Көрнекі жұмыс: «Ойыншықтар».
Педагог балаларға ойыншық түрлерін көрсетеді: жұмсақ ойыншықты және резинадан,
пластмассадан жасалған ойыншықтарды. Педагог аю, қуыршақ, бесікарба
ойыншықтарымен ұқыпты ойнауды ескертеді.
Сөздік жұмыс: бесікарба.
– Балалар, ойыншықтарды өз қолымен жасайтын шебер болғыларың келе ме?
Педагог дайын пішіндерден бесікарбаны жасау техникасын магниттік тақтада көрсетеді.
– Мынау – бесікарбаның негізі, мұнда қуыршақ жататын болады.
– Ол қандай түсті?
– Дөңгелектерінің түсі қандай?
– Бесікарбаның шатырының түсі қандай?
Бесікарбаның негізін алып, оған дөңгелектерін, содан кейін шатырын орналастырамыз.
Бесікарбаның қасына куыршақты орналастырамыз.
Педагог жұмысты орындау барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Қуыршақ бесікарбаға қуанып, балаларға рақметін айтады.
Педагог қуыршақты бесікарбаға жатқызып, өлең оқиды:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
(Ауыз әдебиетінен)
Достарыңызбен бөлісу: |