. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
35
ОЖ-ның
қабықшасын пайдаланушы үшін
GUI (
ағылш. Grafical user interface – пайдала-
нушының графикалық интерфейсі) графикалық интерфейс – кез келген компьютерлік құры-
лғының дисплейінен пайдаланушы көре алатын интерфейс ең маңызды элемент болып табы-
лады. ОЖ-ның графикалық қабықшасы негізінде дербес компьютерлер пайда болды.
Компьютердің кез келген компоненті мен оларға мүмкіндік беретін: орталық процес-
сор, оперативті немесе сыртқы жады, сыртқы құрылғы, программа және т.б. ОЖ-ның ресурсы
болып табылады.
Компьютерді қосқан кезде ОЖ жүктелетіні белгілі. Ол пайдаланушыға ЕЖ-мен ыңғайлы
сұхбаттасу (интерфейс) тәсілін ұсынады. Бұл жерде интерфейс программалық және пайдала-
нушы интерфейсі болуы мүмкін.
Программалық интерфейс
– бұл ЕЖ-нің саласында құрылғы мен программаның өзара
әрекетін қамтамасыз ететін орталардың жиынтығы.
Пайдаланушы интерфейсі
– бұл программамен немесе компьютермен пайдаланушының
өзара әрекетінің программалықжәне аппараттық құралы. Өз кезегінде пайдаланушы интер-
фейсі
командалық немесе
объектіге бағдарланған болуы мүмкін.
Командалық интерфейс
компьютердің ресурстарын басқару бойынша әрекетті орындауда
пайдаланушы команданы
пернетақтадан енгізуін пайымдайды.
Объектіге бағдарланған интерфейс – бұл файлдарды, каталогтарды (бумаларды), диск-
жетектерді, программаларды, құжаттарды және т.б. беретін объектілерге орындайтын опера-
циялар арқылы ЕЖ-нің ресурстарын басқару.
Әрбір компьютер міндетті түрде әрқайсысына өзінің қолданбалы программалар (қосым-
шалар) жинағы құрылатын ОЖ-мен жасақталады. ОЖ-ның көбі қателерді жөндеу және жаңа
мүмкіндікті қосу бағытында түрлендіріледі және жетілдіріледі.
. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
36
Достарыңызбен бөлісу: