Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Компьютерлік жүйелерде деректердің берілуі



Pdf көрінісі
бет14/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

 
2.3. Компьютерлік жүйелерде деректердің берілуі
 
Cандардың берілуі
.
Ақпаратты компьютер жүйесі жадысында орналастыру (сандық және сандық емес) үшін
кодтау әдісі, екілік код пайдаланылады.
Электронды есептеу машинасы (ЭЕМ) жадысында ұяшық8 биттен (байт) тұрады. Әрбір
байттың өзіндік нөмірі бар, оны адрес дейді. Компьютерлік жүйелерде бір бүтін етіп өңдей
алатын, биттің ең үлкен тізбегін машиналық сөз деп атайды. Машиналық сөздің ұзындығы
процессор разрядтылығына байланысты, ол 16, 32 және т.б. биттерге тең болуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда сандарды компьютер жүйесі жадысында орналастыруда аралас
екілік-ондық «санау жүйесі» пайдаланылады. Әрбір ондық белгіні сақтау үшін жарты байт (4
бит) және 0-ден 9 аралығындағы ондық сандар сәйкесінше екілік сандармен 0000 мен 1001
аралығында беріледі. Мысалы, 18 таңбалы сандардан әрі қарай және жадыда 10 байт орын ала-
тын, олардың үлкені белгі болатын, бүтін сандарды сақтауға арналған ондық формат осындай
нұсқаны пайдаланады. ЭЕМ сандарды орналастырудың екі кескіні пайдаланылады:
– табиғи форма немесе бекітілген нүктелі форма;
– қалыпты форма немесе өзгермелі нүктелі форма.
Сандарды табиғи форматта жазу мысалы:
38500 – бүтін сан, 0,000584 – дұрыс бөлшек, 6,2340 – дұрыс емес бөлшек.
Қалыпты түрінде жүктелген шектеулерге тәуелді, мысалы, санның қалыпты форматының
жазбасы:
 
18340 = 1,834 ∙ 10
4
 = 0,1834 ∙ 10
5
 = 1834000 ∙10
-2
 және т.б
 
ЕТ-да сандардың шынайы форматында орналасуы тор разрядтылығының ұзындығына,
бөлшек және бүтін бөлігінің тұрақты бөлінуіне қатысты болады. Сондықтан сандардың бұлай
орналастырылуы бекітілген үтірлі деп аталады.
Сандардың қалыпты форматта берілуі жылжымалы үтірлі деп аталады. Жылжымалы
үтірлі форматта берілген сандармен көбінесе әмбебап компьютерлік жүйелер жұмыс жасайды,
ал арнайы компьютерлік жүйелер бекітілген үтірлі сандармен, бірақ көптеген машиналар сан-
дардың екі форматымен де жұмыс жасай береді.
Әдетте, компьютерлік жүйелерде сандарды беру үшін биттік жиынтықтар пайдаланы-
лады, ол белгіленген ұзындықтағы нөлдер мен бірлердің тізбегі. Тұрақты ұзындықтағы жиын-
дарды ұйымдастыру техникалық тұрғыда айнымалы ұзындықтағыны теруден оңай. Биттік
жиынтықтағы позиция разряд деп аталады.
Бүтін сандарды ұсыну.
Бүтін сандар компьютерде бекітілген үтірлі форматта сақталады. Сандарды компью-
терде бекітілген үтірлі форматта сақтау үшін машиналық сөз (операнд) белгі және сандар
өрісі
атты белгіленген екі өріске бөлінеді.
Бұл формат анағұрлым қарапайым, шынайы, бірақ сандарды беру аралығы үлкен емес,
сондықтан есептеуге оңтайлы емес. Сандарды кодтау қажеттігі компьютерлік жүйелерге адам-
ның қағазға бейнелейтіндей түрінде жаза салу мүмкіндігі жоқтығымен анықталады. Сандарды
оң және теріс түрде жалпыға ортақ форматта да беретін бірнеше келісімдер бар.
Сандарды алгебралық түрде, яғни сандарды олардың таңбасын ескеріп беру үшін ЕМ-де
арнайы кодтар пайдаланылады:
– санның тікелей коды;
– кері коды;


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
23
– қосымша коды.
Бұл үш әдіс те санның белгісін кодтау үшін биттік ұзындықжиынының сол жақ разрядын
пайдаланады: «қосу» белгісі нөлмен, ал «алу» белгісі бірмен кодталады. Санның абсолютті
ұзындығын беру үшін басқа разрядтар (сандық бөлігі деп аталатын) пайдаланылады.
Символдардың берілуі.
Символдарды кодтау үшін бір байт жеткілікті. Сондай-ақ 256 символ арқылы да ұсы-
нуға болады (0-ден бастап 255-ке дейінгі ондық кодтар арқылы). IBM РС дербес компью-
терлерінің символдар жиынтығы, әдетте ақпарат алмасудың америкалық кодтар стандарты
(ағылш. American Standart Code for Information Interchange, АSСII) кодының кеңейтілімі болып
табылады.
Кодты кестелердің мысалдары 2.2-2.6-суреттерде келтірілген.
КОИ – орыс тілі үшін кодтау және ақпарат алмасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет