Ақпараттық технологиялар факультеті “Жасанды интеллект және Big Data”кафедрасы Өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру



бет1/8
Дата21.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#35209
  1   2   3   4   5   6   7   8

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті


Ақпараттық технологиялар факультеті
Жасанды интеллект және Big Data”кафедрасы


Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Тәжірибеден өту орны
БҚО “Cырым газ шаруашылығы ”Қаратөбе аудандық филиалы
Тәжірибе мерзімі:24.01.2022ж. – 02.04.2022ж. дейін
Орындаған:
Автоматтандыру және басқару, 4 курс студенті
Амангелді.Д.С
(Ф.И.О.)
Тәжірибе жетекшісінің
ұйымнан қолы Кубешов А.Т
(Ф.И.О.)

Бейіндік ұйымнан


тәжірибе жетекшісінің қолы Карымсакова Н.Т.
(Ф.И.О.)

Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Автоматтандырылған газ құрылғыларының негізгі ерекшеліктерін айқындап,компьютерлік бағдарламаларға дайындық жасау
2.2. Бағдарламалық жасақтамаларды қолдана отырып,газ құрылғыларының жобасының алғышарттары және тұтынушыларды мәліметтер қорына енгізу
2.3.Газ құрылғыларының автоматтандыру жобасын түсіне отырып,негізгі есептік көрсеткіштер мен нәтижелерге қол жеткізіп,қорытындыға келу
III. Тәжірбие бойынша күнделік
IV.Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Өндірістік тәжірибе студенттердің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға, автоматтандыру және басқару қызметін зерттеуге зерттеу тәсілін қалыптастыру бағдарламалармен және дерекқорды басқарумен жұмыс істеу дағдыларына ықпал етеді.
Өндірістік тәжірибе – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.
Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндрісітік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда модульдік оқыту, дуальдық оқыту жүйелері бойынша студенттер 40 пайыз теорияда, 60 пайыз өндірісте өткізуге бағытталған.
Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің Автоматтандыру және басқару мамандығы 4-курс студенті Амангелді Данияр Сейлханұлы 2022 жылдың 24 қаңтар айынан бастап 2 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысы, “Сырым ауданы газ шаруашылығы” Қаратөбе аудандық филиалы мемлекеттік мекемесінде тәжірибеден өттім. Мекеменің негізгі қызметі аудан және ауданаралық газ құрылғыларын жүргізіп,газ қауіпсіздігін бақылап отырады.Тәжірибе өту барысындағы менің мақсатым арнайы газ құрылғылары мен құбырлары жөнінде танысып,компьютерлік бағдарламаға салып,оны зерттеп және сараптама жасау болды. Сонымен қатар бұл мекемеде тұрғындарды тіркеу үшін арналған мәліметтер қоры болды.Мәліметтер қорымен айналысатын бас программалаушының жанында көмекші ретінде біраз нәрсені игеру мүмкіндігі туды.Арнайы жабдықтандырылған газ құбырларын автоматты өндіру арқылы жүзеге асыруын қамтамасыз етілу бағытын толық үйрендім.
Сырым аудандық газ шаруашылығының негізгі атқаратын қызметтері және тәжірбиеден өтушіге қойылатын талаптар:
- өндірістік процесті және газ шаруашылығында қолданылатын еңбекті ұйымдастыру нысандарын зерттеу;
- өндірістік тәжірибенің егжей-тегжейлі бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
- газ шаруашылығының қандай қызметтерінде өндірістік тәжірибені ұйымдастырған дұрыс екенін анықтау;
- оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес өндірістік практикадан өтуді қамтамасыз ету;
- оқу бағдарламасын толық орындау үшін студенттерді жұмыс орындарына ауыстыру кестесін әзірлеу.
Ең маңызды нормативтік құжат-бұл газ шаруашылығының нақты жағдайларын, студенттердің қазіргі заманғы технологиялар мен технологияларды игеруін, газ шаруашылығының алдыңғы қатарлы мамандары мен жаңашылдарының жұмыс әдістері мен тәсілдерін ескеретін өндірістік тәжірибенің егжей-тегжейлі бағдарламасы, кәсіпорын өкілдері осы бағдарламаны әзірлеуге қатысуы керек.
Кең профильді газ машиналарын қалыптастырудың қажетті шарты-олардың бүкіл газ шаруашылығында еркін жүру қабілеті, қажетті кәсіби құзіреттіліктерді игеру, бұл студенттерге газ қызметтері қолданатын техникалық жаңалықтарды тез игеруге мүмкіндік береді.
Алғашқы күннен бастап мен мекемемен және барлық қызметкерлермен танысып,жалпы жұмыс барысын түсініп алдым.Тәжірибе жұмыс апталарында осы өндірісте пайдаланатын газ құрылғыларының автоматты жүзеге асырушы бағдарламалармен жұмыс жасау болды.
Тәжірибеден өту барысында Microsoft Word, Excel, Open Server,Dev C++,R,VxModel,Python,MasterScada Demo,Geomagic,Autodesk бағдарламаларымен, сонымен қатар газ нысандары мен құрылғыларын автоматты түрде реттеу бойынша қолданылатын Autocad бағдарламасымен, техникалық құрылғылармен оның ішінде компрессор,қозғалтқыш,әртүрлі өлшемді стандартты құрылғылар және сигнал қабылдағыштармен және газ шығынын күрт өсіруден сақтайтын қауіпсіздік сигналдарымен,арнайы нысанға тиесілі газдық блокпен жұмыс жасадым. Microsoft Word, Excel,Open Server,Dev C++,R бағдарламаларымен бұрыннан таныс болғандықтан жұмыс жасау барысында қиындықтар туындамады. Өндірістік тәжірибе жетекшімнің жетекшілігімен газ құрылғыларының орналасуы мен жұмыс жасау ерекшеліктерін, компьютерлік бағдарламалар арқылы жұмыс істеу қауіпсіздігін қадағалау арқылы тәжірибе жүзінде жүзеге асырдым.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет