Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Компьютерлік жүйелерді қолдану



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
2.3 Компьютерлік жүйелерді қолдану 
Компьютерлік жүйелерді қолдануда қазір компьютерлер түрлері сан 
алуан, оларды жұмысына қарай, қуаттылығына байланысты, элементтік 
базасының түрлеріне сәйкес топтарға жіктеу қалыптасқан. Кез келген 
жіктеу тәсілі шартты түрде ғана жасалады. Өйткені бүгінгі ДК кешегі 
үлкен ЭЕМ-дерден қуаттырақ болып келеді. Оның үстіне компьютерді 
бір нақты топқа жатқызу да қиын, себебі көптеген компьютерлер өз 
тапсырушының талабы бойынша жеке нұсқада жасалады. Әйтсе де 
техникада компьютерлерді жіктеудің қалыптасқан бірнеше тәсілдерін 
қарастырып қарастырайық. 
Атқаратын қызметіне қарай жіктеу 

үлкен электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ);

мини ЭЕМ; 

микро ЭЕМ; 

дербес компьютерлер. 
Үлкен ЭЕМ-дер (Main Frame) 
халық шаруашылығының ірілендірілген 
аймақтарында қолданылады. Олар 64-разрядты параллель жұмыс 
істейтін процессорлармен (100 процессорға дейін) жабдықталады, 
процессорлардың біріктірілген жылдамдығы секундына ондаған 
миллиард операцияларға дейін болады, бұларда көптеген тұтынушылар 
қатар жұмыс істей береді, Үлкен компьютерлер шығаруда IBM (АҚШ) 


19 
фирмасы алда келеді, олар шығарған супер ЭЕМ-дердің танымал болған 
модельдеріне мыналар жатады: IBM 360, IBM 370, IBM ES/9000, Cray 3, 
Cray 4, VAX-100, Hitachi, Fujitsu VP2000. 
Мини ЭЕМ-дер 
жоғарыда айтылған үлкен ЭЕМ-дерге ұқсайды, бірақ 
шағындау болады. Ірі ұйымдарда, ғылыми мекемелерде қолданылады. 
Көбінесе өндірістік процестерді басқару мақсатында пайдаланады. 
Микро ЭЕМ-дер 
Көптеген мекемелерде болады, бұлардың жұмыс 
істеуі үшін құрамында Бағдарламалаушы мамандары бар шағын 
лабораториялар жеткілікті. Керекті жүйелік бағдарламаларды микро 
ЭЕМ-мен бірге сатып алу қажет, ал қолданбалы прогаммаларды 
дайындауда есептеу орталықтарымен байланыс орнатылып, соларға 
тапсырма беріледі. 
Дербес компьютерлер 
соңғы кезде кең таралып кетті. Бұлар бір 
жұмыс орнында ғана пайдаланылады. Интернет жүйесінің қолданылуына 
байланысты ДК-лер көптеп шығарылып жатыр. Бұлар ғылымда, білім 
алуда, ойындарда жиі қолданылып келеді. Дербес компьтерлерді шартты 
түрде мамандандырылған және тұрмыстық деп екіге бөлуге болады, 
бірақ олардың бағасының түсуіне байланысты бұл екі топ араласып 
кетті. 1999 жылдан бастап дербес компьтерлерге халықаралық 
сертификациялық стандарт - РС99 спецификациясы енгізілді, осы 
стандарт бойынша дербес компьтерлер мынадай топтарға жіктеледі: 

көпшілікке арналған дербес компьтерлер \Consumer PC\; 

жұмыс бабында қолданылатын дербес компьютерлер \Office PC\;

алып жүруге ыңғайлы \портативті\ дербес компьютер \Mobile PC\;

жұмыс станциясы \WorkStation\; 

көңіл көтеруге арналған \развлекательный\ дербес компьютерлер 
\Entertaiment PC\. 
Мамандандырылу деңгейіне қарай жіктеу әмбебап (универсальные) 
компьютерлер; арнайы (специализированные) компьютерлер. 
Әмбебап компьютерлер негізінде кез келген бағытта - графикамен, 
мәтінмен, музыкамен, бейнелік құжаттармен, т.б. жұмыс істей алатын 
конфигурация жасауға болады. Ал белгілі бір жұмыс түрін орындауға 
бейімделген арнайы дербес компьтерлер нақты бір жұмысты жақсы 
атқара алады, мысалы, ұшақтағы немесе автомобильдегі басқару 
(борттық) компьютерлері. 
Графикалық мәліметтермен (кино, бейнефильмдер, жарнама) жұмыс 
істейтін мини ЭЕМ-дер графикалық станциялар деп аталады. 
Компьютерлерді бір желіге біріктіретін арнаулы компьютерлер файлдық 
серверлер деп аталса, интернет желісі бойынша информация тасымалдау 
ісін атқаратын компьютерлер желі серверлері деп аталады. 
Көлемдеріне қарай жіктеу: 

үстелге қойылатын (desktop) компьютерлер; 

алып жүруге ыңғайлы портативті (notebook) компьютерлер;

қалтаға салынатын (palmtop) компьютерлер. 


20 
Ең көп таралған топқа үстелге қойылатын компьютерлер жатады, 
олардың конфигуациясын (құрамы мен құрлымын) жеңіл өзгертуге 
болады. Портативті компьютерлердің байланысу мүмкіндіктері жоғары, 
олар жолда жүргенде пайдалануға ыңғайлы, ал қалтаға салынатын 
модельдерді ― интеллектуальды (зерделі) қойын кітапшалары тәрізді 
керекті жазбаларды сақтап қоюға, тауып алуға мүмкіндік береді. 
Дербес компьютерлердің (ДК) барлық құрылғылары екі топқа 
бөлінеді, олар: негізгі құрылғылар - бұларсыз компьютерлер жұмысы 
жүргізіле алмайды және қосалқы құрылғылар - бұлар компьютерлердің 
жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңітеді. 
Негізгі құрылғыларға (блоктарға) жүйелік блок, монитор және 
пернетақта жатады. Монитор экранда графикалық және мәтіндік 
ақпараттарды бейнелеп көрсету (шығару) үшін қажет. Пернетақта - 
мәліметтер мен командаларды машинаға енгізуге арналған негізгі 
құрылғы. Жүйелік блокқа барлық құрылғылар - монитор, пернетақта, 
тышқан, принтер, модем, және т.б. сымдар арқылы бір-бірімен тікелей 
қосылып тұрады. 
Жүйелік блокта мыналар орналасады: 

аналық тақшада мына элементтер орналасқан: микропроцессор, 
жедел жады, сыртқы құрылғылар (дыбыстық, бейнелік тақшалар, т.б. 
жалғанатын қосқыш тарақшалар); микропроцессор - арифметикалық-
логикалық амалдарды орындап, барлық құрылғыларды басқарып 
отырады; 

компьютер жады - ішкі (жедел немесе оперативті жады мен 
тұрақты жады) және сыртқы жады (дискіжетектер, винчестер, CD-ROM). 
IBM (International Business Machines) фирмасы - соңғы біраз жылдардан 
бері дербес компьютерлер шығарудан дүние жүзі бойынша алдыңғы 
қатарда келе жатқан АҚШ компаниясы. 
Микропроцессор - компьютердің ең маңызды элементі, өйткені ол 
Бағдарламалардың орындалу жылдамдығын анықтайды. Дербес 
компьютерлер пайда болғаннан бері бірнеше процессорлар буындары 
ауысты, оларды жұмыс өнімділігі бойынша мынадай тізбекпен көрсетуге 
болады: 8088, 286, 386, 486, Pentium, Pentium Pro және т.с.с.
Осы процессорлардың параметрлік көрсеткіштеріне, яғни сипаттама-
ларына мыналар жатады: 

разрядтылығы - компьютерлік информацияның 8, 16, 32 немесе 64 
бит болып қатар тасымалдануын анықтайтын оның "тактылық" ені; 

тактілік жиілігі - бір секундта процессор орындай алатын коман-
далар санының көрсеткіші (мегагерцпен - МГц өлшенеді). Әдетте 
процессордың тактылық жиілігі 1000 – 3000 МГц айналасында болады. 
Микропроцессор құрамы: 

арифметикалық-логикалық құрылғы - микропроцессор команда-
ларын орындауды іске асыратын ішкі операцияларды (микро-
операцияларды) атқарады; 


21 

басқару құрылғысы - бағдарламалық басқару принципі негізінде 
компьютердің барлық құрылғыларын басқарады; 

микропроцессорлық жады - микропроцессордың регистр деп 
аталатын бірсыпыра сандарды есте сақтай алатын ішкі жады.
Олардың бірнешеуі операцияның орындалуына қажет шамаларды - 
операндаларды сақтау үшін керек, осыларды жалпы мақсаттағы 
регистрлар деп атайды (RON). Командалар регистрі (RK) орындалуға 
дайындалған ағымдағы командаларды есте сақтау үшін қажет. 
Командалар санауышы регистрінде орындалып жатқан команда адресі 
сақталады. Бағдарлама орындалуы алдында оның бастапқы адресін 
командалар санауышына жазып қою керек. 
Дербес компьютердің жүйелік шиналары (сымдары) негізін құрайтын 
интерфейстік жүйе болып табылады, ол микропроцессорды компью-
тердің негізгі және сыртқы жадыларымен байланыстырып тұрады. 
Компьютердің негізгі жады: 

жұмыс істеп тұрған бағдарлама мен оған қажет мәліметтерді осы 
сәтте есте сақтап тұратын жедел (оперативті) жадынан; 

жұмыс істеуге тұрақты керек болатын компьютердің тұрақты 
жадынан тұрады. 
Бұл екеуінде де мәліметтер жеке ұяларда сақталады, олардың 
әрқайсысы-ның өзіндік адрестері (нөмірлері) болады. 
Компьютердің сыртқы жады орнынан алынбайтын мәлімет 
жинақтауыштан - қатты магниттік дискілерден (винчестерден) тұрады. 
Қатты дискілер компьютерде бағдарламалар мен мәліметтерді тұрақты 
түрде ұзақ уақыт сақтау үшін керек. Қазіргі кездегі көптеген 
Бағдарламаларды дискілерсіз орындау мүмкін емес. Көлемдері шағын 
алмалы-салмалы дискеттерге қарағанда, қатты дискілер орнынан 
алынбайды, сондықтан олар стационарлық дискілер деп те аталады. 
Қазіргі қатты дискілер көлемі 80-100 Гбайт аймағында болады. 
Көлеміне және жұмыс істеу сенімділігіне қарай оптикалық лазерлік 
дискілер кеңінен таралуда. Мәлімет жазылатын, әрі оқылатын оптикалық 
дискілерді компакт-дискілер деп атайды (Compact Disk - CD-диск). 
Олардың көлемі 700-750 Мбайтқа дейін жетеді, ал одан мәлімет оқылу 
жылдамдығы - 30-дан 300 миллисекундқа дейінгі аралықта болып отыр. 
Әрбір компьютерде алмалы-салмалы иілгіш магниттік дискідегі 
мәлімет жинақтауыштар бар. Олар үшін дискеттер (флоппи-дискілер) 
қолданылады, көлемі - 1,44 Мбайт. 
Микропроцессор жүйелік шиналар арқылы компьютер жадынан басқа 
да оның төмендегідей компоненттерімен байланысады: 

электр импульстарының үздіксіз тізбегін қалыптастыратын 
тактылық импульстар генераторымен қосылады, оның жиілігі 
машинаның тактылық жиілігін (жылдамдығын) анықтайды; 

ішкі электрондық сағат рөлін атқаратын өзіндік қоректену блогы 
(аккумуляторы) бар таймермен қосылады, ол машинаны өшіріп 


22 
қойғаннан кейін де жұмыс істей береді; 

желілік адаптер арқылы байланыс арналарымен қосылады. Желілік 
адаптер компьютерді басқа компьютерлердегі мәліметтермен қатынас 
жасата алатын жергілікті желіге қосу мүмкіндігін береді; 

арнайы қосқыш тарақша (разъем) арқылы пернетақта қосылады; 

бейнелік адаптер көмегімен монитор қосылады; 

принтер адаптері арқылы принтер қосылады; 

қоректену блогы қосылады. 
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары ретінде компьютерге 
жоғарыдағыдай түрде қосылатын әр түрлі перифериялық, шеткері 
құрылғылардың жұмыс кезінде атқаратын рөлі мен маңызы зор. Олар 
компьютерлердің пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтіп, техникалық 
сипаттамаларын да анықтайды. Шығарылатын перифериялық құрылғы-
лардың көп түрлілігі олардың ішінен компьютерлерді тиімді пайдалануға 
септігін тигізетіндерін таңдауға көмек береді. 
Компьютерлік жүйенің атқаратын қызметтеріне қарай перифериялық 
құрылғылар екіге бөлінеді. Бірінші топқа компьютердің өз жұмысын 
атқаруына өте керекті құрылғылар жатады. Оларды әдетте жүйелік 
перифериялық құрылғылар деп атайды. Бұл топқа бейнелік монитор, 
пернетақта, қатты диск мен иілгіш дискідегі мәлімет жинақтауыштар 
және баспа құрылғысы (принтер) жатады. 
Екінші топқа магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыштар, 
графикалық ақпаратты енгізу құрылғылары (дигитайзерлер), графикалық 
ақпаратты шығару құрылғылары (плоттерлер), модем, сканер, 
аудиотақша, тышқан немесе трекбол, коммуникациялық адаптерлер және 
т.с.с. жатады. Олар мамандандырылған компьютерлерге қосымша 
мүмкіндіктер береді. Бірақ олардың пайдаланылуы арнайы жұмыс түріне 
байланысты анықталады. Сол себепті бұл топтағы құрылғылар қосымша 
перифериялық құрылғылар деп аталады. 
Перифериялық құрылғылар компьютерге жүйелік блоктың сырт 
жағындағы арнайы тарақша ұялар (разъемдар) арқылы қосылады. Бұл 
топқа монитор мен пернетақтадан басқа мына құрылғылар жатады: 

принтер - мәтіндік және графикалық мәліметті баспаға шығару 
құрылғысы; 

тышқан - компьютерге мәлімет енгізуді жеңілдететін құрылғы; 

джойстик - жеңіл қозғалатын тұтқасы бар ұршық тәріздес қолтетік, 
негізінен компьютерлік ойындар үшін қолданылады, т.б. құрылғылар. 
Кейбір құрылғылар, мысалы, әр түрлі сканерлер (компьютерге сурет 
пен мәтін енгізуге арналған құрал), жүйелік блокқа байланысудың аралас 
тәсілдерін пайдаланады: жүйелік блокқа сканер жұмысын басқаратын 
электрондық тақша (контроллер) орнатылады да, ал құрылғының өзі сол 
тақшаға шоқсым - кабель арқылы қосылады. 
Қазіргі кезде жаңадан жасалған, бұрынғыдан гөрі жетілдірілген 
перифериялық құрылғылар шығарылып жатыр. 


23 
Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Компьютерде екі ішкі 
жад болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет