Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет26/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

Бақылау сұрақтары:
1. Программалық қамтамасыздандыруды қалай түсінесіз?
2. Программалық қамтамасыздандыру қаншаға бөлінеді?
3. Неге жүйелік программалық қамтамасыздандыру деп аталады?
4. Неге қолданбалы программалық қамтамасыздандыру деп аталады?
5. Жүйелі программалық қамтамасыздандыру мен қолданбалы программалық қамтама-
сыздандырудың айырмашылықтары.
6. Қолданбалы программалар пакетін қалай түсінесіз?
7. Қолданбалы программалар қамтамасыздандырудың қандай типтерімен ерекшеленеді?
8. Жалпы міндеттегі программалық қамтамасыздандыруға анықтама беріңіз.
9. Қолданбалы программалар пакетінің класына жататындар.
10. ДҚБЖ-ны қалай түсінесіз?
11. CASE-технологияның міндеті.
12. Эксперттік жүйеге анықтама беріңіз.
13. Операциялық жүйеге анықтама беріңіз.
14. Операциялық жүйелердің жіктелуі.
15. Операциялық жүйелердің негізгі түрлері.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
40
 
4-тарау
АДАМ-КОМПЬЮТЕР ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
 
 
4.1. Адам-компьютер өзара әрекеттестігіне кіріспе
 
Машиналармен өзара әрекеттесу саласында адамның мүмкіндіктерімен шектеулерін
жүйелі түрде пайдалану өткен жүз жылдықтың басында қол еңбегін қолданатын фабрика-
ларда басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жауласушы жақтар анағұрлым тиімді қару-
ларды өндіруге тырысқандықтан соғыс өзара әрекеттесуді зерттеуге жақсы серпін берді. Бұл
осы саланы зерттеушілер санының өсуіне алып келді және 1949 жылы Эргономиканы зерттеу
қоғамы қалыптасты.
Әдетте, эргономика машиналар мен жүйелердің физикалық сипаттамаларын зерттеумен
және олардың пайдаланушы жұмыстарына әсер ету қызметімен айналысады. Адамдық фак-
тор да осындай проблемалармен айналысады. «Эргономика», «адамдық фактор» ұғымдары
бір мағынаны білдіреді, дегенмен «адамдық фактор» АҚШ-та қолданылады. Бұл екі пән де
компьютер болсын немесе механизм болсын кез келген жүйелерде пайдаланушы жұмыстарын
зерттейді. Компьютерлік пайдалану кең таратылғаннан кейін және адамдар мен компьютер-
лер арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеуге мамандандырылған зерттеушілер саны да арта
бастағандықтан «адам-машина өзара әрекеттесуі» деген атпен белгілі пән «адам-компьютер
өзара әрекеттесуі» деп аталатын болды.
Адам-компьютер өзара әрекеттесуі (АКӨӘ, ағылш. human-computer interaction – адам-
компьютер өзара әрекеттесуі, HCI) – интерактивті компьютерлік жүйелерді дайындау, бағалау
және енгізу әдістерін жетілдіру мақсатында қамтитын ғылыми бағыт.
АКӨӘ туралы айтылғанда үстелдік компьютердің жалғыз пайдаланушысы қарастырыл-
майды. Пайдаланушы ретінде жеке пайдаланушы, бірге жұмыс істейтін топ пайдаланушылары
қарастырылады. Пайдаланушы – бұл технологияны пайдаланып жұмыс жасауды орындайтын
адам.
Компьютер ретінде үстелдік компьютерден ірі көлемдегі компьютерлік жүйелерді немесе
өндірістік үдерістерді басқару жүйелерінің технологиялары қарастырылады. Өзара әрекеттесу
ретінде пайдаланушы мен компьютер арасындағы кез келген байланыс түсініледі. Мұндағы
ең маңыздысы – нақты мақсаттарға жету үшін пайдаланушының компьютермен өзара қарым-
қатынасы.
Бүгінгі таңда көптеген программалық өнімдердің шығуына қарамастан, олардың бір-
нешеуі ғана пайдаланушының шынайы практикалық программалық интерфейсін ерекшелей
алды, ал жоғары практикалық деңгейдегі сапаға ие программалық өнімдердің саны одан да аз.
Нағыз кәсіби өнімді жасау үшін бір интерфейс жеткіліксіз. Әмбебаптығымен және ауқымды-
лығымен ерекшеленетін эстетикалық тартымды интерфейс талап етіледі. Пайдаланушы интер-
фейстері ПҚ-ны жобалаушылар үшін маңызды кілттік момент болуы керек екендігі айқын.
Жобалаушылар пайдаланушыны, пайдаланушы қажеттіліктерін және оның жұмыс орта-
сын түсіне білуі керек. Компьютерлік жүйелер пайдаланушылардың тым көп ақпараттарды
есте сақтауын талап етеді, олар аз ғана қателіктің өзіне төзімсіз келеді. Бұл және басқа да
сұрақтар интерфейсті жобалау кезінде ескерілуі тиіс.
Өткен онжылдықтарда көптеген компьютер пайдаланушылары негізінен программистер
және компьютерлік жүйелерді жобалаушылар болды. Демек, компьютерлік жүйені пайдала-
нушы адам жүйені жасаушы индивидуум ретінде басқа да келісімдер мен мәдениеттерге жүк-
телетін. Бірақ соңғы жылдарда компьютердің кәсіпқой маманы емес, пайдаланушылардың


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
41
болуы кәдуілгі құбылыс болды. Нәтижесінде жобалаушы пайдаланушыға эквивалент болмай-
тын болды. Мұндай жағдайда жобалаушылар пайдаланушылардың дайындалып жатқан жүйеге
қойылатын талаптары туралы, мүмкіндіктері мен шектеулері туралы ақпарат беретін құрал-
жабдықтар ортасы мен әдістеріне мұқтаж болады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет