Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
тұрақты есте сақтау құрылғысы 
(ТЕСҚ) және 
жедел 
сақтау құрылғысы (ЖСҚ)
. Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан 
ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған 
операциялық жүйе іске қосылады. Компьютерді сөндіргенде ТЕСҚ-дағы 
ақпараттар өшпейді. 
Тұрақты жады яғни тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM, Read Only 
Memory) - өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтауға пайдаланатын 
жады. Жадының мазмұнын арнайы қондырғыны жасаған кезде тұрақты 
сақтау үшін орнатылады. ТЕСҚ-нан тек оқуға болады. 
Оперативті жады (RAM, Random Access Memory) - бұл шағын 
көлемді, процессормен тікелей байланысқан, бағдарламалар мен 
мәліметтерді жазу, оқу және сақтау, ол бағдарламалары өңдеу үшін 
қолданылатын жылдам есте сақтау құрылғысы. Оперативті жады 
мәліметтер мен бағдарламаларды уақытша сақтау үшін пайдаланылады, 
машинаны өшірген кезде оперативті жадыдағының барлығы өшеді. 
Кэш немесе аса жоғары оперативтік жады - микропроцессор мен 
оперативті жады арасында мәліметтер алмасуда ақпаратты өңдейтін 
процессормен оперативтік жадының жылдамдық айырмашылығын 
реттеу үшін пайдаланылатын шағын көлемді, аса шапшаң есте сақтау 
құрылғысы. 
Кэш-жадыны орындалып жатқан бағдарламаға талдау жасай отырып, 
жақын уақытта процессорға қандай командалар мен мәліметтер 
қажеттігін алдын-ала болжап, қосуға әрекет ететін контроллер деп 
аталатын арнайы қондырғы басқарады. Бұндай жағдайда дәл түсу мен 
ауытқулар болуы мүмкін. Егер кэшке қажетті мәлімет берілген жағдайда 
оны жадыдан шығару тежелусіз орындалады. Егер кэшке қажетті ақпарат 
берілмей қалса, онда процессор оны тікелей оперативтік жадыдан оқиды. 
Дәл түсу мен ауытқулар сандарының қатынасы кэштеу тиімділігін 
анықтайды. 
Кэш-жады DRAM-мен (SDRAM) салыстырғанда шапшаң әрекет 
ететін, сыйымдылығы аз SRAM статикалық жады микросхемасында 
жүзеге асады. Қазіргі кездегі микропроцессорларда бірге орнатылған 
өлшемі 8, 16 немесе 32 Кбайттық бірінші деңгейлі кэш-жадылары бар. 
Сонымен қатар, компьютердің жүйелік платасына сыйымдылығы 256, 
512 Кбайт және одан жоғары екінші деңгейлі кэш-жадылар 
орналастырылған. 
Енгізу-шығару құрылғылары: 
енгізу құрылғысы арқылы өңделетін 
ақпараттар, бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал 
шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін 
тілде шығарылады. 
Енгізу құрылғыларына 
пернетақта, тышқан, 
джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады. 
Пернетақта - 
компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы 
әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген 


24 
ақпараттарды енгізуге болады. 
Тышқан - 
экран бетінде курсорды тезірек 
қозғалтуға арналған құрылғы. 
Шығару құрылғысына 
принтер, монитор және график тұрғызушылар 
жатады. 
Монитор 
- компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған 
құрылғы. 
Принтер - 
ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. 
Принтердің үш түрі болады: 
матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. 
Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни көбінесе диаметрі 3,5 
дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады. Компакт-
дискіні 
лазерлік дискі 
деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-
ROM қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы 
қондырғы - CDRITTER қолданылады

Компьютердің 
қосымша құрылғыларына
: модем, стриммер, сканер, 
плоттер және т.б. жатады. 
Стриммер - мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған 
құрылғы (компьютерлік магнитофон). Стриммерлер шағын магниттік 
таспалы касетаға үлкен көлемдегі ақпараттарды жазады. Стриммер 
қондырғысы ақпаратты жазған кезде автоматты түрде оның көлемін 
сығып тығыздайды да, оқыған кезде сақталған ақпаратты қалпына 
келтіріп көлемін ұлғайтады. Стриммерлердің кемшілігі ақпараттарды 
жазу, іздеу және оқу кезіндегі жылдамдығының салыстырмалы түрде 
төмендігі болып табылады. 
Плоттер (графопостроитель) - компьютердің басқаруымен графиктер, 
суреттер және диограммалар сызатын құрылғы. Плоттерлер күрделі 
конструкторлық сызбалар, архитекторлық жоспарлар, географиялық 
және метеорологиялық карталар іскерлік схемалар алу үшін 
пайдаланылады. Плоттерлер қаламұштың көмегімен бейнелерді сызады. 
Роликті плоттерлер қағазды қаламұштың астына орап алып келсе, 
планшетті плоттерлер қаламұшты горизонталь жатқан қағаздың бетінде 
жылжыта отырып сызады. Плоттерге де принтердегі сияқты арнайы 
бағдарлама драйвер қажет. Ол бағдарлама қаламұштың жоғары, төмен 
қозғалысын реттеп, берілген қалыңдықта сызық сызуды орындатады. 
Сканер - графикалық бейнелерді, құжаттарды компьютердің 
жадысына енгізетін құрылғы. Егер принтер компьютердегі ақпаратты 
қағазға шығарса, сканер керісінше қағаздағы құжаттарды компьютердің 
жадысына ауыстырады. Сканерлердің құжат бетінде қолмен жылжыта 
отырып істейтін және көшіретін машинаға ұқсас планшетті түрлері бар. 
Мәтінді сканер арқылы өткізгенде компьютер оны символдар тізбегі 
түрінде емес, сурет ретінде қабылдайды. Графикалық мәтінді кәдімгі 
символдық форматқа түрлендіру үшін образды оптикалық түрде танитын 
Бағдарламалар пайдаланылады. 
Модем - компьютердегі мәліметтерді алыс қашықтықтарға телефон 
желісінің байланысы арқылы тарату құрылғысы. Модем компьютердегі 
сандық сигналдарды дыбыс жиілігі диапазонындағы айнымалы токқа 
түрлендіруді қамтамасыз етеді - бұл процесс модуляция деп аталады, ал 


25 
оны кері түрлендіру демодуляция деп аталады. Осыдан қондырғы модем 
атауы шыққан. Байланыс орнату үшін бір модем телефон номері арқылы 
келесісін шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Сонан соң модемдер 
өздеріне тиімді байланыс режимінде бір-біріне сигналдар жібереді. 
Бұдан кейін таратушы модем модуляцияланған мәліметтерді келісілген 
жылдамдықпен (өлшемі бит/секунд) және келісілген форматта жібереді. 
Байланыстың екінші жағындағы модем қабылдап алған ақпаратты 
сандық түрге түрлендіреді және оны өзі қосылған компьютерге береді. 
Байланыс сеансын аяқтағаннан кейін модем ізбектен ажыратылады. 
Модемді басқару арнайы коммутациялық бағдарламалық қамтамасыз 
арқылы жүзеге асырылады. Модемдер конструктивті түрде сыртқы 
(шағын қорап) және ішкі (компьютерлік плата) құрылғылар түрінде 
жасалынады. Екі түрінің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері 
бар. 
Сыртқы модемдер компьютерге кабель арқылы жалғанады. Олар 
жұмысы орнықты, жағдайын көрсетіп тұратын индикаторлары бар. Бірақ 
сыртқы модемдер электр тогы көзіне жеке жалғанады, белгілі бір 
көлемдегі орын алады. 
Ішкі модемдер компьютердің ішінде жүйелік платаға орнатылады, 
қорек көзін компьютерден алады, олар сыртқы модемге қарағанда арзан. 
Бірақ помех ықплына сезімтал, модемнің жұмысын бақылап отратын 
мүмкіндігі жоқ. Модемдердің көпшілігі факстің функциясын атқара 
алады. 
Компьютердің пернетақтасы. ДК пернетақтасы немесе пернелігі бір 
тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Бұл күнде ІВМ 
компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандарты бар: 84 және 101 
пернелік (ЭЕМ шығаратын фирмалардың ерекшелігіне қарай бұдан аздап 
өзгешелік болуы ықтимал). Бірақ екі стандарттың да пернелерінің 
қызметі бірдей, тек олардың орналасауында және кейбір пернелерінің 
екі- екіден болуында ғана аздап айырма бар. 
Алфавиттік әрбір перне латынның немесе қазақтың (орыстың) бір 
әрпін енгізе алады. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы 
жолда тұр, сандар енгізуді оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы 
қайталанған. 
Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір 
операцияны орындалай алады. Мысалы, тек бір функционалдық пернені 
басу арқылы файлды (мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, бағдарлама 
мәтінін экранда көруге, қаталог ашуға, т.б. амалдар орындауға болады. 
Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған бағдарламаға 
байланысты болады. Ғ1 пернесі көбінесе компьютердің өзінен жылдам 
көмек сұрау үшін қолданылады. 
Көптеген қолданбалы бағдарламаларда теңбіл түсті ені бір немесе 
бірнеше сөзге тең болатын тіктөртбұрыш тәрізді белгі (кестелік курсор, 


26 
маркер, курсор, сілтеме) командалық менюдің жеке позициясын (орнын) 
анықтау үшін пайдаланылады. 
Командалық меню - жұмыс кезінде экранға шақырылатын, одан кейін 
орындалатын қолданбалы бағдарлама командаларының іс-әрекеттерінің 
және ішкі жүйелерінің тізімі. Тізімнің әрбір позициясын шақырып 
орындау кестелік курсорды соның атына қойып, Еnter пернесін басу 
арқылы жүзеге асырылады. Егер ол команданы орындағыңыз келмесе, 
Еsc пернесін басу қажет. Командалық менюдің кейбір позициясын 
шақыру кезінде экранға басқа меню шығуы мүмкін. Мұндай сатылы 
командалар иерархиялық (көп сатылы) деп аталады. 
Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната 
алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда, мүмкін 
болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәртіп компьютер іске 
қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы 
режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернеліктегі кішкене 
шам жанып белгі береді. 
Caps Lock пернесінің негізгі режимі - кіші әріптерді енгізу, 
қосалқысы - бас әріптер енгізу. Num Lock пернесінің негізгі режимі - 
қосымша цифрлық пернелердің курсорды басқару тәртібін орнату болса, 
қосалқысы - цифрларды теру тәртібін орнату. 
Ctrl, Alt, Shift пернелері тіркелу пернелері болып саналады да, басқа 
пернелермен бірге пайдаланылып, әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске 
асырады. Олардың атқаратын қызметтері әрбір бағдарламада өзгеріп 
отырады, 
сол 
себепті 
атқаратын 
жұмысын, 
бағдарламалар 
сипаттамаларынан білу керек. 
Ctrl, Alt пернелері басқа пернелер қызметін түрлендіру үшін 
пайдаланылады. Мысалы, Аlt және 0-9 цифрлық пернелер (оң жақтағы) 
компьютерге кез келген символды енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін Alt 
пернесін басып тұрып терілетін символға сәйкес кодты енгізіп барып, 
Аlt-ты босату керек. 
Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі 
комбинация бар: 
Сtrl+Аlt+Dеl - компьютерді өшіру немесе операциялық жүйені қайта 
жүктеу мақсатында қолданылады, яғни операциялық жүйе жұмысын 
жаңалау ісін атқарады. Көптеген компьютерлердің жүйелік блогында 
RESET батырмасы бар, соны басу арқылы да жоғарыдағы әрекетті 
орындауға болады. Бұл әрекет - "жылы күйде іске қосу" (горячий 
перезапуск) деп те аталады. 
Сtrl+Вrеаk - орындалып жатқан бағдарламаны кілт тоқтату немесе 
команда орындауды доғару, кейде бұл комбинация орнына Ctrl+С 
пернесін де басуға болады. 
Сtrl+S - орындалып жатқан әрекетті уақытша тоқтата тұру, мұның да 
орнына Рause пернесін басуға болады. 
Print Screen - экрандағы бейнені буферге көшіріп алу. 


27 
Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек Shift 
пернесінің тікелей атқаратын қызметі бар, ол - бас әріп енгізуді немесе 
жоғары регистр символын теруді іске асыру. 
Сонымен, перненің бетінде жазылған екі символдың жоғары жағында 
көрсетілгенін енгізу үшін Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді 
тұрақты күйде теру үшін Caps Lock пернесін қолданамыз. 
Еsс пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды 
жүзеге асырады. Таb - мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына 
өтуді орындайды. Кейбір бағдарламаларда оның атқаратын қызметі 
басқаша да болуы ықтимал: экрандағы келесі терезеге өту немесе 
менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с. 
Пернелікте бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы 
бағдарламасын орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер токқа 
жалғанғанда іске қосылып, тұрақты күйде жұмыс жасап отырады. Кейбір 
драйверлер алфавитті ауыстыру үшін Shift+Alt пернелерін қатар басуды 
талап етсе, кейбірі Shift+Сtrl пернелерін немесе одан да басқа 
комбинацияларды пайдалануды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет