Байланысты: А паратты -коммуникациялы технологиялар
4.2. Адам-компьютер өзара әрекеттесуінің негіздері «Адам-компьютер өзара әрекеттесуі» термині пәннің жалпы анықтамасын береді, бірақ
тақырыптың әмбебап пәндік сипатта-масын және шынайы күрделілігін бермейді. Тақырыптың
көпқырлылығы бес анықтама беруге мүмкіндік жасайды, олардың әрқайсысы адам-компьютер
өзара әрекеттесуінің бір аспектісі болады. Бұл анықтамалар зерттеудің әртүрлі облысын бей-
нелейді.
Программалық қамтамасыздандырумен аппараттық құралдарды зерттеу. Компьютерлік интерфейстің аппараттық қамтамасыздандыруына пернетақта, тінтуір,
жүйелік блок, монитор жатады. ПҚ пайдаланушыға көруге, естуге, белгілеуге, компьютер экра-
нында қозғауға көмектесетін, сонымен қатар пайдаланушы жұмыс істейтін барлық ақпарат-
тарды қамтиды, адам-компьютер өзара әрекеттесуі тек қана қазіргі кезде бар әрекеттесуді туды-
рушы, енгізу-шығару технологиясын зерттеп қоймай, сонымен қатар өзара әрекеттесуге әсер
ететін дыбыстарды тану сияқты жаңа технологияларды да зерттейді. Мұндай зерттеулердің
мақсаты – жаңа технологияларды әзірлеп және олардың ең жақсыcын пайдалануға ұсыну.
Сәйкестік модельдерін зерттеу. АКӨӘ пайдаланушы ретінде компьютерлік жүйелермен өзара әрекеттесуін зерттейді.
Компьютерлік жүйелердің модельдері пайдаланушы міндеттеріне сәйкес келуі керек. Сәйкест-
ікке қол жеткізу пайдаланушы міндеті мен жүйе мүмкіндіктерін түсінуді талап етеді. Адам-
компьютер өзара әрекеттесуі кезінде пайдаланушы іс-әрекетін сипаттау мен болжауға бағыт-
талған зерттеу орталығында жүйемен жұмыс жасау үшін және пайдаланушы ретінде өз білім-
дерін қолдануда пайдаланушылардың білімдері қажетті.
АКӨӘ мәселеге сүйене отырып пайдаланушы білетін және көрсете алатын білімін
модельдеу үшін әдістерді дайындаумен айналысады. Оның мақсаты – жүйелердің міндеттері
мен пайдаланушы моделіне сүйене отырып, жобалаушыларға жүйені қолдануға керекті көп-
теген пайдалы жағдайларды қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Мәселелерді зерттеу. Бұл жерде мәселелердің табиғаты, оның сипаттамалары мен пайдаланушылардың ақпа-
раттық қажеттіліктері зерттеледі.
АКӨӘ мақсаты мәселелерді зерттеу мен оларды орындау әдістерін дайындау және пай-
даланушылардың өз тараптарынан шамадан тыс күш талап етпейтін, мұқтаж болған ақпарат-
тық қажеттіліктерін қамтамасыз ету сияқты мәселелерден тұрады.
Программалық құралдардың пайдаланушы интерфейстерін дайындау саласындағы про-
блемаларын, негізгі идеяларын, интерфейс стандарттары мен принциптерін, ПҚ интерфейсінің
сапасын бағалау әдістемесін білу адам-компьютер өзара әрекеттесуінің мақсаты болып табы-
лады. Онымен эргономика, функциономика, юзабилити, интерфейс, пайдаланушы ұғымдары
тығыз байланысты.
. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
43