Мақсаты: қағаз бетінде геометриялық пішіндерді
орналастыруға машықтандыру.
Міндеттері: Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру;
жаңажылдық шырша ойыншықтарын (дөңгелекті)
шыршаға орналастыруға үйрету; пішіндер туралы
ұғымдарын машықтандыру; сөйлеу тілін дамыту;
саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру;
ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
1
6.
Анама
арналған
орамал
Мақсаты: фланелеграфтың кенебін қолдану арқылы
қарапайым композицияларды құрастыруға
машықтандыру.
Міндеттері: балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат
беру; қағазға «қошқармүйіз», «көз» оюларын
орналастыруды үйрету; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ
бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру; балаларды
ананы қадір тұтуға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
1
7.
Бөрікті
сәндейміз
Мақсаты: фланелеграфтың кенебін қолдану арқылы
қазақтың ұлттық баскиімдерін орналастыру.
Міндеттері: қазақтың ұлттық баскиімі – бөрікпен
таныстыру; бөрікке ою-өрнекті орналастыруды үйрету;
тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру; достыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
1
8.
Әуедегі ұшақ
Мақсаты: фланелеграфтың кенебін қолдану арқылы
геометриялық пішіндерден ұшақ құрастыру.
Міндеттері: балаларға ұшақ туралы мағлұмат беру.
Ұшақтарды берілген пішіндерден құрастыру арқылы
желімсіз аппликациямен жұмыс дағдысын қалыптастыру.
Сөздіктерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1
9
Қуыршақтың
бесікарбасы
Мақсаты: қағаз бетінде қуыршаққа арналған
бесікарбаны құрастыру.
Міндеттері: ойыншықтардың аттарымен таныстыру;
олардың неден жасалатыны туралы түсінік беру;
1
7
дайын пішіндерді дұрыс орналастыруды үйрету;
тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты
ойнауды тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |