Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

2.9-сурет. Дыбыстық ақпаратты ойнату үрдісі
Аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦТ) – дыбыстық тақташа, дыбысты енгізген кезде
дыбыстық жиіліктегі электронды тербелістерді сандық екілік кодқа түрлендіретін, компью-
терге қосылатын арнайы құрылғы.
Цифрлық-аналогты түрлендіргіш (ЦАТ) дыбысты ойнатқан кезде кері түрлендіруге
арналған дыбыстық тақташа (сандық кодтан электронды тербеліске).
АЦТ дыбысты жазу үрдісі барысында нақты бір период сайын электрлік ток амплитуда-
сын өлшейді және регистрге алынған мәннің екілік кодын орналастырады.
Содан соң алынған код регистрден оперативті жадыға көшіріледі.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
27
Алынған сатылы сигнал тегістеледі және күшейткіш пен динамиканы қолдану арқылы
дыбысқа түрлендіріледі.
Компьютерлік дыбыс сапасы дыбыстық тақташаның сипаттамалары арқылы анықталады:
дискретизация жиілігі мен кеңейтілімі (амплитуда мәнін жазуға бөлінген ұяшық көлемі).
Дискретизация жиілігі – 1 секунд ішіндегі кіріс сигналдары өлшемдерінің саны. Жиілік-
тің өлшем бірлігі – герц (Гц). Бір секунд ішіндегі бір өлшем 1 Гц-қа сәйкес келеді.
1 секунд ішіндегі 1000 өлшем – 1 килогерц (кГц). АЦТ дискретизациясына тән жиіліктер:
11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц және т.б.
Сондай-ақ егер де музыка жазудың басқа да форматтары туралы айтатын болсақ, онда
1983 жылы MIDI (ағылш. Musical Instrument Digital Interface – Музыкалық аспаптардың цифр-
лық интерфейсі) стандарты жасап шығарылған болатын. Ол орындаудың биіктігі, ұзақтығы,
жалпы темпін білдіретін кодтар жүйесін анықтайды. MIDI-редакторы музыкантқа үйреншікті
секілді, музыкамен қарапайым нота секілді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның артықшы-
лықтары: өте шағын жазба, құрылғыларды ауыстыру жеңілдігі, шынайы ноталардың әуен темпі
мен тонын өзгерте алу мүмкіндігі. Ал кемшілігі мұндай кодтау жүйесі тек инструменталды
музыкалар дыбысын жазуға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар музыканы жоғары сапамен
және сығудың үлкен деңгейімен кодтайтын МР3 форматы да бар. Онда бір өлең жуық шама-
мен 3,5-8 Mb орын алады. Артықшылығы пайдаланушылар интернет желісінде 200-ден астам
музыкалық композициялармен ауысу мүмкіндігіне ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет