40
кодта жазылған бағдарлама. Алғашқы компьютерлердің операциялық
жүйесі болған жоқ, себебі басқару бағдарламалары тек компьютердің
нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға
стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай
жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай бағдарламаларын жазуға мүмкіндік
туғызды.
Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш
құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық
жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу бағдарламаларын ғана жазу.
Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS
немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам
машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты
сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады.
Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK
немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады;
сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген
операциялық жүйелер де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: