Көлденең және көлбеу жүйелік интеграция. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс
деректер мен желілерге деген қатынасты қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда бұл
тек қана кәсіпорын ішіндегі департаменттердің өзара қатынасы ғана емес, сонымен
қоса, әртүрлі кәсіпорындардың – өндірістік цикл бойынша әріптестердің де өзара
қатынас құралы;
Заттар ғаламторы. Орнатылған тетіктер мен құрылғылар нақты уақыт
режимінде ақпарат алмасатын болады;
Киберқауіпсіздік. Оның көмегінсіз миллиард құрылғылар мен қиылысатын
ақпараттық ағындар жұмыс істей алатын сенімді ортаны құру мүмкін емес;
Бұлт. Құрылғылар мен сенсорлардың көптеген типтерін, сонымен қоса,
олармен түрленетін деректер көлемін қолдау міндеті жақсы түрде бұлтты сервистардың
көмегімен шешіледі, ал олар шешімнің масштабталуын және деректерді өңдеудің
қажетті жылдамдығын қамтамассыз ете алады;
Үлкен деректерді талдау. Өнімдерді әзірлеу, өндіру және сынаудың барлық
фазалары мен аспектілері бойынша деректердің қолжетімділігі өндірістік үрдіс
ұғымына жаңа өлшем еңгізеді, және сәйкесінше, дамудың инновацияларын, маркетинг
пен стратегиясын дәл жоспарлауға мүмкіндік береді;
Моделдеу. Құзыретінде үлкен деректер мен үлкен есептеу қуатына ие бола
отырып, кәсіпорындар өнімді қолданудың сценарийін виртуальды түрде модельдей
алады сәйкесінше, бұл оларды тестілеуді жылдамдатады және инновациялық үрдісті
кеңейтеді;
Аддитивті өндіріс (3D-баспа). Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс басталуымен
аддитивті өндіріс әдістері жеке тапсырыс бойынша минималды салмақта күрделі
құрылымдардың артықшылығынан құралатын өнімдердің шағын партияларын
дайындау үшін кеңінен қолданылатын болады;
Роботтар. Бүгінгі таңда роботтар көбінесе жинақтау желілерінде жұмыс
істейтін механикалық қолдар түрінде жүзеге асырылады, бірақ олардың зердесі өсіп
келеді, ал бұл олардың көмегімен жинақтау операцияларына қарағанда, өте күрделі
тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.