Апоптоз – жасушаның табиғи, генетикалық бағдарламаланған тіршілігін жою үрдісі



бет1/5
Дата27.10.2023
өлшемі3,06 Mb.
#120940
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекция 8

  • 1) Апоптоз: анықтамасы, типтері
  • 2) Апоптоздың себептері.
  • 3) Апоптоздың даму сатылары.
  • 4) Апоптоз үдерісінің генетикалық бақылануы.
  • 5) Апоптоздың медициналық маңызы.

Апоптоз – жасушаның табиғи, генетикалық бағдарламаланған тіршілігін жою үрдісі.

  • Апоптоз – жасушаның табиғи, генетикалық бағдарламаланған тіршілігін жою үрдісі.
  • Апоптоз бағдарламасын іске қосатын жағдайларға байланысты апоптоздың екі типін ажыратуға болады:
  • а) “ішкі” апоптоз
  • б) “бұйрық” бойынша апоптоз

“Ішкі” апоптозды іске қосатын себептер:

  • “Ішкі” апоптозды іске қосатын себептер:
  • Хромосоманың репарацияланбайтын зақымдалулары;
  • Жасушаішілік органоидтардың және мембраналардың (әсіресе митохондрия) зақымдалуы.
  • Бұл зақымдалуларды тудыратын факторлар:
  • Ішкі ( күшті тотықтырғыштар,азот оксиді, супероксидті радикалдар)
  • Сыртқы (иондаушы сәулелер, t өзгеруі, химиялық қосылыстар)
  • Апоптоздың бұл жағдайда негізгі қызметі – құрылысы не қызметі зақымдалған жасушаны жою.

б) “Бұйрық” бойынша апоптоз – сыртқы теріс (негативті) сигналдың жасушаның арнайы рецепторлары арқылы берілуі.

  • б) “Бұйрық” бойынша апоптоз – сыртқы теріс (негативті) сигналдың жасушаның арнайы рецепторлары арқылы берілуі.
  • Бұл жағдайда жасуша зақымдалмаған, бірақ ағза үшін керек емес не зиянды болуы мүмкін.
  • Мысалы: эмбриогенез барысында жасушалардың тіршілігін жоюы, трансформацияланған жасушалардың жойылуы.
  • Апоптоздың бұл жағдайда негізгі қызметі – популяциядағы жасушалар санын реттеу.

б) “Бұйрық” бойынша апоптозды іске қосатын факторлар:

  • б) “Бұйрық” бойынша апоптозды іске қосатын факторлар:
  • 1. Негативті сигнал, мысалы контактылы тежелуде, кадгериндерден келетін сигнал. Бұл жағдайда бөлінуші жасушалар өте тығыз орналасуы, тек олардың бөлінуін тоқтатып ғана қоймай, апоптозға ұшырауы мүмкін.
  • 2. Оң сигналдардың әсерінің тоқтауы :
  • -митогендер әсерінің болмауы (цитокин не өсу факторлары)
  • -бекіну беткейінен ажырау (интегрин сигналы)
  • Бұл жасушада апоптоздық белок р53 мөлшерінің шектік деңгейден артуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет