Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет6/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
АКТ пәнінің мақсаты қандай?
2.
АКТ анықтамасы?

3.
АКТ-ның негізгі құралдарын атаңыз.
4.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы
?
5.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияның (АКТ) дамуы 
мен кеңінен қолданылуы?
6.
Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі 
қандай бағыттар бойынша анықталуы мүмкін?
7.
Қоғам дамуының шешуші секторларында АКТ-ның ролі? 
8.
АКТ саласындағы стандарттау қандай ықпал жасайды? 
9.
Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар 
қолданылады. Оларға қосымша қандай терминдер мен олардың 
анықтамалары енгізілді? 
10.
Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарттары? 
 
 
 


14 
ТАҚЫРЫП 2. Компьютерлік жүйелерге кіріспе. Компьютерлік 
жүйелердің архитектурасы 
 
2.1 Компьютерлік жүйелердің эволюциясы. Компьютер 
жүйелеріне шолу 
2.2
 
 Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен 
компоненттері
2.3
 
 Компьютерлік жүйелерді қолдану 
2.4 Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі 
Бақылау сұрақтары 
 
2.1 
Компьютерлік 
жүйелердің 
эволюциясы. 
Компьютер 
жүйелеріне шолу 
Бірінші кезең
ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең 
бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты 
пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. 
Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға 
бағытталған. 
Екінші кезең
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына 
дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, 
фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген 
(механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар 
ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді. 
Үшінші кезең
ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- 
жылдарға 
дейінгі 
аралық). 
Ақпаратты 
өңдеудің 
акпараттаық 
технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, 
электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар 
жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге 
арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы 
программалы-техникалық 
кешендер, 
автоматтандырылған 
жұмыс 
орындары пайда болды. 
Төртінші кезең
(1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) 
дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық 
жабдықтамаларын, 
факсимальді 
байланыстарды, 
электрондық 
пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға 
бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдалану-
шылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың 
интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның 
негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу. 
Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы 
дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің 
сәйкес интерфейсін құруға бағытталған. 
Анықтамаға сәйкес компьютерлік (есептеу) жүйелерін төрт негізгі 
құрамға бөлуге болады. 


15 
1). Мақсат қойып соның нәтижесін алу. 
2). Аппараттық қамтамасыз ету. 
3). Мәліметтер файлымен жұмыс. 
4). Компьютерді бағдарламамен қамтамасыз ету. 
Компьютерлік жүйелер ұғымы келесі мәліметтерді өңдеу жүйелерін 
осы төрт комбинацияны - машиналар, мәліметер, бағдарламалар және 
адамды біріктіре қарастыру кезінде қолданады. 
Компьютерлік жүйелерді пайдалану. 
А). Жұмыс өнімділігі - компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі 
жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. 
Б). Мәліметтерді өңдеу - компьютерді пайдаланудағы екінші себеп 
мәліметерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы 
мол маман 250 сөз оқып шығатын болса, ЭЕМ болса 1000000 оқиды. Сол 
себепті де телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметерінде 
ЭЕМ кеңінен қолданылады. 
В). Дәлдік пен ұқыптылық - компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы 
үшінші себеп - олардың дәлдігі мен ұқыптылығы. Егер бағдарламалаушы 
машинаға нақты мәліметтер енггізсе нәтиже қатесіз дұрыс нәтиже береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет