1. Сөздердін стильдік қызметіне қарай түрлері және оны оқытудың тиімді жолдары.
2. Сөздердің қосалқы аталымдары және оларды оқыту.
(Табу, эвфемизм, дисфемизмдер)
Қарапайым сөйлеу тілі – әдеби тіл нормасынан тыс тұратын тілдік бірліктер, негізінен ауызекі сөйлеу тілінің элементтері қарапайым сөздердің әдетте әдеби тілдік эквивалентті болады. Олардың мағыналары көпшілікке таныс болып келеді, әрі таралу изоглосы болмайды,яғни еліміздің барлық аймақтарында ұшырасады.Басым көпшілік тұрпайы мағынада келетін,экспрессивті-эмоциональды реңкі бар тұлғалар.Сондықтан ресми жағдайдағы қарым –қатынаста қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына жат болып саналады. Мысалы,оттама ,былшылдама,сандалма, қазақша ызғытып тұр,қағып жібер,пысықай т.б дегендердің мсазмұны т өмен болса , мисәлі(мысалы), сәбеп (себеп) ,әгер(егер) ,киттай(құрттай) т.б дыбыстық құрамы жағынан « жарым – жан» сөздер. Бұл топқа жататын сөздер негізінен жалпы халыққа түсініксіз, белгілі бір шағын әлеуметтік топтардың лексикасындағы жасырын, құпия мағынадағы сөйлеу тілінің элементтері. Олар тіліміздегі жалпыхалықтық лексика негізінде белгілі бір топтардың мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болған жасанды (искусственный) тілге жатады. « Байырғы кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері ғана қолданылып жасырын жасырын сөздері болған. Мысалы, салық «зат мүліктерін қоятын жасырын жер» дегенді білдірмесе, мас – етістігі» тұтқиылдан, көзіне көрінбей бас сал» дегенді білдірген. Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» сөйлеу дағдысы байқала бастады. Мысалы: көпелек, қума «ақымақ», базар жоқ «иә.мақұл», қораға кіру «қиын жағдайда қалу», қж болып тұр «қолайсыз жағдай болып тұр» т.б. Ескі жазба тіл элементтері қазіргі әдеби тіл нормасынан тысқары тұрады. Фаһим –«пайым», уаһим –«»уайым», жазғыл» жаз», айла –«ет», «қыл», тоғра-«тура», екісі–«екеу», өле жазып - «өле жаздап», жіберген – «жібер», бірін-бірін- «біртін-біртін», ашық, мағшуқ, «ғашық», намы - «заты», «аты, нәрсесі», жүрің - «жүр», дәру - «дәрі», зінжір - «шынжыр». Бұлардың ескі жазба тілге тән дүниеліктер екенін елеп-ескермей, парқын ажыратпай, оңды-солды жұмсау,әдеби тілдің мұддесімен үйлеспейді..
Сөз семантикасы қарым-қатынас ситуациясына тәуелді болады.Сөз единицаларындағы мұндай ерекшелік олардың стильдік табиғатымен байланысты. Сондықтан сөздерді стильдік жағынан біртарап және стильдік жағынан бейтарап деп бөлеміз. Екіншіден, сөздер өзінің стильдік реңкі жағынан біркелкі болып келе бермейді. Олар стильдік реңкі бойынша асқақ, бейтарап, бәсең болып келеді. Бірінші топтағылар кітаби тілге тән болса, екінші топтағылар сөйлеу тіліне қатысты болып келеді. Сөйлеу тілі реңкіндегі единицалар бейресми жағдайда, әлеуметтік мәртебесі бір-біріне жақын, бір-біріне бөтен емес коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынаста қолданылады. Ал өзге жағдайда бәсең реңктегі сөз орамдарын қолдану сөз әдебіне нұқсан келтіреді. Әсіресе, қарапайым сөйлеу тіліне тән стильдік реңкі мен мазмұны пәс қаратпаларды жұмсау адамның сөз мәдениетінің, тіпті жалпы кісілік мәдениетінің төмендігін байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |