96
Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі
алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына
байланысты ол
ARPANET
деп аталды.
ARPANET
желісі 1969 жылы
жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының
(түйіндерінің) қосылуына қарай кеңейтіліп, 80 жылдарда ірілендірілген
тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы
архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің
нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі
негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланып келе жатқан
TCP/IP
байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау
алған күні болып табылады.
Интернетте жұмыс істеу үшін:
компьютерді Дүниежүзілік желінің бір торабына физикалық түрде
қосу керек;
тұрақты немесе уақытша негізде IP-адрес алу керек;
өзіңіз жұмыс істейтін Интернет қызмет түрлерінің клиенттік
бағдарламаларын орнатып, олардың параметрлерін де тағайындап қою
қажет.
Модемді орнату.
Компьютерге қосылу тәсіліне байланысты
сыртқы
және
ішкі
модемдер болады. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың сыртқы
қабырғасындағы
тізбекті портқа
жалғанады. Ішкі модемдер компью-
тердегі аналық тақшаның бір тарақшасына қосылып тұрады.
Провайдер компьютеріне қосылу
. Кез келген адамға Интернетте
қызмет көрсету істерін жүзеге асыратын, яғни онымен тікелей қатынас
құру жұмыстарын атқаратын заңды тұлғаны (мекеме немесе жеке тұлға)
провайдер - provider
деп атайды. Интернетте жұмыс істеу үшін алдымен
провайдер компьютеріне қосылу керек. Ол үшін
Желімен алыстан
қатынасу
бағдарламасының
параметрлерін
алдын
ала
Менің
компьютерім - Желімен алыстан қатынасу - Жаңадан байланысу
коман-
далары арқылы тағайындап алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: