Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет22/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ҚТОӘ ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2021-2022

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Үйірме жұмысының жоспарын жасаңыз.
2.Қабырға газетіне «Дұрыс сөйлеп жүрміз бе?» деген тақырыпта мақала даярлаңыз.
3.Тіл туралы викториналық сұрақтар құрастырыңыз.
4.Қазақ тілі туралы айтылған ұлағатты сөздерді талдаңыз.
5.Мектептегі тіл апталығының жоспарын жасаңыз.

1

15
дәріс

15 дәріс Мектеппен байланыс, педагогикалық, өндірістік практикаға дайындық.
Жоспар:
1.Педагогикалық практиканың маңызы, мақсаты, өткізілу барысы
2.Өндірістік практиканың маңызы, мақсаты, өткізілу барысы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Педагогикалық практика 3 башқыштан тұрады: 1-басқышта - студенттерді педагогикалық мамандыққа бейімдеу мақсатындағы пассив практикасы және мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, методистердің көмегімен сабақ талдауға үйрену, күзгі каникул мерзімінде практиканттар барлық атқарылуға тиісті істерге араластырылып, сабақ өткізуге қажет материалдарды алдан ала әзірлеуге жұмылдырылады. 2- басқышта – студенттер сабақ өткізуге тікелей машықтанады. 3-басқышта – педпрактиканың есебін жазып, сабақтардан оқушылардың тоқсандық қортындысын шығарып, университетте өткізілетін қорытынды конференцияға материалдар жинақтайды.
Студенттердiң педпрактикасына басшылық етуге қазақ тiлi, қазақ әдебиетi, педагогика, психология пәндері бойынша әдіскерлер жетекшілік жасайды. Студенттердi мемлекеттiк өндірістік, педагогикалық практикадан өткiзудiң бағдарламасы жасалады. Барлық мектеп базаларындағы практиканы дұрыс ұйымдастырудың жоспары алдын ала а. Барлық мектептерде болған студент-практикантар практика кезiнде нақтылы жұмыстар атқарып, таңдаған мамандығы бойынша алғаш рет тәжiрибеден өтiп, мұғалiмдiк мамандықтың қызығы мен қиындығын сезiнуi тиіс, өздерiн еңбекке , әдеп сақтауға, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, өзара сынға, шығармашылық жұмысқа, ұйымшылдыққа баулуды үйренедi, болашағына бағыт-бағдар алып, сенiм үмiтiн сезiнедi. Студент-практиканттар практикадан өту кезеңінде “Практикант бұрышында” ұйымдастырып, онда мектеп басшылары, педагогикалық ұжым, ата-аналар, университет әдiскерлерi мен студенттер арасындағы тығыз байланыстылық шаралары жариялы түрде көрiнiс тауып отыруы тиіс.
Педпрактиканың аяғында мектептерде өткiзiлген пед мәжiлiстерде студенттердiң қазақ тiлi мен қазақ әдебиетi пәндерi бойынша 5-iншi 11-iншi сынып аралығында өткiзген сабақтары мен жүргiзген тәлiм-тәрбиелiк жұмыстарына баға берiледi.
Педпрактика басталған сәттен педагогтiк қызметке асқан жауапкершiлiкпен қарау қажеттiгi әдіскерлер тарапынан талап етiлуі қажет. Барлық мектеп мұғалiмдерi жоғары категориялы мамандар, көбi оқу iсiнiң озаттары, олар өздерiнiң озық тәжiрибелерiн бiрiншi күннен бастап, жалықпай үйретiп отыруы керек. Студенттер мұғалiмдердiң сабақтарына қатысу арқылы тәжiрибе жинақтайды, мұғалiмдер қолданған әдiс-тәсiлдер мен сабақ берудегi жаңа технологияны көзбен көру практиканттар үшiн аса маңызды болмақ.
Педпрактиканың мұғалiмдiк мамандыққа машықтандыру кезеңiнде әр студент қазақ тiлiнен 14-18 сағат, қазақ әдебиетiнен 8-10 сағаттан сабақ берiп, әрқайсысы орта есеппен 20 – 25-тен мектеп мұғалiмiнiң қатысуымен барлығы 112 сағат сабақ жүргiзедi. Бұнымен қоса сыныптан тыс жұмыстарды жүргiзу мен ұйымдастыру тәжiрибесiнен де өтедi. Сынып жетекшiсi ретiнде сынып сағаттарын, пән мұғалiмi ретiнде тiл кештерiн, әдеби кездесулер өткiзедi. Бiр-бiрiнiң сабақтарына қатысып, талқылап отырады. Мектептiң жоспарлы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қатысуы міндетті.
Педагогика және психологияға қатысты тесттер мен анкеталар мектеп психологтарының жәрдемiмен жүргiзiлiп, қорытынды жасалып отырады. Студенттер ненiң не екенiн де үйренедi. Лидер оқушылар мен қиын оқушыларды анықтау жолдарын iздестiредi. Тiл кешi, поэзия кешi, конференция және сахналық қойылымдар дайындалып қойылады. Мектептерде мәнерлеп оқу жарысы оқушылар арасында ұйымдастырылады.
Практиканың соңғы аптасында студенттер пән мұғалімдерімен бiрлесе отырып,тоқсандық және жарты жылдық баға қорытуға қатысады.
Мектепте практиканттар педпрактиканың уақытында нақтылы жұмыстарға машықтанып, сабақ жүргiзудi, түрлi әдiстемелiк тәсiлдердi меңгеруге дағдыланады, сабақты ғылыми жүйеде жүргiзудi, оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттыруды, тиiмдi әдiс-тәсiлдердi, жаңа технология элементтерiн, көрнекiлiктердi ұтымды пайдалану және қосымша материал қолдануды үйренедi. Оқушылармен жеке, топтық жұмыс жүргiзудiң жолдарын меңгередi, мәдени iс-шараларын жүргізуге төселедi.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Сабақ жоспарларын жасау.
2.Сыныптан тыс сабақтарды жоспарлау.
3.«Практикант бұрышын» дайындау.

1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет