Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Мультимедиалық қосымшаларды әзірлуге арналған



Pdf көрінісі
бет54/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
11.3 Мультимедиалық қосымшаларды әзірлуге арналған 
құралдар 
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді 
дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және 
бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын 
құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және 
дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия 
статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай 
дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің 
«multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни 
«ақпараттық орта» деген мағына береді.


116 
Білім берудегі мультимедия - таным процесінің жоғарылауына 
септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, 
дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия 
-
пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. 
Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген 
материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал 
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген 
материалдың 75%-ы есте сақталады.
Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік 
дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен 
сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық 
сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның 
айтылу үлгісі де қамтылады. Оқыту процесінде мультимедияны 
пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар:

ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері; 

оқытудың танымдық аспектілері.
 
Атап көрсетілген аспектілер мультимедиялық технологияларының 
оқыту процесіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі 17-суретте 
бейнеленген.
Сурет 17 - Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі 
ақпаратты- коммуникативті қызметі. 
Мультимедиа - оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі 
формаларын (график, қозғалыс, мәтін, дыбыс) қолдану «мультимедиа» 
идеясын туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды 
пайдалануды жүзеге асыруға болады. Мысалы, географияны, ағылшын 
тілін, не информатиканы оқыту да компьютер мұғалім рөлін атқарады. 
Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде 
қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді 
Ақпараттық Есептеу 
жүйелеріндегі 
интерфейстер 
кеңістігі
Педагогикалық 
іс-әрекет 
Коммуника- 
циялық кеңістік 
Ақпараттық 
ресурстар 
Оқытушы 
Мультимедия 
Студент
Қарым-қатынас 
құралдары 


117 
оларды біріктіріп, кешен (комплекс) жасап колдансақ, онда жұмысымыз 
өнімді де тиімді, нәтижелі болмақ.
Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін 
реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін 
қолданылуы мүмкін.
Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше 
жұмыс істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді. 
Барлық ұғымдар, түсініктер оқулықта беріледі. Плакатка жазылған 
ақпарат (формула, бұйрық және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. 
Транспаранттар мұғалімнің сабақ өту кезінде тікелей тақырыпқа қатысты 
қолданылады.
Оқу киносы ЭЕМ-де динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады.
Үлкен экранды теледидар ЭЕМ экранына қарағанда жаппай түсіндіру 
барысында көрнекі құрал орнын толтырады. Ал «мультимедиа» құралы 
бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп интеграциялай түседі.
Технологияның мультимедиасы - қолданушыға мәлiметтiң ұсынысы-
ның мүмкiндiгi (мәтiн, дыбыс видео, анимация, графика) әр түрлi 
формалардың өзара әрекеттесуi өздiгiнен тәртiп.
Мультимедиа технологияны арнайы аппаратты және бағдарламалық 
құралдарды құрайды. Мультимедиа - өнiмдер байланысты бiрнеше 
дәрежелерге бөлуге болады олар тұтынушылардың топтарына 
бағытталған Мультимедианың құралдың 90-шi жылдарымен дамып 
мiнсiздiкке жеттi, болып, сондай электрондық кiтап және газеттер, құрал, 
видеоконференция, жаңа үйренудiң жаңа технологиялары график түрiнде 
дизайн, дауыс және пошталар. Мультимедианың құралдарының 
қолдануы компьютер қосымшаларында болуы мүмкiн өңдеуде өрлеудiң 
арқасында болды және жаңа микропроцессорлар және мәлiметтi 
сақтаудың жүйелерiнiң өндiрiсi.
 
Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың 
дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі 
бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдіс-
терін талап етеді. Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру 
саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады.
Мультимедиялық 
құралдарды 
пайдаланатын 
оқыту 
барлық 
мәселелерді шешпегенімен, ХХІ ғасырда қолданылып жатқан 
(қолданылатын) оқыту құралдарының ішінде өзіндік маңызды орнын 
алары айқын. Зерттеулерге сүйенсек, мультимедиялық оқыту құралдары 
оқушыларды сабаққа ынталандырудың және оқытудың ең маңызды 
құралы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет