. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
58
Осылайша, болмыстар атрибуттар деп аталатын сипаттамаларға ие. Атрибуттар өзіндік
ішкі құрылымына қарай қарапайым немесе күрделі болу мүмкін. Қарапайым атрибуттар қара-
пайым деректер типімен беріледі.
Байланынстың негізгі екі түріне мысал келтірейік:
1. Бірдің бірге 1:1 – бірінші кестенің бір атрибутына екінші кестенің тек бір атрибуты
сәйкес келеді.
Мысалы: Қазақстан азаматында тек бір жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) және сәй-
кесінше бір ЖСН-ға тек бір азамат тіркеле алады
2. Бірдің көпшілікке 1:М – бірінші кестенің бір атрибуты екінші кестенің бірнеше атри-
бутына сәйкес келеді.
Мысалы: бір студент тек бір топта оқи алады, бірақ бір топта бірнеше студент оқи алады.
Деректер сызбасы (ЕR-диаграмма – Еntitу-Rеlаtiоnshiр) ақпаратты өңдеу жылдамдығын
арттыруға және деректердің тұтастылығын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер сызбасын
құру барысында кестелердің бір-бірімен байланысуына мән берген жөн, егер бір-бірімен бай-
ланыспаған кестелер кездессе, құрылымды тағы да қарап шыққан дұрыс. Егер сізде 1:1 және
1:М байланыстарынан басқа байланыстар құрылса, бұл да құрылымның қате екендігін көрсе-
теді. Егер бір өріске бірнеше рет байланыс жіберілсе, сізге кестеңіздің құрылымын тағы қарап
шыққан жөн.
5.2-кестеде мысал ретінде ФАКУЛЬТЕТ деп аталатын ДҚ-ның құрылымы келтірілген.
5.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: