Алдын ала орындалатын жұмыс: ұшақпен таныстыру.
Көрнекіліктер: үлестермелі материалдар, ұшақтардың суреті, магниттік тақта,
ұшақтың дайын пішіні, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: әуежай, ұшақ.
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір-біріне жылы сөздер айтуды
ұсынады.
Ойын жағдаяты.
– Балалар, сендердің ұшқыш болғыларың келе ме?
– Онда әуежайға барайық!
Педагог балаларды бірінен соң бірін тұрғызады.
2.
Негізгі кезең
– Балалар, әуежайға қонамыз.
Сөздік жұмыс: әуежай, ұшақ.
Педагог үлестірмелі материалға назар аудартады.
– Мынау не?
– Ұшақтың екі қанаты, терезелері – иллюминаторлары, ұшқыш отыратын кабинасы бар.
Педагог магниттік тақтада берілген ұшақ бөліктерінен ұшақ құрастырып көрсетеді:
– Ұшақтың негізгі бөлігіне қанаттарын жалғап, көк қағазға орналастырамыз.
–Негізгі бөліктің түсі қандай?
–Қанаттарының түсі қандай?
–Ұшағымыз дайын болды.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Педагог балалармен «әуежайдан» балабақшаға қайтады.
3. Рефлексия
Педагог ҰОҚ-ін қорытындылайды. Бүгінгі саяхатымызда сендерге не ұнады?
Ойын: «Ұшты-ұшты».
–Ұшты, ұшты, қарға ұшты!
– Ұшты, ұшты, ұшақ ұшты!
19
– Ұшты, ұшты, торғай ұшты!
– Ұшты, ұшты, тікұшақ ұшты!
– Ұшты, ұшты, үйрек ұшты!
– Ұшты, ұшты, зымыран ұшты!
Достарыңызбен бөлісу: |