Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
2.4 Деректердің компьютерлік жүйелерде бейнеленуі 
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгерту процесін 
кодтау
деп 
атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп 
атайды. Ақпаратты кері кодтау 
декодтау (декодирование)
процесімен 
тікелей байланысты. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну және өңдеу 
әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. 
Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау депте айтылады. Екілік алфавитті 
0 және 1 таңбаларымен ұсынылады.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электро-магнитті сәуле, 
физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп 
аталады. 
Сигнал
дегеніміз - оның көмегімен адам немесе құрылғы 
ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу 
дегеніміз - сигналдар жіберу. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті
жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың, 
ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын 
білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат 
көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік 
разрядқа немесе 1 битке тең болады. 
Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың 
ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы. 
1 байт = 8 бит 
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт 
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт


28 
Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра 
білуі керек, мысалы; 1- құрылғыда тоқ бар, ал 0 - жоғын, немесе 1- 
жоғары кернеу, 0 - төменгі кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес 
код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды 
бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын кодты байт 
деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 
256 символ кодталады.
Символдарды кодтау кобинациаларының жиынтығы 
кодтау кестесі
деп аталады. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код-ASCII 
коды - 
американдық ақпарат алмасудың стандарттық коды
.
 
Кодтау 
кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты 
және баламалы. Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0- ден 
127-ге дейінгі кодтар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен 
компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар. Баламалы 
бөліктегі-128-ден 255-ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) ондық, 
екілік, оналтылық санау жүйелерінің 1-кестеде берілген сәйкестендіру 
кестесі бойынша кодтауға болады.
Кесте 1. ASCII коды – американдық ақпарат алмасудың стандарттық 
коды 
Компьютерде сақталатын ақпараттардың барлық түрлері үшін 
деректер деген ұғым қолданылады. 
Ақпарат түрлері: 

Сандық (сандар). 

Текстік (әріптер, сөздер, символдар). 

Графикалық (суреттер, сызбалар). 

Дыбыстық (дыбыс, сөз,әуен). 

Бейнелік (мультфильмдер,бейнефильмдер). 
Мәтіндік ақпараттардың берілуі 


29 
Қазіргі компьютерлердің мониторы мәтіндік және графикалық - екі 
режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде әдетте экран әрбір 
қатарда 80 символ бойынша 25 қатарға бөлінеді. Экранның әрбір 
орынында арнайы құрылғы - белгігенераторымен Бағдарламаланған 256 
символдардың біреуі көрінуі мүмкін. Мәтіндік режимде экран мони-
торына мәтіндер және псевдографик символдарынан құралған 
қарапайым суреттер шығаруға болады. 
Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде әрбір символға оның 
коды 

нөлдер мен бірліктердің белгілі бір санынан тұратын тізбек сәйкес-
тендіріледі. Қазіргі кездегі ЭЕМ-нің көпшілігінде әрбір символға 8 нөл-
дер мен бірліктерден тұратын, 
байт 
(ағылшынша byte) деп аталатын 
тізбек сәйкес келеді. 8 нөлдер мен бірліктерден тұратын тізбектердің 256 
түрі бар. Олардың көмегімен әр түрлі 256 символды кодтауға болады, 
мысалы, орыс және латын алфавиттерінің үлкен, кіші әріптері, тыныс 
белгілері және т. б. Байттар мен символдардың сәйкестігі кесте арқылы 
беріледі, онда әрбір код үшін сәйкес символ көрсетіледі. 
Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады. Компью-
терге мәтіндік символды енгізген кезде, мысалы, "А" пернесін басқанда, 
оперативті жадқа екілік код 01000001 беріледі. Символды экранға 
шығарған кезде кері кодталу (декодталу) жүргізіледі, өйткені оның екілік 
кодынан алынған символды біз экранда көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет