. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
17
2.2. Компьютерлік жүйелердің компоненттері
Компьютерлік жүйелердің келесідей компоненттерін ажыратуға болады:
– ішкі аппараттық қамтамасыздандыру, оларға жабдықтар мен өндіріс технологиясының
жиынтығы жатады;
– ПҚ, оларға ОЖ, файлдық жүйе және командалар жүйесі жатады;
– сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру желілердің тысқары құрылғыларынан тұрады.
Дербес компьютердің негізгі элементтері:
1) жүйелік блок;
2) монитор (дисплей);
3) пернетақта;
4) тінтуір.
Ашық
архитектура қағидасы.
Дербес компьютер
(ДК) деп бір пайдаланушыға бағдарланған компьютерді айтамыз.
Дербес компьютерлер ашық архитектураның қағидасына негізделіп құрылады.
Ашық архитектураның қағидасы дегеніміз:
– компьютердің жұмыс жасау қағидасының конфигурациясы мен сипаттамасы бойынша
стандартталған және регламенттелген. Бұл жерде конфигурация деп аппараттық жабдықтар
мен олардың бірігу жиынтығын түсінуге болады. Әртүрлі тәуелсіз өндірушілер дайындаған
және өңдеген жеке бөлшектер мен жинақтардан компьютерді құрастыруға болады;
– компьютердің әртүрлі кірістіру және жаңғырту мүмкіндіктері арқылы арнайы ішкі
кірістіру ұяшықтарына түрлі құрылғыларды орнатып, яғни пайдаланушы өзінің таңдауы бой-
ынша өз компьютерінің конфигурациясын өзгерте алады.
Егер барлық әртүрлі құрылғыларда бірдей интерфейс болса, оларды бір-біріне қосуға
болады.
Интерфейс (ағылш.
interface:
inter – арасы және
face – бет) – бұл логикалық және физика-
лық параметрлері өзара сәйкес келетін екі құрылғыны қосу. Әдепкі интерфейс ретінде әдетте
халықаралық деңгейдегі интерфейс қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: