Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Екіншіден
, мәнді тінтуірмен енгізу кезінде жүйе пайдаланушыға тек дұрыс дерек енгізуге
рұқсат беруі мүмкін, дұрыс форматта болуының құндылығы осында. Бұл адамның қателесу
ықтималдығын төмендетеді. Сонымен, спиннерді пайдалану кез келген сандық мәндерді енгі-
зуде өзін ақтады десек болады.
Мәзір
– бұл пайдаланушы мен жүйе арасындағы әрекеттесу әдісі. Пайдаланушы жүйеге
өзінің командасын ұсынбай, керісінше оған ұсынған нұсқа арасынан таңдау жүргізеді. Сәй-
кесінше, бірнеше батырмадан тұратын сұхбат терезесі де (және ешбір енгізу өрісі болмаса да)
мәзір болып есептеледі.
Мәзірдің бірнеше жіктелуі кездеседі, бірақ негізгі қызығушылық тек олардың екеуінде
ғана болады. Бірінші жіктеу мәзірді екі типке бөледі:
– статикалық мәзір, яғни тұрақты түрде экранда орналасатын мәзір. Мәзірдің осындай
типіне мысал ретінде құрал-саймандар панелін жатқызсақ болады;
– динамикалық мәзір, қандай да бір элементті таңдау үшін пайдаланушы мәзірді шақы-
руы тиіс. Мысал ретінде қарапайым контекстік мәзірді жатқызамыз.
Кейбір жағдайда осы екі типтегі мәзір бір мәзірге бірігуі мүмкін: мысалы, мәзірге қаты-
науы бар батырмадан тұратын мәзір статикалық мәзір (пайдаланушылар батырманы басады)
түрінде де, динамикалық мәзір түрінде де жұмыс істей алады (пайдаланушылар мәзірді шақы-
рады).
Екінші жіктеу де мәзірді екі типке бөледі.
Кеңістікте ашылатын мәзір
. Пайдаланушы төменгі деңгейден элемент таңдаған сайын
жоғарыдағы элементтер көрінетін болып қала береді.
Уақыт бойынша ашылатын мәзір.
Мұндай мәзірді пайдалану барысында жоғары дең-
гейдегі элементтер белгілі бір себептерге байланысты экран бетінен жоғалады. Мысалы, мәзір-
мен сұхбат терезе осы мәзірді шақырған басқару элементінің орнын басуы мүмкін.
Бірінші жіктеудегі статикалық мәзір жұмыс жылдамдығының жоғары болуын қамта-
масыз етеді, пайдаланушыны жақсы оқытады, бірақ экранда орын алады. Ал динамикалық
мәзірде кері жағдай байқалады. Екінші жіктеудегі бірінші типке келер болсақ (яғни кеңістікте
ашылатын мәзір), пайдаланушының контекспен жұмыс жасауын қолдаса да, экран кеңістігінің
азаюына әкеледі. Екінші тип кеңістікті үнемді пайдаланады, бірақ кон-тексті нашар қолдайды.
Терезе
– бір уақытта орындалатын үдерістерді бөліп көрсететін, экранның белгіленген
облысы.
Қазіргі кезде терезелерді келесі типтер бойынша ажыратады:
– программалардың негізгі терезелері;
– құжаттар терезесі;
– режимді сұхбат терезелер;
– режимсіз сұхбат терезелер;
– палитралар;
– браузер терезелері (интернетте қолданылатын терезелер технологиясы ПҚ технологи-
яларға қарағанда өзгешелігі көп және бұл типтегі терезелер бөлек тұратын болып келеді).
Басқару элементтері орналасқан облыстардан басқа терезе элементтерінің қандай да бір
ортақ элементтері бар: ең бастысы терезенің тақырып жолы, статус жолы, құрал-сайман тақ-
тасы және айналу жолағы.
Тақырып жолы.
Мәтін және тақырып пиктограммасы ПҚ-да (олар үдерістердің ауысуын
басқарып отырады) және интернетте (навигацияны басқарады) үлкен рөл атқарады. Мәселе-
лердің ауысуы бір уақытта қарапайым немесе күрделі болады. Қарапайым болу себебі «Реле-
вантты тақырыптар бірінші кезекте шығады». Пайдаланушыға тек нақты программаның нақты


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
51
құжаты керек. Ал күрделі болу себебі Windows интерфейсінің қатал болуына сәйкес көп әре-
кет істелінбейді, программа атын үнемі қысқартып отырған дұрыс.
Тақырып жолын тәжірибелі аудиторияға (пайдаланушылар) керек функцияны шақыру
үшін пайдаланады, яғни тақырып жолындағы пиктограмманы басу кезінде ашылатын мәзірді
шақырады. Бұл жерде мәзір тәжірибелі пайдаланушылар үшін жалпы тағайындалудағы мәзірге
қарағанда бөлек болады. Әрине, тәжірибесіз пайдаланушылар үшін бұл мәзірді пайдалану
ықтималдығы азаяды (олар ондай мәзір барын білмей жүруі мүмкін).
Пайдаланушылар терезе тақырыбын сирек оқитыны ол пайдаланушыларға қажеті жоқ
дегенді білдірмейді. Керісінше, жақсы тақырып сұхбат жұмысын жеңіл түсінуге мүмкіндік
береді. Сондықтан экранда көрінетін және терезенің сәйкес тақырыбының болуы көп жағдайда
пайдалы болады. Өкініштісі, қарапайым Windows интерфейсінде оған арнайы орын жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет