Аппликация



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата07.01.2023
өлшемі401,17 Kb.
#60567
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2. Негізгі кезең. 
Педагог:
–Балалар, тәрелкеге қияр мен қызанақты жапсыруды үйренейік.
Үлестірмелі материалға назар аударады. 
–Тәрелкенің пішіні қандай?
–Тәрелкеге суреттегідей қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды 
қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты
қызанақтың сол жағына тағы бір қиярды жапсырайық. Аппликациямыз 
дайын болды. 
Сергіту сәті: 
Бойды сергек тік ұста
Емін-еркін тыныста. 
Деміңді ішке тез ал да
Оң қолыңды соз алға. 
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрыш сыз ауада. 
 
Педагог балалармен нұсқау бойынша жеке жұмыс жасайды.
3. Рефлексия.


12 
Педагог балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.
–Бүгін қандай көгөністермен таныстық? Олардың түстері қандай екен? 
Ата-аналарға көрме ұйымдастырылады.
№3 ұйымдастырылған оқу қызметі 
Білім беру саласы:шығармашылық. 
Бөлімі: аппликация. 
Тақырыбы:Мәшине. 
Мақсаты:ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді 
орналастыруды және желімдей білуін қалыптастыру. 
Білімділік міндеті: көлік түрлері туралы, мәшиненің қызметі және 
бөлшектері туралы білім беру. 
Дамытушылық міндеті:жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру
дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік міндеті:танымдық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: 
жасайды: геометриялық пішіндерден мәшине көлігін жапсыруды
түсінеді:көлік қызметін, оның ерекшеліктерін; 
қолданады: мәшине көлігі туралы мағлұматты. 
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, 
сүрткіш, Айдар, Айсұлу есімді қуыршақтар. 
Сөздік жұмыс:мәшине. 
Билингвальді компонент: мәшине – машина. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет