124
Ал Еуроодақ, ресми мәліметтер бойынша 2050 жылға қарай парник
газының шығарылуын 80-95%-ға дейін қысқартпақ. Мәселен, 2013 жылы
бүкіл әлем бойынша энерготұтыну деңгейінің 21%-ы қайта қалпына
келтірілген энергия көздеріне тиесілі болса, 2030 жылға дейін
Еуроодақтағы аталған қуат көзі 27%-ға дейін өсетін болады.
Қолданысқа еніп келе жатқан геотермальды энергия мұнай мен газға
балама таңдау ретінде қарастырылады. Тіпті жер қыртысындағы
алынатын 1% ғана геотермальды энергияның өзі әлемдегі мұнай мен
газдан 500 есе асып түсетін энергия мөлшерін бере алады. Әйтсе де,
әзірге белгілі бір себептерге (әсіресе экономикалық себептерге)
байланысты бұл энергияның аздаған қоры ғана пайдаланылуы мүмкін.
Атап айта кетейік, геотермальды энергетика АҚШ-та, Филиппин мен
Индонезияда, Исландияда және Ресейде жақсы дамып келеді. Әлемдегі
ең ірі ГеоЖЭС
Хенгидль жанартауының маңында орналасқан.
Әлемнің ірі корпорациялары да қайта жаңғыртылған энергия
көздеріне көшіп жатыр. Мысалы, атақты Apple корпорациясының
кеңселеріне электр энергиясының 75%-ы осындай қайта жаңғыртылған
көздерден түседі. Анықтама үшін айта кетер болсақ, 2010 жылы бұл
көрсеткіш 35%-дың төңірегінде ғана болған еді.
Сонымен қатар GOOGLE компаниясы баламалы энергетиканы
дамытуға 1 млрд долларға жуық қаржы жұмсады. Ал осыдан бірнеше
апта бұрын ғана осы компания АҚШ-тың Айова штатындағы жел электр
стансасын 75 млн долларға инвестициялады. Қазірдің өзінде осы
Айовадағы ЖЭС-тің 20 турбинасы 15000 үй шаруашылығының
қажеттілігін қанағаттандыра алатын энергия күшін беріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: