Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет18/22
Дата25.07.2023
өлшемі229 Kb.
#104757
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
1

11
дәріс

№ 11 дәріс Синтаксисті оқыту әдістемесі


Жоспар:
1.Синтаксис және оның салаларын оқыту әдістемесі (ұстанымдары, әдістері, жаттығулар және т.б.).
2.Синтаксистік талдау, оған қойылатын талаптар.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. 1. А.Байтұрсынов еңбегіндегі синтаксис және сөз тіркесін оқытуға байланысты мәселеге талдау жасау

  2. 2. Сөз тіркесін оқытуға қатысты еңбектерге сараптама жасау.

ТаӨзін өзі тексеру сұрақтары
1. Мектепте құрмалас сөйлемді оқытуға қандай талаптар қойылады?
2. Салалас құрмаласты өтуде қандай көрнекі құралдар пайдалануға болады?
3. Салалас құрмаластың түрлерін қалай түсіндіресіз?
4. Сабақтас пен салалас құрмаластың айырмашылығы неде?
5. Сабақтас құрмаласты өту кезінде неге баса назар аударасыз?
6. Сабақтас құрмаластың сыңарларын қалай түсіндіресіз?
7. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын қандай тәсілдер арқылы түсіндіресіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет