99
интернетпен мәлімет алмасу жылдамдығына;
ағымдағы Web- құжат мазмұнына;
жеке тұтынушының талаптарына және т.б.
Бағдарлама параметрлерін тағайындау Сервис-Свойства обозревателя
командасы арқылы жүзеге асады. Оның диалог терезесінде бірнеше ішкі
беттер бар және олардың әрқайсысында бірсыпыра батырмалар
орналасқан. Егер экранда бейнеленетін құжаттарды толық бақылап
отыру керек болса, онда Жалпы-Безендіру (Общие-Оформление)
батырмасын пайдаланған абзал. Ол арқылы броузерде берілген
форматтау параметрлерін тағайынау Қосылу (Подключения) ішкі беті
арқылы орындалады. Интернетте жұмыс істейтін бағдарламаны таңдау
Бағдарламалар ішкі беті арқылы орындалады.
Web-құжаттың ішінде вирус немесе басқа қаупі бар нәрселер болса,
олардан қорғану Қауіпсіздік (Безопасность) ішкі беті арқылы жүзеге
асырылса, мазмұнына байланысты көруге шек қойылатын мәліметтер
болған жағдайда Мазмұны (Содержание) ішкі беттерін пайдалану қажет.
World Wide Web құжатары ішінен информация іздеу. Іздеу жүйесі
осы жұмысқа арналған Web-торап болып табылады. Іздеу каталогтары
тақырыптар бойынша іздеуге арналған.
Іздеу каталогтары базасына кіретін мәліметтер құрылымын реттеуді
адамдар жүргізеді, ал іздеу индекстері үшін база жасау автоматты түрде
орындалады.Web-порталды «World Wide Web-ке кіретін терезе» деп
қарастыруға
болады.Тақырыптық
порталдар
іздеу
жұмысын
тақырыптарды жіктеу арқылы жүргізуді де ұсынуы мүмкін.
Internet Explorer бағдарламасында іздеу жұмысын іздеу жүйелеріне
кірмей- ақ орындауға болатын арнайы мүмкіндіктер бар. Бірақ іздеуге
тапсырма берген әрине ыңғайлы.Іздеудің тағы бір мүмкіндігі Microsoft
компаниясының минипорталын пайдалану болып табылады.Іздеу
индексі берілген түйінді сөздер бойынша іздеу ісін ұйымдастырады.
Қандай информация табу керектігін - Web парақты ма, белгілі бір
адамның адресін бе, мекеменің немесе компанияның Web-торабының
алғашқы бетін бе, бұрын іздеген мәлімет пе немесе географиялық карта
ма - осы жағын іздеу тәсілі анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: