбек
шығыны);
өндірістік
экономикалық
көрсеткіштермен
(кәсіпорындар мен объектілер торабы мен қуаты, инфрақұрылым
дамуының тиімділігі); қол жеткізілген
әлеуметтік нәтижелермен
(халықтың Әлеуметтік инфрақұрылым игіліктерімен және қызметтер
көрсетумен қамтамасыз етілуі, оның объектілері мен мекемелеріне
халықтың қол жеткізе алуы) сипатталады.
Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа
технологиялық
жетістіктер
мен
инновацияларды
енгізу,
IT-
технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының
ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы
қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші
экономикалары жоғары
деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған
жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі
заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен
мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа
кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін
дамыту мүмкіндіктерін көздейді. 2011 жылы қабылданған "Ғылым
туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы алдыңғы қатарлы ғылыми
жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Қазақстандық ғылымды экономика мен бизнестің мүддесі үшін
дамыту
"Ғылыми
және (немесе)
ғылыми-техникалық
қызмет
нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңында көрсетілген. 2015 жылы "Білім туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу,
дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу,
колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан
тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.
Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" ҚР-ның Заңында көрсетілген. Сол
арқылы жаңа білім беру стратегиялары мен ғылыми жетістіктерді іске
асыру үшін негіз жасалды. Бағдарлама
әлемдік жетекші трендтерді
ескере отырып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары негізінде әзірленді.
Бағдарлама педагогикалық және ғылыми қауымдастықта кеңінен
талқыланды. Жұмыс берушілердің, бизнес-қауымдастықтардың және
халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескерілді.
Қойылған басымдығы бар және осы басымдықты іске асыру
жөніндегі инструменттерді ескере отырып, мемлекеттік органдардың
106
мақсатты қызметтерін уақытылы орындау инфрақұрылымдық қызметтің
сапасының жоғарылауына және бағасының төмендеуіне бағытталған
министрліктер мен ведомстволардың стратегияларын
қалыптастыруға
және Қазақстан Республикасы ішкі, транзиттік және экспорт-импорттық
инфрақұрылым жүйесінде соңғы өнімдердің құнын құрайтын
инфрақұрылымдық үлестің төмендеуін ұсынатын әлемдік стандарттарға
сай және әлемнің едәуір дамыған елдерінің деңгейінде сапалы тауарлар
мен қызметтер алуда халық пен экономиканың талаптарын толық
көлемде қанағаттандыруға қабілетті оңтайлы инфрақұрылым құруға
мүмкіндік береді.
Атқарылған шаралар нәтижесінде халық өмірінің деңгейі мен
сапасын арттыру, бәсекелестікті кеңейту және Қазақстанның бәсекеге
қабілетті инфрақұрылымдық жүйесін оны
дамыту және әлемнің жаңа
инфрақұрылымдық жүйесімен шоғырландыру арқылы арттыруды
қамтамасыз ететін мультипликативті әлеуметтік-экономикалық әсермен
қамтамасыз етіледі.
Осы бағытты іске асыру Қазақстанның экономикалық жылдам өсуіне
және халық өмірінің сапасын арттыруына мүмкіндік береді, мемлекеттің
даму Стратегиясының басты мақсаты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: