Тәрбие сағаты Тақырыбы: “Қазақтың ұлттық қол өнері” Мерзімі



Дата09.03.2023
өлшемі25,73 Kb.
#72620
Байланысты:
Тәрбие сағаты "Қазақ халқының қол өнері"


№7 Қ.Сыпатаев атындағы IT мектеп-лицейі


Тәрбие сағаты


Тақырыбы: “Қазақтың ұлттық қол өнері”
Мерзімі: 23.01.23ж
Сыныбы: 6 “Б”
Сынып жетекшісі: Асылбекова Г.Б.
Шымкент, 2023
Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілеремен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, “ Тайқазан ”, “ Алтын адам ” суреттері. Өнер туралы өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

  1. Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

  2. Қолөнер – мол өнер.

  3. Өнер талаптан туады.

  4. Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен. – деген сөздер жазылып ілінеді. Магнитофон, “ Мақал құрастыр ойыны ”.

Тәрбие сағатының жүру барысы:
I. Бөлім
Кіріспе
Бүгінгі тәрбие сағатымыз “ Қазақ халқының қол өнері” деп аталады. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.
Ортаға екі жүргізуші шығады.
Екеуі бірігіп: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық!
Қонақтарды таң қалдырып,
Өнерді күмбез жасайық!
Ұлттың негізгі тірегі – ана тілі. Ана тілінен айрылған халық ұлт емес. Тіл – киелі дүние. Тілімізден айрылғанымыз ұлттық қасиетімізденайрылғанымыз. Әжелеріміз бесікті тербете отырып өмірлі бол, ақ ботам Бақытты бол, ақ қозым – деп жырлаған.

  1. II. Бөлім “Қолөнер – мол өнер”

 Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек. Енді ою – еліне саяхатты тамашалаңыздар.
Ою түрлерін көрсете отырып, ою түрлері туралы оқушылыр орындайтын жұмыстар.
Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.
Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.
Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.
Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.
Оқушы: Көрші әжей өнерлі!
Барып тұрам күнде мен
Құрмет тұтып шеберді!
Ою — өрнек үйренем.
Мақал құрастыру” ойыны
Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шеберді – бізі.)
Қолы – тоны (Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны өнер.)
Жақсы – жаман (Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.)

  1. III. Бөлім “ Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні”

Бұл бөлімде зергерлік өнер туралы әңгімелейміз.
Мұғалім: Балалар, өскенде кім боласыңдар оны өздерің таңдайсыңдар, ал мен бүгін тағы бір қазақтың қолөнерімен сендерді қызықтырғым келеді. Ол – зергерлік. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан өнер. Зергерлер сән – салтанат бұйымдарын, жүлдеге, сыйға беретін неше түрлі әшекей жасайды.
1 — оқушы: Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға – ажар, жігітке – жігер беретін болғандықтан, батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға беретін болған.
2 – оқушы: Зергерлер қолынан неше түрлі әшекей бұйымдар шыққан. Ең көрнектісі де, сымбаттысы да – Сәукеле.
3 – оқушы: Зергерлер білезіктің бірнеше түрін соғып жасаған. Білезік көбінесе жұмыр, төрт қырлы, ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылылатын және жабылатын түрлері болады.
4 – оқушы: Кімге болса жарасатын көркемдік беретін зат, ол – сырға. Сырға әсем де жеңіл жасалады.
5 – оқушы: Ертеде қыз балалар шашына шашбау таққан. Ызған не болмаса кестеден бау жасаған. Оған ұсақ жеңіл күмістер, моншақтар таққан.
6 – оқушы: Зергерлер әйелдер үшін – оймақ, алқа, түйреуіш, қапсырма ерлер үшін – насыбай шақша жасаған. Оны әдемілеп әшекейлеген.
7 – оқушы: Ұлдар атқа мінген кезде зергерлер әдейі ер – тұрман жасаған. Ертұрманды нағашы жұрты жиендеріне сыйға тартқан. Оны ашамай ер деп те атайды.
8 – оқушы: Білесің бе бұл істі
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып – ап күмісті
Сапырады су дайын.
9 – оқушы: Демеңдер бұл қалай
Күмісті де илеген
Осы өнерді мұрадай
Зергерлерден үйренем.
Қорытынды
Мұғалім: Міне балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда қазақ халқының өнер түрлерімен таныстық.
Халық өнері тек қана эстетикалық мұрағат емес, ол сонымен қатар халықтың белгелі бір тариха кезеңіндегі таным – түсінігінен, өмір – салтынан, сұлулық туралы ой – талғамынан хабар береді. Есік қаласында табылған “Алтын киімді адам”әлемде теңдесі жоқ қолөнер болып саналады.
600 жыл бұрын әйгілі құймашы Абдуал — Әзілдің қолынан шыққан алып Тайқазан Түркістанға Қожа Ахмет Яссауй мовзалейіне қайтып оралуы – мәдениет пен әдебиет саласындағы үлкен оқиға.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет