Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет20/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

3.2-сурет. Қосымшаны жүктеу әдістері
Дербес компьютерді қолданғанда ПҚ-ның қосымшасын Пуск мәзірінің немесе жұмыс
үстеліндегі иконканың көмегімен іске қосуға болады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
30
Қолданбалы ПҚ пайдаланушының нақты есебін (қосымшасын) құруға және орындауға
арналған. Қолданбалы ПҚ базалық ПҚ-ны басқаруымен, дербес жағдайда ОЖ-мен жұмыс
істейді. Олар ақпаратты өңдеу бойынша қандай да бір функциялар мен процедураларды ком-
пьютер қалай орындауын білу қажеттілігінен толық босата отырып, пайдаланушы мәселелерін
шешудіавтоматтандыратын қуатты құрал болып табылады.
Қолданбалы ПҚ-ның құрамына әртүрлі тағайындалудағы қолданбалы программалар
пакеттері мен пайдаланушының жұмыс программалары кіреді.
Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) – бұл белгілі кластардың есептерін шығару
үшін арналған программалар кешені.
Қолданбалы ПҚ келесі типтерімен ерекшеленеді:
– жалпы тағайындалуы;
– әдіске бағдарланған ПҚ;
– проблемаға бағдарланған ПҚ;
– ауқымды желі үшін ПҚ;
– есептеуіш үрдістерді ұйымдастыруға арналған ПҚ.
Жалпы тағайындалудағы программалық
қамтамасыздандыру.
Жалпы тағайындалудағы ПҚ – бұл ақпараттық жүйелердің және пайдаланушының функ-
ционалдық есептерін өңдеу мен пайдалануды автоматтандыруға арналған әмбебап программа-
лық өнім.
ҚПП-ның осы класына жататындар:
– мәтіндік және графикалық редакторлар;
– электрондық кестелер;
– ДҚБЖ (СУБД) деректер қорын басқару жүйесі;
– біріктірілген пакеттер;
– CASE-технологиялар;
– экспертті жүйелердің (ЭЖ) және ЖИ жүйелерінің қабықшасы.
Графикалық деректер мен суреттерді, құжаттарды, мәтіндерді құруға және өзгертуге
арналған ҚПП редакторы деп аталады. Редакторларды өзінің функционалдық мүмкіндіктеріне
қарай мәтіндік және гафикалық редакторларға және баспа жүйесіне бөлуге болады. Мәтіндік
редакторлар мәтіндік ақпараттарды өңдеу үшін пайдаланылады және негізінен келесі функци-
яларды орындайды:
– файлға мәтінді жазады;
– мәтіннің жолдары мен үзінділерін, символдарды ауыстырады, өшіреді, қояды;
– орфографияны тексереді, әртүрлі қаріптердегі мәтінді рәсімдейді;
– мәтінді тегістеу, мазмұнын дайындау, мәтінді беттерге бөлу;
– сөздер мен өрнектерді іздеу және алмастыру; мәтінге күрделі емес суреттерді қосу;
– мәтінді теру.
Ең көп тараған мәтіндік редакторлар: Microsoft Word, Word Perfect, ChiWriter, MultiEdit,
AmiPro, Lexicon.
Графикалық редакторлар графикалық құжаттарды, соның ішінде диаграммаларды,
суреттерді, сызбаларды, кестелерді өңдеуге арналған.
Ең көп тараған графикалық редакторлар: PaintBrush, Boieng Graf, Fanvision, CorelDRAW,
Adobe Photoshop, Adobe Illustrator.
Баспа жүйелері мәтіндік және графикалық редакторларды қамтиды, графикалық
деректер мен жолақтарды қалыптастыру бойынша және әрі қарай баспаға шығару мүмкіндік-
теріне ие болады. Бұл жүйелер баспа жұмыстарында пайдалануға бағдарланған және оны бет-
теудің жүйесі деп атайды. Adobe PageMaker және Ventura Publisher программаларын осындай
жүйелерге мысал ретінде қарастыруға болады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
31
Кестедегі сандық деректерді өңдеуге арналған программа электрондық кесте деп аталады.
Кестедегі деректер жол мен бағанның қиылысуындағы ұяшықта сақталады. Ұяшықта сандар,
символдық деректер мен формулалар сақталынуы мүмкін. Формулалар бір ұяшықтың мәнінің
басқа ұяшықтың мәніне байланыстылығын береді. MSExcel кестесін ең көп тараған электрон-
дық кесте ретінде есептеуге болады.
ДҚ-мен жұмыс істеу үшін арнайы ПҚ – ДҚБЖ қолданылады. ДҚ – дискіде сақталынатын
арнайы түрде ұйымдастырылған деректер жинағының жиынтығы. ДҚ-ны басқару деректерді
енгізуді, оларды түзетуді және деректермен айла-шарғы жасауды, яғни қосуды, өшіруді, алуды,
жаңартуды және басқа да операцияларды қамтиды.
Деректерді ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты желілік, иерархиялық, үлестірілген
және реляциялық ДҚБЖ болып ерекшеленеді. Ең көп тараған ДҚБЖ: MicrosoftAccess,
MicrosoftFoxPro, MSSQLServer, BorlandParadox, MySQL, сонымен қатар Oracle, Informix,
Ingress, Sybase, Progress және т.б.
Жалпы тағайындалудағы қолданбалы программалардың әртүрлі программалар компо-
ненттерін өзіне біріктіретін ПҚ біріктірілген пакеттер деп айтылады. Әдетте, олар мәтіндік
редакторды, электрондық кестені, графикалық редакторды, ДҚБЖ-ны, бірнеше басқа про-
граммаларды және коммуникациялық модульді қамтиды.
Ең көп тараған біріктірілген пакеттер: MSOffice, Framework, Startnave.
CASE-технология, әдетте жүйелі талдаушылар, жобалаушылар және программистер
сияқты әртүрлі мамандар қатысатын жобаны ұжымдық жүзеге асыруды талап ететін күрделі
ақпараттық жүйелерді құруда қолданылады.
CASE-технология ақпараттық жүйені жобалаудан өзінің программалау мен ретке кел-
тіруден бөліп алуға мүмкіндік береді, бұл жерде жүйені құрушылар нақтылаудан тыс кетпей
ең жоғарғы деңгейде жобалаумен айналысады.
CASE-технологияны қолдану ақпараттық жүйелерді құру мен жобалау саласының шегі-
нен шығатын уақытта кездесіп отырады. Бұл компанияның ұйымдастырушы және басқарушы
құрылымының модельдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді және жоспарлау, қаржылан-
дыру, оқыту сияқты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Заманауи CASE-технологиялар әртүрлі кластардың – банктер, қаржы корпорациялар,
ірі фирмалар үшін ақпараттық жүйелерді құруда ойдағыдай қолданылады. Нарықтағы CASE-
технологияның ішінен ADW, BPwin, CDEZTods, ClearCASE, Composer программалық өнім-
дерін ерекше айтуға болады.
ЭЖ – бұл кәсіби сарапшылар деңгейінде жоғары мамандандырылған аумақта пайдала-
нушы шешімді дайындаудағы білімді өңдеу жүйесі.
ЭЖ жағдайды болжау, фирма жағдайына диагностика жүргізу, мақсаттық жоспар-
лау, жұмыс істеу үрдісін басқару үшін пайдаланылады. Ол логикаға және мамандардың
тәжірибесіне негізделген «егер … болса, не болады» түріндегі мәселелерді шешу үрдістерін
компьютерлендіру салдарынан туындады. Бұл жерде негізгі идея мәселені қалай шешуді
ұсыныс жасайтын қатаң қалыптастырылған алгоритмдерден пәндік саладағы мамандармен
жинақталған білім қорында қандай мәселені шешу қажеттілігі көрсетілген логикалық про-
граммалауға көшу болып табылады.
Экономикада қолданылатын Expert-Ease жүйесін ЭЖ-нің қабықшасына мысал ретінде
қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет