II. Негізгі бөлім
2.1. Газ құрылғыларының негізгі ерекшеліктерін айқындап,компьютерлік бағдарламаларға дайындық жасау
Microsoft Excel бағдарламасы арқылы газ тұтынушы әр тұрғын үйдің газ жағу көрсеткіштері,сараптама әдістерін қадағалап кесте ретінде жетекшіме тапсырып,тұрғын үй газ тұтынушыларымен байланыс жасай отырып,жалпы айлық тұтыну ерекшеліктерінің жалпылама ортақ есептерін алып отырдым.
Жалпы жұмыс барысындағы нәтижесі:
Бұл жерде газ құбырларын көпөлшемді массив ретінде алып,есептеу барысында жеңілдету үшін екілік кодқа айналдырудың жалпы бір мысалын көрсетіп отырмын.
Bool операторы арқылы класс құрып алып,оған for циклі арқылы өлшем санын массив ретінде құрастырып ыңғайластырып алдым,кейін шартты түрде өлшемнің дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырату бойынша және класс құру арқылы нақты газ тұтыну есептемелерінің жалпылама кодтық жүйесін құру арқылы екілік код ретінде нәтижеге қол жеткіздім.
Бұл жерде жасаған жұмысым бұл стандартқа сай келетін R бағдарламасы арқылы белгілі газ өндірісіндегі газ контроллерінің жұмысын бақылай отырып газ маманы жетекшіміз екеуіміз оның регистраторларын стандартқа және жұмыс процесіне сай келтіріп оның блок аралық желілерін құрдық.
Деректерді талдау үшін статистикалық бағдарламалық жасақтама ретінде кеңінен қолданылады және іс жүзінде статистикалық бағдарламалар үшін стандартқа айналды.
Бұл бағдарлама арқылы газ тұтынушы әр тұрғын үйдің деректерін жобаластыру,белгіленген нысанды оңай әрі тез табу сияқты қызметтер атқардым.
Жалпы осы бағдарламалар арқылы газ шығындарын есептеп алып,дайындық ретінде алғашқы тәжірбиелер жинадым.Және газ есептік көрсеткіштерін арнайы есептік түрде жалпылама есептеулерін тез алуға болады.
Келесі бөлімде жетекшімнің айтуымен,күрделі бағдарламалар мен сызбалар арқылы газ құрылғыларын құрылымын анықтап,қызмет ету үрдісі мен жұмыс істеу принциптерін бақыладым.
Достарыңызбен бөлісу: |