Актер: сахнада рөл ойнайды.
Режиссер: қойылымның барлық жақтарын бақылап, қадағалайды. Ол сахнаға әртістерді үлестіріп қана қоймай, олардың саханағы шығуы мен кетуін де айқындайды, олардың ойынын түзетіп, сценарий бойынша өз түсіндірмесін береді.
Костюмер: эскиздер бойынша костюмдер дайындайды.
Суретші-дизайнер: костюмдердің эскиздерін және декорацияларды жасайды. Олар бойынша кейін қажетті өлшемдегі костюмдер мен декорацияларды дайындайды.
Реквизитке жауапты: қажетті реквизитті іздестіреді. «Реквизит» сөзі жылжытуға болатын барлық нәрселерге қатысты: кресло, хат, шамдар, гүл шоғырлары және т.б. Декорациялар мен костюмдер реквизит болып табылмайды.
Дыбыстық режиссер: қойылым кезіндегі барлық дыбыстық әсерлерге жауап береді. Қойылым кезінде ол дыбыстық пультпен бірге болады.
Жарық беруші: жарықтандыруға жауап береді. Ол қойылым кезінде жарықтандыру пультімен бірге болады. Жарықтандыру – бұл өте күрделі үдеріс, сондықтан жақсы жабдықталған театрда он шақты жарық беруші жұмыс істей алады.
1 – сұрақ. Аманда және герцогиня
Бұл пьеса үзіндісінде Герцогиня не туралы айтылады?
Ханзаданы оған жиі келіп тұрғызатын
Ханзаданы ақыры үйлендіретін амал ойлап табады
Амандаға Ханзаданың мұңын ұмыттыруға мүмкіндік береді
Аманданы онымен бірге тұруға мәжбүр етеді
Дұрыс жауап: Амандаға Ханзаданың мұңын ұмыттыруға мүмкіндік береді 2 - сұрақ: Аманда және герцогиня
Үзіндіде әртістер айтатын сөздерге қоса, әртістерге өз рөлдерін қалай
ойнау керектігін және техникалық қызметкерлерге не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар берілген. Бұл нұсқаулар мәтінде қалай белгіленген?
.........................................................................................................................................
Дұрыс жауап: Курсивпен, техникалық емес сипатта, жақшалармен берілген.
- сұрақ: Аманда және герцогиня
Төменде келтірілген кестеде осы пьеса үзіндісінің қойылымына қатысатын техникалық қызметкерлер тізілген. 1-мәтіннен орындалуы осы мамандардың әрбірінің қатысуын талап ететін көрініс бойынша бір нұсқауды жазып, кестені толтырыңыз.
Бірінші мысалда қалай жұмыс жасау керектігі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |