Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компоненттері



Pdf көрінісі
бет7/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72
 
2.2 Компьютерлік жүйелердің архитектурасы мен компоненттері 
Қазіргі уақытта компьютерлік жүйелердің әр түрлі архитектурасы 
болады. Бірақ олардың бәрінің де өз құрылымында қарастырылған эле-
менттері болу керек және олар міндетті түрде компьютерлік жүйелердің 
функцияларының негізгі қағидаттарын қолданады. Ол қағидаттарға келе-
сілерді жатқызуға болады: 
модульдік принципі, магистралдік, микропрог-
раммалық

Модульдік 
- модульдер негізінде компьютерлерді құрастыру әдісі. 
Модуль дегеніміз стандартты түрде жасалған конструктивті және функ-
ционалды түрде аяқталған электронды блок. 
Магистральдік
дегеніміз - бұл әр түрлі компьютерлік модульдердің 
біріктірілуі. Бұл жерде кіріс және шығыс модуль құрылғылары бір 
сыммен қосылады, осылардың жиынтығы 
шина
деп аталады. 
Компьютерлер магистралі бірнеше шина топтарынан құралады және 
олар функционалдық белгі бойынша ажыратылады - шина адресі
мәліметтер шинасы, басқару шинасы. 
Микропрограммалау
дегеніміз - жүйені программалық басқару прин-
ципін жүзеге асыру тәсілі. 
Қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері 
1.
Бағдарламалық басқару принципі компьютердегі есептеу процесс-
терін автоматтандыру істерін атқаруға негізделген. Бұған байланысты 
кез келген есепті шығару үшін соған сәйкес орындалатын компьютер 
командаларының 
тізбегін 
анықтайтын 
бағдарлама 
құрылады. 
Бағдарламалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте 
отырып бір бағдарламаны бірнеше рет қайталап пайдаланған сайын арта 


16 
түседі. 
2.
Бағдарламаны жедел жадта сақтау принципі бойынша бағдарлама 
командалары сандар секілді сақталып, сандар сияқты өңделеді. 
Бағдарламаның орындалуын жеделдету үшін ол алдын ала компьютер 
жедел жадына толық жүктелуі тиіс. 
3.
Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәттіппен алу 
(произвольный доступ к памяти) принципі бойынша бағдарламалар мән 
мәліметтер жедел жадының кез келген жеріне жазыла береді, кейіннен 
оны берілген адресімен басқа мәліметтерді қарамастан тауып алуға 
болады. 
Осы принциптер негізінде компьютер - оның жадына сандық кодтар 
түрінде жазылған алғашқы мәліметтер мен бағдарламаны енгізгеннен 
кейін есептеу процесін толық автоматты түрде өзі жүргізіп, нәтежиесін 
адамға түсінікті түрде бере алатын техникалық құрылғы болып 
табылады. 
Компьютерлік жүйенің ішінде жинақтауға, сақтауға, іздеу және 
текстілік немесе фактографиялық мәліметтерді өңдеуге бағытталған 
қолданбалы программалық ішкі жүйе бар. Компьютерлік жүйенің басым 
көпшілігі пайдаланушымен сұхбаттық режимде жұмыс жасайды. Жалпы 
жағдайда компьютерлік жүйенің құрамына кіретін типтік бағдарлама-
ларға кіретін компоненттер:

сұхбаттық енгізу-шығару;

сұхбат;

берілгендерді өңдеудің қолданбалы логикасы;

берілгендерді басқару логикасы;

файлдар мен қорды басқару амалдары.
Корпоративті компьютерлік жүйелер деп бағдарламалық қамтамасыз 
етуде орнатылған және құрылған мамандандырылған бағдарламаның 
жабдықтау мен есептеуіш аппараттық платформалар жиынтығын айтады. 
Корпоративті 
компьютерлік 
жүйеге 
әсер 
етуші 
факторларды 
қарастырайық. Соңғы уақытта барлық жетекшілер қазіргі заманғы 
талаптарға сай бизнестің нәтижелі басқарылуының қажетті құралы 
ретінде қарастырылатын корпоративті компьютерлік жүйелерді өндіріске 
орнатудың маңыздылығын түсіне бастады. Корпоративті компьютерлік 
жүйенің дамуына әсер ететін маңызды үш факторды қарастыруға 
болады:

өндірісті басқару әдістерінің дамуы;

компьютерлік жүйенің өнімділігі мен жалпы мүмкіндіктерінің 
дамуы;

техникалық және компьютерлік жүйенің бағдарламалық өткізу 
элементтеріне сәйкес дамуы.
Енді осы үш факторға жеке-жеке тоқталайық. 
Өндірісті басқару әдісі
- бұл әлемдік рынокте үнемі ауыспалы жағдайда болатын кең спектрмен 
қамтамасыз етілген. Барлық уақытта өсу деңгейінде болатын бәсеке 


17 
компания жетекшілеріне өзінің рыноктағы орнын сақтаудың жаңа 
әдестерін іздеуді және өз іс-әрекетінің тиімділігін қолдау керек. Бұндай 
әдістерге диверсификация, децентрализация, сапалы басқару және т.б. 
жатқызуға болады.
Қазіргі заманғы компьютерлік жүйе менеджмент тәжірибесінің және 
теориясының барлық жаңалықтарына жауап беру керек. Сөз жоқ, бұл өте 
манызды фактор, себебі функционалдылықты талап етуге жауап 
бермейтін қозғалмалы техникалық жүйенің қатынасын жасау 
компьютерлік жүйедегі прогресс, желілік технологияның және 
берілгендерді жіберу жүйесінің дамуы, компьютерлік техниканының кең 
мүмкіндікті интеграциясы әртүрлі жабдықтармен компьютерлік жүйенің 
өнімділігін және оның функционалдылығын үнемі өсіріп отыруға 
көмектеседі.
Кейінгі жылдары компьютерлік жүйе аппараты бөлігінің дамуымен 
параллель КЖ бағдарламаларын техникалық дамуының өте ынғайлы 
және әмбебап жаңа түрін іздестіруде. Кейінгі жылдары компьютерлік 
жүйенің дамуына өте зор ықпал ететін үш жаңалықты атап көрсетуімізге 
болады: 

Бағдарламалардың жаңа тәсілі 90-шы жылдың басында объектілі- 
бағыттаушы бағдарламалау модульдікті ығыстырып шығарды; қазіргі 
уақытқа дейін объектілік модельді құру әдісі үзіліссіз жалғасуда. 
Техникалық объектілі-бағыттауды көрсетуді орнатудың арқасында 
күрделі компьютерлік жүйе дамуы қарапайымданды.

Желілік технологияның дамуы арқасында локальды компьютерлік 
жүйе жаппай көпдеңгейлік және клиент-серверлікке ауыстырылуда.

Интернет желісінің дамуы шеткері бөліктермен жұмыс істеу 
мүмкіндігіне әкелді, бұл электронды коммерцияның кең көлемді 
дамуына жол ашты, Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет 
көрсетуге және т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.
Сонымен бірге, Интернет-технологиясын қолдану өндірістің 
интражелілік 
мүмкіндіктерінің 
артуына 
әкелді. 
Корпоративті 
компьютерлік жүйенің құрамындағы бір-біріне тәуелсіз екі құраушыны 
бөліп көрсетуімізге болады:

Ұйымның компьютерлік инфрақұрылымы. Ол телекоммуника-
циялық, компьютерлік программа және ұйымның инфрақұрылымы, 
желінің жалпылығын көрсетеді. Осы берілгендер негізінен корпоративті 
желі деп аталады.

Өзара байланысты функционалды ішкі жүйелер, олар ұйымның 
алдындағы мақсаттар мен міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Алғашқы құраушы кез келген компьютерлік жүйеде жүйелік-
техникалық, құрылымдық жағын көрсетеді. Бұл негізінен компьютерлік 
жүйенің қасиетін толық Бұл негізінен компьютерлік жүйенің қасиетін 
толық анықтайтын және оның тиімді эксплуатациялануына мүмкіндік 
беретін, функционалдық ішкі жүйелерді интеграциялауға мүмкіндік 


18 
береді. Екіншісі толығымен қолданбалы облысқы жатады және 
ӛндірістің тапсырмасы мен мақсатының өзгешелігіне толығымен тәуелді 
болады. Бұл құраушылар толығымен өндірістің компьютерлік 
инфрақұрылымын негіздейді және компьютерлік жүйенің қолданбалы 
қызметін анықтайды.
Екі осындай қасиеті бар компьютерлік жүйенің қарым-қатынасы өте 
күрделі, бір жағынан бұл екі құраушылар белгілі жағдайда тәуелсіз. 
Басқа жағынан, бұлар белгілі бір ойда бір-біріне бағынады. 
Функционалды ішкі жүйе компьютерлік инфрақұрылымсыз бар бола 
алмайды. Сонымен қатар компьютерлік ақпарат керекті тәуелділігі 
болмағандықтан өздігінен көп мөлшерде шектеулі.
Желілік инфрақұрылымы болмағандықтан бөлінген ақпараттық 
жүйені маңызды құрылымдар ретінде компьютерлік инфрақұрылымды 
құрастырудан бастаумыз керек. Корпоративті желі көптеген жылдардан 
бері алдынғы орында. Оны толық өңдеудегі шығын және орнатуы өте 
қымбат, яғни ол бар желіде іс жүзінде толық және бөліктеп өңдеуге 
жіберілмейді. Функционалды ішкі жүйе, компьютерлік желімен 
салыстырғанда өз арасында өзгермелі, яғни оның ұйымдық іс-әрекетінің 
заттық облысында әрқашан аз-маз өзгеріс болады, компьютерлік жүйенің 
функционалдығы ұйымның ұйымдық-басқарушылық құрылымына, оның 
функционал-дығына, құжат алмасу технологиясы және басқа көптеген 
факторларға тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет