Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет8/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

Бірінші буын (1941-1954). Бірінші буын компьютерлері ауа және реледен тұрмайтын
электронды лампаларды
пайдаланды. Ол компьютерлердің көлемі өте үлкен болғандықтан,
толығымен бір бөлмені алып тұратын болды. 1945 жылдары Гарвард университетінің ғалым-
дары, Грейс Хоппер жетекшілігімен, Mаrk II Аikеn Rеlау Саlсulаtоr есептеу машинасын (ЕМ)
тестілеуден өткізіп, электромеханикалық реле арасында машинаның білігін қозғалтатын иін-


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
14
тірек тапты, оны компьютердің «dеbugging» деп атады, осылайша Бірінші Баг 1945 жылдары
шығып, оған реле ауыстырғыштарын пайдаланды, бұл компьютер бөлігінің бірі. Бірінші толық
электронды-сандық компьютер Пенсильвания (АҚШ) Университетінде шықты, UNIVАС –
1951
деп аталып, 30 тонна салмағы, 18000 электронды лампасы бар және орта есеппен құны
$487,000 болды. Ондай машиналардың жылдамдығы өте төмен болды, мәселен секундына тек
5000 операция орындады.
Екінші буын (1955-1965 ж.). Екінші буын компьютерлері транзисторларды пайда-
ланды. Ол компьютерлер көлеміне қарай жарты бөлмені алатын болды. 1948 жылдары кремний
пайдаланыла бастады және оның оn-оff ауыстырып-қосқышы болды, бірінші транзистор пайда
болды. Транзистор – үш шығысы бар жартылайөткізгішті элемент, олардың ішіндегі коллек-
торға күшті ток беріледі, ал басқасына, базаға, әлсіз басқарушы ток беріледі. Басқарушы ток-
тың белгілі бір күшінде клапан «ашылады» және коллектордағы ток эмиттерге өтеді, транзи-
стордың үшінші шығысы. Екінші буын компьютерлерінің жылдамдығы арта түсті.
Үшінші буын (1965-1980 ж.). Үшінші буын компьютерлері Интегралды сұлбаларды
(чиптерді)
пайдалана бастады. Бұл компьютерлердің көлемі бірнеше үстелді алатын болды.
Интегралды сұлбалар
– бұл кремнийлі «чипте» біртұтас жартылайөткізгішті қолдауымен
бұртұтас технологиялық циклде жасалған транзисторлар, резисторлар және конденсаторлар.
Операциялық жүйелер (ОЖ) пайда бола бастады. 1971 жылы бірінші микропроцессор Intеl
4004 пайда болды. Ол 4-битті, 108Khz, 2250 транзистордан тұрды, «Микрочипі» болды.
Өлшемдер кішірейіп, қолайлы бола бастады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет