Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет29/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

 
4.4. Пайдаланушы интерфейсі
 
Программалық кешенді дайындаушылар көбінесе пайдаланушы интерфейсін жүйе
қосымша ретінде функционалдығынан бөлек қарастырады. Программаны пайдаланушылар
әдетте пайдаланушы интерфейсі мен жүйе функционалдығын бөлмейді. Пайдаланушылар
үшін пайдаланушы интерфейс программа болып табылады. Егер интерфейсі жақсы болса, онда
олар үшін программа жақсы және қолайлы болады.
Программаны пайдаланушы оның жұмысын басқаруға және қажетті нәтиже алуға мүм-
кіндік беретін программаның элементтер жиынтығын пайдаланушы интерфейсі (ПИ) ретінде
түсінеміз.
Пайдаланушы интерфейсі көбінесе программаның сыртқы түрі ретінде түсініледі. Деген-
мен пайдаланушы интерфейсі арқы-лы ғана жүйені тұтасымен түсінетіндіктен мұндай түсінік
өте таяз болып саналады. Шындығында, ПИ пайдаланушының өзара әрекеттесуі мен жүйеге
әсер ететін барлық дизайнның аспектілерін қамтиды. Бұл пайдаланушы көретін тек экран ғана
емес. Пайдаланушы интерфейсі төменде келтірілген құраушылар жиынынан тұрады:
– жүйенің көмегімен пайдаланушылар шешетін тапсырмалар жиынтығы;
– жүйе пайдаланатын метафора (мысалы, MS Windows ОЖ-дағы жұмыс үстелі және
т.б.);
– жүйені басқару элементтері;
– жүйе блоктары арасындағы навигация;
– программа экрандарының визуалды дизайны.
Пайдаланушы интерфейсінің дұрыс жобалануының маңыздылығы ақпараттық жүйені
(АЖ) енгізген кезде мекеменің жалпы тиімділігі артады, бұл жерде көптеген зерттеу нәтиже-
лері сауатты дайындалған ПИ қарапайым ендірілген АЖ-мен салыстырғанда тиімділікті едәуір
арттыруға болатынын көрсетеді.
Пайдаланушы интерфейстерінің құрылымы мен
жіктелуі.
Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құра-
ушыларға бөлуге болады. Декоративті құраушыға программалық өнімнің эстетикалық тартым-
дылығына жауапты элементтер жатады. Белсенді элементтер есептеу модельдерінің операци-
ялық және ақпараттық бейнелері мен пайдаланушы программамен басқаратын пайдаланушы
интерфейсінің басқару құралдарына бөлінеді. Программалық өнімнің әртүрлі кластарының
басқару құралдарының шамалы өзгешеліктері болуы мүмкін. Сондықтан интерфейстерді және
олардың басқару құралдарын алдын ала жіктеуіміз қажет.
Бірінші деңгейде мұндай жіктеу адам-машина өзара әрекеттесуінің (4.1-кесте) база-
лық техникалық құралдарын пайдалануымен байланысты шыққан интерфейс кластарын бөліп
алуға пайдалы болады. Осындай құралдардың тарихи пайда болуы пайдаланушы интерфей-
стерінің жаңа кластарын туындауына әкеледі. Алайда жаңа құралдардың пайда болуымен
интерфейстердің ескі кластарын пайдалануды толығымен тоқтату міндетті емес. Интерфейс
кластары өте кең ұғым болып табылады. Базалық интербелсенді құралдармен берілген кла-
стардың ішкі кластарға бөлінуі ойға қонымды, мысалы графикалық кластарды алып қарастыр-
сақ, оларды екі өлшемді және үш өлшемді интерфейс ішкі кластарына бөлуге болады. Осын-
дай жіктеу бойынша кең таралған WIMP (ағылш. Windows-Icons-Menus-Pointing device – іске
қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе, пиктограммалар, мәзір және пози-
циялаушы құрылғылар (әдетте, тінтуір)) интерфейсі екі өлшемді ішкі класқа жатады. Бүгінгі
таңда SILK (сөйлеу), биометрикалық (мимикалық) және семантикалық (қоғамдық) сияқты
интерфейстің жаңа кластары жақсы дамуда.
4.1-кесте


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет