Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

 
5.2. Деректердің берілуі
 
Қалыпқа келтіру (нормалау).
ДҚ-ны жобалау кезінде артық деректерді барынша мини-
малдау керек. Артық дерек ақпараткөлемінің артуына, көшірме ақпарат енгізу барысында
туындайтын қателіктерге әкеп соқтырады.
Атрибуттарды таңдау барысында басты критерий мақсатқа сәйкес критерийге, яғни ДҚ-
ны құру мақсатына, оның келесі қолданыстағы қасиеттерінің талаптарына сәйкестігі болып
табылады. Мысалы, кітапхананың кітап қорына байланысты құрылған ДҚ-да кітаптың сал-
мағы, баспаның мекенжайы, кітаптың шығарылған жері, автордың өмір сүру уақыты секілді
т.б. сипаттамаларын енгізудің қажеттілігі жоқ.
Жобалау кезіндегі қателіктер өте үлкен қиындықтарға әкеп соқтырады, себебі егер
ДҚ үлкен болса, онда мыңдаған жазбалар сақталады. Қажеттілігі жоқ ақпарат, олардың
қарама-қарсылығы, тұтастығының жоғалуы, яғни деректер арасындағы байланыстың жоға-
луы қате жобалаудың әсерінен туындайды. Нәтижесінде ДҚ жұмысқа қабілетсіз және қымбат
өзгерістерді талап етеді.
1970 жылы Е. Кодд реляциялық ДҚ-ның теориясын жетілдірді. Жоғарыдағы ДҚ-ны
жобалау кезінде туындайтын қателіктердің алдын алу үшін ДҚ-ны жобалау технологиясы ұсы-
нылды. Бұл технология бойынша ДҚ-дағы кестелер үшінші қалыпты формаға келтіріледі.
Осыған дейін ДҚ-ға енгізілетін деректер бірінші қалыпты формада көрсетіліп, кейін екінші
қалыпты формаға түрленеді. Бұл үрдіс деректердің қалыпқа келуі деп аталады. Деректерді
қалыпқа келтіруді мысал ретінде студенттердің оқитын курсы мен оқытушыны таңдауын
қарастырайық.
Студенттердің таңдаған курстары мен оқытушылары туралы деректен тұратын ДҚ-ны
құру керек. Алдымен студенттің аты-жөні, оның туған күні, студент жататын топтың нөмірі,
оқытушының аты-жөні, курсты таңдау уақытынан тұратын кесте (5.1-кесте).
5.1-кесте
«Таңдау бойынша курстар» ДҚ
Осындай түрде ұйымдастырылған деректердің кемшіліктері анық көрсетілуде. Бірінші-
ден, артық дерек көп екендігі, яғни бір студенттің туған күні, бір курстан беретін оқытушының
аты-жөні қайталануда. Мұндай ДҚ-да дәйексіз, қайшы келетін деректер кездестіріп қалудың
ықтималдылығы үлкен. Мысалы, 102-топта оқытушы өзгерсе, онда ДҚ-ны толық қарастырып,
осы курсқа қатысты жазбалардың бәріне өзгерістер енгізу керек. Осыған орай бір жазбаны
өткізіп алу ықтималдылығы үлкен. Әрбір жаңа курсты енгізген сайын студенттер өзінің туған
күнін, топ нөмірін, оқытушының аты-жөнін енгізіп отыру қажет, яғни ДҚ-да енгізіліп қойған
ақпарат.
Біз бірінші қалыпты формадағы кестені аламыз. Айтылған кемшіліктерді жою үшін әрі
қарай қалыпқа келтіру керек. Осы кестенің құрылымы келесі түрде келтіріледі:


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
57
ТАҢДАУ БОЙЫНША КУРСТАР (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ТОП, ОҚЫТУШЫ,
КУРСТЫ ТАҢДАУ УАҚЫТЫ)
Жазбалар кілтін орнату керек. Мұнда құрама кілт, ол өзінде екі өрісті қамтиды: АТЫ-
ЖӨНІ және ТАҢДАУ УАҚЫТЫ. Әрбір жазба – студент таңдаған белгілі бір курс жайлы ақпа-
рат. Егер студент бір жолда тек бір таңдау жасай алатынын ескерсек, онда әртүрлі жазбаларда
екі өріс: студенттің аты-жөні және курсты таңдау уақыты жайлы ақпарат қайталанбайды.
Екінші қалыпты форманың анықтамасы бойынша барлық кілттік емес өрістер функцио-
налдық жағынан толық кілтке тәуелді болу керек. Бұл кестеде тек КУРС өрісі студенттің аты-
жөні мен таңдау уақыты арқылы анықталады. Қалған өрістер студенттің аты-жөніне ғана тәу-
елді, яғни таңдау уақытына тәуелсіз болып келеді. Екінші қалыпты формаға түрлендіру үшін
кестені келесідей екіге бөлу қажет:
ТАҢДАУ (АТЫ-ЖӨНІ, ТАҢДАУ УАҚЫТЫ, КУРС)
СТУДЕНТ (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ОҚЫТУШЫ)
ТАҢДАУға байланысты екі өрістен тұратын құрама кілт әрекет етеді, ал СТУДЕНТке
байланысты АТЫ-ЖӨНІ кілттік өріс болып табылады.
Екінші көзқараста өтпелі тәуелділік бар. Ол келесі түрде анықталады:
ОҚЫТУШЫ өрісі студенттің аты-жөнімен өтпелі ТОП өрісімен анықталады. Шыны-
мен, барлық оқытушылар белгілі бір топқа тіркеліп, осы топқа кіретін студенттермен жұмыс
жасайды.
Үшінші ретті қалыпты форманың анықтамасына сәйкес өтпелі тәуелділіктер орын алмау
қажет. Осыған орай СТУДЕНТ қарым-қатынасын екіге бөлу арқылы орындаймыз.
Нәтижесінде үш қарым-қатынастан тұратын ДҚ-ны аламыз:
ТАҢДАУ (АТЫ-ЖӨНІ, ТАҢДАУ УАҚЫТЫ, КУРС)
СТУДЕНТ (АТЫ-ЖӨНІ, ТУҒАН КҮНІ, ТОП)
ОҚЫТУШЫ (ТОП, ОҚЫТУШЫ)
Үшінші қарым-қатынаста кілт ретінде топ нөмірі алынады, себебі ол қайталана алмайды.
Оған қоса оқытушы бірден артық топтарды оқытуы мүмкін жағдай туындайды. Алынған ДҚ
үшінші ретті қалыпты форманың талаптарына сай келеді: кестедегі кілттік емес өрістер өзінің
кілттеріне тәуелді, өтпелі тәуелділік жоқ.
Құрылған ДҚ-ның тағы бір ерекшелігі – осы үш қарым-қатынастың арасында ортақ
өрістердің бар болуы. ТАҢДАУ және СТУДЕНТ қарым-қатынастарының арасында ортақ
АТЫ-ЖӨНІ өріс болып табылады. СТУДЕНТ пен ОҚЫТУШЫ қарым-қатынастарының ара-
сында ортақ ТОП өрісі. Байланысқан кестелер арасында тағы бір ұғым: байланыс типі. Байла-
ныс типінің 3 нұсқасы болады: «бірдің бірге», «бірдің көпшілікке», «көпшіліктің көпшілікке».
Біздің мысалда байланысқан кестелер арасындағы байланыс типі «бірдің көпшілікке» сызба-
лық түрде келесідей көрсетіледі:
Мағынасы келесідей: әрбір оқытушыда (әрбір топта) көп студент бар; әрбір студент оқы-
тушыны бірнеше рет таңдайды.
Қарастырылған мысалда қалыпқа келтіру процедурасы реляциялық ДҚ теориясымен
сәйкес келеді.
Деректер бір-бірімен логикалық байланыста және ақпарат қайталанбау үшін деректерді
егжей-тегжейлі талдау қажет.
Барлық деректерді өзіне қатысты түрлі объектілер арасында бөлуге болады. Жоғарыда
келтірілген мысалда КУРС ТАҢДАУ кестесі осы ақпаратқа байланысты үш түрлі емделу-
шілер, дәрігерлер және емделушілердің дәрігерге баруы объектілерін көруі керек. Сәйкесінше,
өз арасында ортақ өрістермен байланысқан және осы үш объекті типіне қатысты атрибуттар-
дан тұратын үш кесте құрылады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
58
Осылайша, болмыстар атрибуттар деп аталатын сипаттамаларға ие. Атрибуттар өзіндік
ішкі құрылымына қарай қарапайым немесе күрделі болу мүмкін. Қарапайым атрибуттар қара-
пайым деректер типімен беріледі.
Байланынстың негізгі екі түріне мысал келтірейік:
1. Бірдің бірге 1:1 – бірінші кестенің бір атрибутына екінші кестенің тек бір атрибуты
сәйкес келеді.
Мысалы: Қазақстан азаматында тек бір жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) және сәй-
кесінше бір ЖСН-ға тек бір азамат тіркеле алады
2. Бірдің көпшілікке 1:М – бірінші кестенің бір атрибуты екінші кестенің бірнеше атри-
бутына сәйкес келеді.
Мысалы: бір студент тек бір топта оқи алады, бірақ бір топта бірнеше студент оқи алады.
Деректер сызбасы (ЕR-диаграмма – Еntitу-Rеlаtiоnshiр) ақпаратты өңдеу жылдамдығын
арттыруға және деректердің тұтастылығын сақтауға мүмкіндік береді. Деректер сызбасын
құру барысында кестелердің бір-бірімен байланысуына мән берген жөн, егер бір-бірімен бай-
ланыспаған кестелер кездессе, құрылымды тағы да қарап шыққан дұрыс. Егер сізде 1:1 және
1:М байланыстарынан басқа байланыстар құрылса, бұл да құрылымның қате екендігін көрсе-
теді. Егер бір өріске бірнеше рет байланыс жіберілсе, сізге кестеңіздің құрылымын тағы қарап
шыққан жөн.
5.2-кестеде мысал ретінде ФАКУЛЬТЕТ деп аталатын ДҚ-ның құрылымы келтірілген.
5.2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет