Дұрыс жауап: Беттердің нөмірлері келесі позицияларда дұрыс қойылуы тиіс (цифрлардың орналасуына назар аудармаңыз):
– тапсырма. Велосипедтер
Джастин, Саманта және Питер түрлі көлемді велосипедтерді тебеді. Келесі кесте олардың велосипедтері дөңгелектің әрбір аяқталған айналымы үшін жүріп өтетін ара-қашықтықты көрсетеді.
|
Жүріп өтілген арақашықтық, см.
|
1
айнал ым
|
2
айнал ым
|
3
айнал ым
|
4
айнал ым
|
5
айнал ым
|
6
айнал ым
|
Питер
|
96
|
192
|
288
|
384
|
480
|
…
|
Саманта
|
160
|
320
|
480
|
640
|
800
|
…
|
Джастин
|
190
|
380
|
570
|
760
|
950
|
…
|
– сұрақ: Велосипедтер
Питер өз велосипедін үш аяқталған дөңгелек айналымы ішінде қозғады. Егер Джастин өз велосипедінде соншалықты айналым жасаса, Джастиннің велосипеді Питердің велосипедімен салыстырғанда қаншалықты ұзын ара- қашықтыққа жүреді? Жауаптарды сантиметрлермен беріңіз.
Жауап: cм.
Дұрыс жауап: 282 см.
– сұрақ: Велосипедтер
Самантаның велосипеді 1280 см жүру үшін қанша айналым жасайды? Жауап: айналымдар.
Дұрыс жауап: 8.
Оқу сауаттылығы
1 – тапсырма. Морелэнд
Морелэнд кітапханалар жүйесінде жаңа оқырмандар жұмыс уақыттарын көре алатын электронды қосымша бет бар.
Морилэнд кітапханалар жүйесі
Сұрақтарға жауап бергенде, осы қосымша бетке қараңыз.
– сұрақ. Морелэнд
Fawkner Library кітапханасы сәрсенбі күні қай уақытта жабылады?
...................................................................................................................................
Дұрыс жауап: 17:00 немесе сағат 5
– сұрақ. Морелэнд
Жұма күні сағат 18.00-де қандай кітапхана ашық болады?
Brunswick Library
Campbell Turnbull Library
Coburg Library
Fawkner Library
EGlenroy Library
Дұрыс жауап: С. Coburg Library
2 – тапсырма. Аманда және герцогиня
1 - мәтін
Аманда және герцогиня
Қысқаша мазмұны: Леокадийдің өлімінен кейін, оны сүйген Ханзада қапалы халде болды. Ханзаданың тәтесі герцогиня «Резеда» дүкенінен Леокадийге қатты ұқсайтын сатушы қыз Аманданы көреді. Герцогиня Амандадан Ханзаданың жанына маза бермей жүрген естеліктерден босатуға көмектесуді сұрайды.
Сарай саябағындағы жол қиылысы, шағын ескерткіштің жанындағы дөңгелек орындық, кеш батады ...
АМАНДА
Мен әлі түсіне алар емеспін. Ханым, мен ол үшін не істей аламын? Мен сіздің ойыңызға сене алар емеспін... Неге мен? Мен мүлдем жақсы адам емеспін. Оның үстіне өте сұлу болсам жарайды – онымен оның естеліктерінің арасына кім тұра алады?
Ол құдды кететіндей болып, орнынан тұрып, кішкентай шабаданын көтерді.
ГЕРЦОГИНЯ
Сенен басқа ешкім.
АМАНДА, шынайы таңырқап
Мен?
ГЕРЦОГИНЯ
Әлем мағынасыз, балам-ау. Ол көрсетпекке ғана қойылған нәрселерді көреді: ым-шаралар, белгілер, ресми сүйіспеншіліктер... саған сол себептен бұл туралы ешқашан айтпаған. Бірақ менің жүрегім мені алдаған жоқ – сені алғаш рет көрген кезде, тіпті жылап жібере жаздадым. Оны сырттай емес, ішкі жан дүниесін білетіндер үшін, сен – Леокадийдің дәл өзісің.
Тыныштық. Күндізгі құстарды түнгі құстар келіп алмастырды. Саябақ көлеңкелер мен құстардың үніне толы.
АМАНДА, өте сыпайы Ханым, мен шын мәнінде бұл қолымнан келетініне сенімді
емеспін. Менде ештеңе жоқ, менің өзім – ештеңемін, ал ол ғашықтар ... оның үстіне бұл менің қиялым ғой, солай емес пе?
ГЕРЦОГИНЯ, сыпайы, бірақ қатты шаршаған үнмен
Әрине, жаным. Мен кешірім сұраймын.
Ол да кәрі әйел сияқты орнынан әзер тұрады. Кешкі ауадағы велосипедтің үні естіледі; ол шошып кетеді.
Тыңда ... бұл сол! Жай ғана Ханзада Леокадийді алғаш рет кездестірген жерде, ескерткішке қарай сүйеніп, көзіне көрінсең болғаны. Оған сені тым болмаса бір рет көруіне рұқсат бер, бұл ұқсастыққа таң қалдырып, осы амалымызға сендіріп, кенеттен саған қызығушылық танытып, айқай салуына мұрша бер, ол туралы оған ертең түсіндіріп айтып беремін, сол үшін мені жек көріп кетсе де – бірдеңе жасашы, әйтпесе ана өлі қыз Ханзаданы менен тез арада алып кетеді, мен мұны білемін... (ол қызды қолынан алады). Сен мұны істейсің ғой, солай ғой иә? Сенен жалынып сұраймын. (Ол қызға жалынған түрмен қарап былай деді:) Ал мына жерден сен оны да көре аласың. Және... Мен саған: «Өмір – бұл мағынасыздық» деп айтып, ұяттан жерге кіріп барамын. Бұл алпыс жылда үшінші рет, және соңғы он минуттың ішінде екінші рет мен ұяттан қызарып тұрмын. Сен оны таң қалдырасың және ...
Егер оның қолынан келгенде – неге ол емес, ол сұлу әрі тартымды ғой, айналада одан да нашар ер адамдар бар ғой – егер оның жолы болғанда, ол екеуміз сенің қиялыңның сәтінде бола алсақ қой ... Велосипедтің
үні қараңғылықта тағы да сылдырлады, бірақ осы жолы мүлдем жақыннан шықты.
АМАНДА, сыбдырлап
Мен оған не деуім керек?
ГЕРЦОГИНЯ, оның қолын қысып
Жай ғана: «Кешіріңіз, мырза, теңізге қалай өту керектігін айтып жібермейсіз бе?» деп айт.
Ол ағаштардың көлеңкесіне қарай тығылуға асықты. Уақытында. Анық емес бейне көрініп келеді. Бұл өз велосипедінде келе жатқан Ханзада. Ол ескерткіштің жанында тұрған Аманданың анық емес бейнесіне қарай жақындайды. Аманда ақырын ғана сөйлейді.
АМАНДА
Кешіріңіз, мырза …
Ханзада тоқтап, велосипедінен түседі
ХАНЗАДА
Иә, ханым?
АМАНДА, қызық даусымен
Иә,
Тас қараңғы. Екеуі де қараңғыда көрінбейді, саябақтағы ірі ағаштардың арасында желдің
ханым.
АМАНДА
үні ғана естіледі.
Шымылдық түсіріледі.
Теңізге қалай өту керектігін айтып жібермейсіз бе?
ХАНЗАДА
Солға қарай екінші бұрылыс.
Ханзада басын иіп, мұңды жүзімен велосипедке отырып, кетіп қалады. Велосипедтің үні алыстан естіледі. Герцогиня құдды бір кәрі әйелдей көлеңкеден шығады.
АМАНДА, ақырын ғана, біраз уақыттан кейін
Ол мені
танымады…
ГЕРЦОГИН Я
Қараңғы болды ... Оның үстіне Леокодийдің оның естелігінде қалай сақталғанын кім білсін? ( Ол ұялып сұрайды:) Соңғы пойыз кетіп қалды. Бүгін түнде сарайда қалғыңыз келмейді ме?
Келесі екі бетте екі мәтін берілген. 1-мәтін – Жан Ануйдің «Леокадий» пьесасынан үзінді. 2-мәтінде театр мамандықтарының сипаты берілген. Сұрақтарға жауап беру үшін, мәтіндерді пайдаланыңыз.
2-мәтін. Театр мамандықтарының анықтамасы
Достарыңызбен бөлісу: |