Аппликация


Бөлімі:аппликация.  Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата07.01.2023
өлшемі401,17 Kb.
#60567
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
апликация 3

Бөлімі:аппликация
Тақырыбы:Сәнді көйлек. 
Мақсаты: белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді 
орналастырып, дайын бейнені қағазға жапсыру дағдыларын қалыптастыру. 
Білімділік міндеті: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; 
көйлекке бұршақтарды ретімен жапсыруды үйрету. 
Дамытушылық міндеті:балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру. 
Тәрбиелік міндеті:шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс 
пайдалана білуге тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
жасайды: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды; 
түсінеді:досына қиын сәтте көмек беру керек екенін
қолданады:ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді. 
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, 
сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ. 
Сөздік жұмыс: киім.
Билингвальдікомпонент: көйлек – платье, бұршақ – горошек. 
 
ҰОҚ-нің барысы 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз, 
Шұғылалы таңдаймыз. 
Күлімдеген күндейміз, 
Ән саламыз күнде біз. 
Шаттық толы іргеміз
Біз мәңгілік достармыз
Біз мәңгіге біргеміз. 
Ғажайып сәт. Педагог:
–Балалар, бізге қонаққа Айжан есімді қуыршақ келді, бірақ көңіл күйі жоқ, 
себебі қызыл көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты. Айжанның көйлегінің 
бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме? 
2. Негізгі кезең. 
Үлестірмелі материалға назар аударады. 
Педагог сұрақ қояды: 
–Айжанның көйлегінің түсі қандай? Бұршақтардың пішіні қандай? 
Бұршағының түсі қандай екен?
–Дөңгелек бұршақтарды Айжанның қызыл көйлегінің жеңіне, кеудесіне 
және етегіне жапсырамыз. Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды. Айжан 
да қуанып қалды. 
Сергіту сәті: 
Тырс-тырс, тырс-тырс, 


19 
Жаңбыр көп жауады. 
Тамшылар тамады, 
Тырс-тырс, тырс-тырс, 
Терезені қағады,
Жылғалар ағады. 
Тырс-тырс, тырс-тырс, 
Жаңартып ауаны, 
Жаңбыр көп жауады.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет