Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Төртінші буын (1980-1990 ж.)



Pdf көрінісі
бет9/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Төртінші буын (1980-1990 ж.). Төртінші буын компьютерлері микропроцессорларды
және Үлкен интегралды сұлбаларды пайдаланады. Үлкен интегралды сұлбалар – бұл бір кор-
пус ішінде жүздеген мың, миллион элементтерді біріктіретін микросұлбалар. Бұл буынға дер-
бес компьютерлерді жатқызуға болады. Олар 1976 жылдары Аррlе фирмасынан шыққан Аррlе
II және 1983 жылдары IBM корпорациясынан шыққан IBM РС компьютерлері. Енді компью-
тер тек «есептеп» қана қоймай, әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс жасауға арналған әмбебап
машинаға айналды. Компьютерлердің әмбебаптылығы, бағасының қолжетімділігі, тиімділігі
компьютерлерді бір желіге біріктіру мүмкіндігіне әкелді, ол бүтіндей компьютерлік жүйелерді
құрады.
Бесінші буын (1990-2000 ж.). Қазіргі уақытта суперкомпьютерлер үстемдік жасауда
– олар жоғары жылдамдықпен деректерді өңдейтін, ауқымды желілік серверлер болып табы-
латын қуатты компьютерлер, көппроцессорлы жүйелер. Дербес компьютер-лердің әр түрі:
үстелдік, жылжымалы, қалталық, әртүрлі техникалық жүйелерде басқару жүйесі ретінде пай-
даланылатын микропроцессорлы контроллерлер пайда болды. Бесінші буын компьютерлері
өту, жасанды интеллектіні (ЖИ) жасауға бағытталған, жаңа архитектураға өтуді жоспарлады.
Бесінші буын компьютерлерінің архитектурасы екі негізгі блоктан тұрады деп есептелінді.
Олардың бірі – «интеллектуалды интерфейс» деп аталатын пайдаланушымен байланыс жасай-
тын блок, компьютер. Интерфейстің міндеті – табиғи тілде жазылған мәтінді немесе сөзді
түсіну және осындай түрде берілген есептің шартын жұмыс жасайтын программаға айналдыру.
Қазіргі таңда «бесінші буын» термині анықталмаған болып табылады және көптеген мағы-
нада қолданылады, мысалы бұлтты есептеу жүйесін (ЕЖ) сипаттағанда. Есептеу техникасы-
ның (ЕТ) жаңа технологиялық мүмкіндіктері есептерді шешу ауқымын кеңейтіп, ЖИ-дің есеп-
теріне көшуі керек. ЖИ-ді жасау үшін қажетті құраушының бірі, ол ғылым мен техниканың
әртүрлі бағытындағы білім қоры. Деректер қорын (ДҚ) жасап, оны пайдалану үшін жоғары
жылдамдықты ЕЖ және үлкен көлемді жады керек. Әмбебап компьютерлер жоғары жылдам-
дықты есептеулер жүргізе алады, бірақ магниттік дискіде сақталған үлкен жазбадан тұратын
салыстыру және сұрыптау амалдарын жоғары жылдамдықпен жүргізе алмайды. Программаны
жасауға, толтыруға, ДҚ-на өзгертулер енгізіп жұмыс жасауға арналған, басқа программалау
тілдерімен салыстырғанда үлкен мүмкіндіктерге ие арнайы объектілі бағытталған және логи-
калық программалау тілдері пайда болды.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет