Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Статус жолы –
интерфейстің ең бағаланбайтын (оны интернетте қолдану амалы, стати-
стиканы төмендетеді) элементі. Статус жолы екі нәрсеге арналған: ол не өзіндік статус жолы
болады (яғни жүйенің ағымдағы күйін көрсетеді), не тәжірибелі пайдаланушылар үшін құрал-
сайман тақтасы бола алады. Осыны толығырақ қарастырайық.
Жүйенің ағымдағы күйін бейнелеу.
Іс жүзінде әрбір жүйенің не құжатқа тәуелді, не
уақыттың өзгеру қасиеті болады. Мысалы, көрнекі программаларда объектілердің қандай да
бір қасиеттері болады және барлық осы қасиеттер көрсетіле бермейді. Басқа мысал: жүйе ұзақ
уақыт бос емес болса, онда ол пайдаланушыға орындалу дәрежесінің индикаторын көрсетуі
тиіс. Ең қарапайым мысал: мәтіндік процессормен жұмыс істейтін пайдаланушы өзі құжаттың
қай бетінде екенін білуге құқылы.
Осының бәрін статус жолында шығару тиімді болып табылады.
Статус жолы орындалу дәрежесінің индикаторын шығаратын аймақ ретінде болуы мүм-
кін. Орындалу индикаторының шығаратын аймағы бойынша жүйе интерфейсінің сапасын аны-
қтауға болады деген заңдылық та бар. Егер индикатор статус жолында шығатын болса, онда
жүйе жақсы интерфейске ие, ал индикатор басқа аймақтан шығатын болса, онда нашар интер-
фейске ие дегенді білдіреді.
Тәжірибелі пайдаланушыларға арналған құрал-саймандар тақтасы.
Көбінесе жүйе
функционалдылыққа ие болады, бұл бір жағынан маңызды, ал екінші жағынан тәжірибесіз
пайдаланушыларға қиындықтар туғызады. Әдетте бұл функцияға қатысты емес, жүйенің
жұмыс режиміне қатысты. Мұндай жағдайларда күй жолы проблеманың дұрыс шешім болып
табылады. Бір жағынан режим ауыстырып-қосқышты енгізу өрісіне ұқсас етіп жасамау арқылы
оның ақаусыз ауысу ықтималдығын арттырамыз. Енді бір жағынан, егер пайдаланушы байқа-
май ауыстырғышты басып жіберсе, ол бірден өзгерісті байқауы мүмкін және кейін бастапқы
қалпына ауыса алады. Тағы бір жағынан, құрал-сайман тақтасы арқылы ауыстырудың жеңіл
жүргізілуі секілді, тәжірибелі пайдаланушы режимдер арасында ауысуды оңай жүргізе алады.
Айналдыру жолағы
– мазмұнын парақтауға арналған терезе элементі. Жұмыс істеу
қолайлығы жағынан аса сәтті емес интерфейс элементі. Скролды дөңгелекшесі бар тінтуірдің
пайда болуынан бастап айналдыру жолағына деген сұраныс төмендеді.
Айналдыру жолағын құрастыру кезінде келесі талаптарды ескеру қажет:
– сырғытпа өлшемі әрдайым парақталатын құжаттың жалпы көлемін көрсетуі тиіс;
– жолақтағы нұсқарлар біріккен болуы керек, яғни екі нұсқар жолақ бойында бір-бірі-
нен әртүрлі қашықтықта емес, жақын тұрулары тиіс. Бұл интерфейс логикалылығы мен оның
тиімділігіне қарсы келетін жағдайдың бірі. Егер парақтау кезінде ақау кетсе, онда біріккен
батырмалар, кейін қарай бағытталған курсордың нұсқарға қозғалысын азайтады;
– егер парақтау кезінде көрініс облысында динамикалық өзгерістер жасау мүмкін бол-
маса, онда пайдаланушыға қалқымалы сыбырда ағымдағы орнын көрсетуі тиіс. Курсор қозға-
лысы барысында ағымдағы орын туралы сыбыр өзгеріссіз тұруы қажеттігін ескеру керек;


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
52
– курсор қозғалысы кезінде кететін аздаған қателіктерді өңдеуді қамтамасыз ету қажет.
Пайдаланушы жылжытқышты курсор арқылы қозғалтып, өзі сол уақытта құжатқа қарап оты-
рғанда, курсор жолақтан ауытқып кетуі мүмкін. Мұндай кезде жүйе белгілі бір сәтке дейін
(30-70 пиксельге дейінгі) қозғалысты елемеуі тиіс.
Құрал-сайман тақтасы
– таңдау кезінде белгілі бір іс-әрекетті орындауды көздейтін
пиктограммалар жиынтығы.
Барлық тақталардың келесі артықшылықтары бар:
– олар пайдаланушыға керек функцияны тінтуір арқылы жылдам шақыруға мүмкіндік
береді;
– олар пайдаланушыға жады жұмысының аз істеуіне мүмкіндік береді;
– олар көзге көрінетін интерфейс байлығын арттырады;
– олар өзінің көрнектілігі арқылы жүйемен жұмыс істеп үйренуді үдетеді. Бірақ та олар-
дың кемшіліктері де бар: экранда көп орын алады, сондықтан қалаған нәрсенің бәрін орнату
мүмкін емес. Бұл проблеманы екі жолмен шешуге болады.
Біріншіден
, тақтаға тек жиі қолданатын командаларды қолданған дұрыс (пайдаланушы-
ның жеке талабына сай тақтаны баптау мүмкіндігі). Екіншіден, тақтаны пайдаланушының әре-
кеттер контекстіне тәуелді етіп жасауға болады. Екі тәсіл бір-біріне қарсылық туғызбайтынды-
қтан екі тәсілді де пайдалануға болады.
Құрал-сайман тақтасын функцияны шақырудың жалғыз тәсілі етіп жасамаған дұрыс.
Қазіргі кезде тақтаға еркін алынған басқару элементтерін орналастыруда техникалық
проблема туындамайды (тек қана бір шектеу бар, ол – орналасатын элементтер өлшемі), күр-
делі тақта құрастыруға кедергі болған бөгеттер ғайып болды. Мінекей, осындай мүмкіндік-
терді пайдалану керек, себебі бұл сұхбат терезелерін ашып жабуға кететін уақытты үнемдейді
және жүйемен өзара әрекеттесуде интегралды сапаны арттырады (пайдаланушыларға күрделі
тақталарды пайдаланған ұнайды).
Бейне (иконкалар).
Тікелей айла-шарғы жасау интерфейсінде пайдаланушыларға көрі-
нетін объектілерде тікелей іс-әрекет орындайды. Осындай объектілердің түрлеріне: батырма,
белгілер, мәзір немесе бейне (иконкалар) жатады.
Барлық иконкаларды олардың қаншалықты бойындағы функцияны нақты көрсетуіне
байланысты жіктеуге болады.
Ұқсастық иконкалар
– олар бейнелейтін объектілерге ұқсас иконкалар («кесу» опера-
циясын бейнелейтін қайшыға ұқсас иконка).
Үлгі бойынша иконкалар
объект типіне мысал болып табылады (мысалы, сурет салу құра-
лын ұсынатын сызықты көрсететін иконка).
Символикалық иконкалар
іс-әрекетті немесе күйді символикалық формада ұсыну үшін
пайдаланылады (мысалы, желілік байланыстың үзілгендігін көрсету үшін екі компьютер ара-
сындағы үзілген сызық).
Еркін иконкалар
– олардың берілуі бойынша ешқандай ақпарат болмайды, сондықтан
олардың тағайындалуы сипатталған болуы тиіс (мысалы, «соңғы команданы доғару» іс-әре-
кетін білдіру үшін кері дөңгелектелген нұсқар).
Курсорлар.
Курсор – кері байланыспен қамтамасыз етуге арналған тамаша құрал.
Мысалы, пайдаланушы курсорды терезе бұрышына апарғанда пайдаланушыға терезе форма-
сын үлкейту мүмкіндігі барын көрсететіндей курсор өзгереді.
Өкінішке орай, курсордың кері жағы да бар: пайдаланушылар әдемі емес пиктограмма-
ларға бейімделе алады, өйткені олар оған қарамаса да болады, ал әдемі емес курсорға пайда-
ланушылар бейімделе алмайды, себебі курсор экран бетінде болған кезде олар әрдайым оған
қарап отыруға тура келеді.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
53
Сондықтан курсорды пайдаланудың дұрыс жолы келесідей: эстетикалық жағымды еткіңіз
келсе, барлық кезде курсордың индикациялық көрінісін қолдану керек; ал қалған кезде курсор
жайлы ойламаса да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет