. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
52
– курсор қозғалысы кезінде кететін аздаған қателіктерді өңдеуді қамтамасыз ету қажет.
Пайдаланушы жылжытқышты курсор арқылы қозғалтып, өзі сол уақытта құжатқа қарап оты-
рғанда, курсор жолақтан ауытқып кетуі мүмкін. Мұндай кезде жүйе белгілі бір сәтке дейін
(30-70 пиксельге дейінгі) қозғалысты елемеуі тиіс.
Құрал-сайман тақтасы
– таңдау кезінде белгілі бір іс-әрекетті орындауды көздейтін
пиктограммалар жиынтығы.
Барлық тақталардың келесі артықшылықтары бар:
– олар пайдаланушыға керек функцияны тінтуір арқылы жылдам шақыруға мүмкіндік
береді;
– олар пайдаланушыға жады жұмысының аз істеуіне мүмкіндік береді;
– олар көзге көрінетін
интерфейс байлығын арттырады;
– олар өзінің көрнектілігі арқылы жүйемен жұмыс істеп үйренуді үдетеді. Бірақ та олар-
дың кемшіліктері де бар: экранда көп орын алады, сондықтан қалаған нәрсенің бәрін орнату
мүмкін емес. Бұл проблеманы екі жолмен шешуге болады.
Біріншіден
, тақтаға тек жиі қолданатын командаларды қолданған дұрыс (пайдаланушы-
ның жеке талабына сай тақтаны баптау мүмкіндігі).
Екіншіден, тақтаны пайдаланушының әре-
кеттер контекстіне тәуелді етіп жасауға болады. Екі тәсіл бір-біріне қарсылық туғызбайтынды-
қтан екі тәсілді де пайдалануға болады.
Құрал-сайман тақтасын функцияны шақырудың жалғыз тәсілі етіп жасамаған дұрыс.
Қазіргі кезде тақтаға еркін алынған басқару элементтерін
орналастыруда техникалық
проблема туындамайды (тек қана бір шектеу бар, ол – орналасатын элементтер өлшемі), күр-
делі тақта құрастыруға кедергі болған бөгеттер ғайып болды. Мінекей, осындай мүмкіндік-
терді пайдалану керек, себебі бұл сұхбат терезелерін ашып жабуға кететін уақытты үнемдейді
және жүйемен өзара әрекеттесуде интегралды сапаны арттырады (пайдаланушыларға күрделі
тақталарды пайдаланған ұнайды).
Бейне (иконкалар).
Тікелей айла-шарғы жасау интерфейсінде пайдаланушыларға көрі-
нетін объектілерде тікелей іс-әрекет орындайды. Осындай объектілердің түрлеріне: батырма,
белгілер, мәзір немесе бейне (иконкалар) жатады.
Барлық иконкаларды олардың қаншалықты бойындағы
функцияны нақты көрсетуіне
байланысты жіктеуге болады.
Ұқсастық иконкалар
– олар бейнелейтін объектілерге ұқсас иконкалар («кесу» опера-
циясын бейнелейтін қайшыға ұқсас иконка).
Үлгі бойынша иконкалар
объект типіне мысал болып табылады (мысалы, сурет салу құра-
лын ұсынатын сызықты көрсететін иконка).
Символикалық иконкалар
іс-әрекетті немесе күйді символикалық формада ұсыну үшін
пайдаланылады (мысалы, желілік байланыстың үзілгендігін көрсету үшін екі компьютер ара-
сындағы үзілген сызық).
Еркін иконкалар
– олардың берілуі бойынша ешқандай ақпарат болмайды, сондықтан
олардың тағайындалуы сипатталған болуы тиіс (мысалы, «соңғы команданы доғару» іс-әре-
кетін білдіру үшін кері дөңгелектелген нұсқар).
Курсорлар.
Курсор – кері байланыспен қамтамасыз етуге арналған тамаша құрал.
Мысалы, пайдаланушы курсорды терезе бұрышына апарғанда пайдаланушыға терезе форма-
сын үлкейту мүмкіндігі барын көрсететіндей курсор өзгереді.
Өкінішке орай, курсордың кері жағы да бар: пайдаланушылар әдемі емес пиктограмма-
ларға бейімделе алады, өйткені олар оған қарамаса да болады, ал әдемі емес курсорға пайда-
ланушылар бейімделе алмайды, себебі курсор экран бетінде болған кезде олар әрдайым оған
қарап отыруға тура келеді.
. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
53
Сондықтан курсорды пайдаланудың дұрыс жолы келесідей: эстетикалық жағымды еткіңіз
келсе, барлық кезде курсордың индикациялық көрінісін қолдану керек; ал қалған кезде курсор
жайлы ойламаса да болады.
Достарыңызбен бөлісу: