Күтілетін нәтижелер:
жасайды: қағазға «қошқармүйіз», «көз» оюларын дұрыс орналастыруды;
түсінеді: аналар мерекесі туралы; аналарға мерекеде сыйлық сыйлауды;
қолданады: дайын бөліктерді ретімен жинауды.
Алдын ала орындалатын жұмыс: ою түрлерімен таныстыру.
Көрнекіліктер: үлестермелі материалдар, «қошқармүйіз», «көз» оюларының
суреттері; магниттік тақта, ою-өрнектер.
Сөздік жұмыс: ою-өрнек.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер.
–Балалар, бүгін мереке.
–Сендер сыйлық сыйлауды білесіңдер ме?
– Кәне, бәріміз бір-бірімізге сыйлық сыйлайықшы! – деп, бантигі бар қорапшаны беріп,
балаларды бір-біріне сыйлық ретінде сыйлауға үйретеді.
Педагог әңгіме өткізеді:
–Балалар, мына тақпақта кім жайлы айтылған, бәріміз тыңдаймыз.
Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам...
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.
Қиялымды қалықтатып қыр асам,
Көкте ұшқан құспенен де таласам.
Арманым бар бір өзіңе арналған,
Үлкейгенде қажетіңе жарасам.
(А. Жүндібаева)
– Балалар, наурыз айында 8 Наурыз мерекесі болады. 8 Наурыз –
аналардың мерекесі. Аналарға сыйлық сыйлайды.
|