Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік жүйелер дегеніміз не?
2. Компьютерлік жүйелердің даму тарихы.
3. Компьютерлік жүйелердің буындарын атаңыз.
4. Компьютерлік жүйелердің компоненттері.
5. Дербес компьютердің негізгі элементтері.
6. Ашық архитектураның қағидасы.
7. Қазіргі заманғы ДК құрылымын атаңыз.
8. Ішкі аппараттық қамтамасыздандыру.
9. Сыртқы аппараттық қамтамасыздандыру және перифериялық құрылғылары.
10. Компьютерлік жүйелерде деректердің берілуі.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
28
 
3-тарау
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
 
 
3.1. Программалық қамтамасыздандырудың түрлері
 
ПҚ – бұл компьютерде ақпаратты автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік беретін програм-
малар жиынтығы. ПҚ компьютерде орындауға көмектесе алатын есептерді анықтайды. Кейбір
ПҚ құжаттарды құруға, ал кейбіреулері вирустарды бұғаттауға көмектеседі немесе компьютер
өнімділігін баптайды. ПҚ жүйелік ПҚ және қолданбалы ПҚ болып бөлінеді.
Жүйелік
ПҚ компьютерге бағытталған есептерге арналған, ал қолданбалы ПҚ адамдарға
нақты есептердің жетістігіне жетуге көмектесу үшін құрылған. Қолданбалы ПҚ-ны олардың
сәйкес қолдануымен ішкі категорияларға бөлуге болады. Жүйелік ПҚ ОЖ-ны, утилиттерді
және құрылғылардың драйверлерін қамтиды. Жүйелік қамтамасыздандыру мен қолданбалы
қамтамасыздандырудың ішкі категориялары 3.1-суретте көрсетілген.
3.1-сурет. Программалық қамтамасыздандырудың категорияларға жіктелуі
Қолданбалы программалық
қамтамасыздандыру.
Неге ПҚ деп аталады? Сіз қосымша сөзін естігенде жұмысқа орналасуға, клубқа мүше
болуға немесе жүргізуші құжатын алуға толтырылатын өтініш формасы немесе қаржылай
көмекке тапсырысты елестетуіңіз мүмкін. Бірақ «қолданбалы» басқа мағынаны береді. «Пай-
далану
» сөзі синонимдерінің бірі болып табылады. Құжаттарды құру, есептеу, конструкция-
ларды салу және видеоларды редакциялау сияқты компьютерде көптеген қолданулар жиыны
кездеседі. Әрбір пайдалану қосымша деп есептеледі және әрбір пайдалану үшін компьютерді
нұсқаулармен қамтамасыз ететін ПҚ программалық қосымша немесе қосымша деп аталады.
Жеке қолдануға немесе бизнесте қолдануға арналған ПҚ-ның мыңдаған тиімді қосымшалары
кездеседі.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
29
Өндіргіш
ПҚ деген не? Қолданбалы ПҚ-ның кейбір түрлерін өндіргіш қамтамасыздан-
дыру деп атайды. Осы терминнің көптеген анықтамалары бар. Әйтсе де өндіргіш ПҚ жалпы
алғанда адамдарға өз жұмыстарын нәтижелі, тиімді орындауға көмектесетін, мүмкіндігі бар
қолданбалы ПҚ-ның кез келген типі ретінде анықталуы мүмкін.
Термин мәтіндерді машинкада теру, базалық бухгалтерияны беру сияқты кеңсе міндет-
терінің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарда пайдаланатын программалық орта-
ларға сілтеме ретінде пайда болуы мүмкін. Көбінесе өндіруші ПҚ-мен байланысты қосымша
мәтіндік процессорды, электрондық кестелерді, жоспарлаушылар мен деректер қорын басқару
жүйесін (ДҚБЖ) қамтиды.
Графикалық программалар, презентация үшін ПҚ, сонымен қатар үстелге қойылатын
баспа жүйесінің ПҚ кейде қосымшалар өнімділігі ретінде жіктеледі.
Бірлескен жұмыстың ПҚ деген не? Бірлескен жұмыстың ПҚ-сы деп аталатын қолданбалы
ПҚ-ның басқа типі интернет қосылыстарды немесе жергілікті желілерді қолданып бір жобада
бірлесіп жұмыс істеуге адамдарға көмектесу мақсатында құрылды. Бірлескен жұмыстың ПҚ-
сы негізінен топ үшін кездесу уақытын автоматты түрде таңдай отырып, топ мүшелеріне
арналған кестені қолдау мүмкіндігімен, электронды поштамен немесе басқа каналдармен
қатынасуды жеңілдетумен, алдын ала дайындалған кестеге немесе тізбекке сәйкес құжаттарды
таратумен, адам-дардың бірыңғай құжатқа өз үлестерін қосуға қамтамасыз етеді. Қосым-
шаны жүктеу әдістері компьютеріңіздің ОЖ-сына тікелей байланысты, бірақ көбінесе дербес
компьютерлерде 3.2-суретте көрсетілгендей жұмыс үстеліндегі белгіге тінтуірді екі рет басу
арқылы немесе мәзірден қосымшаны таңдау арқылы орындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет