Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.
саяси институттар - тұрақты құрылымымен, өз ішінде тығыз ықпалдасқан, көп қырлы, қызметінің икемді әрі әсерлілігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік құрылымдар.
Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.
Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның классикалық теориялары, демократиялық элитизм (М.Вебер) мен элита плюрализмі (Г.Лейпхарт, Р.Даль) концепциялары.
Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі –
элитаризм. Жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып жеткізгендер
италияндық саясаттанушылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша
халық өзін – өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.
Г. Моска (1856 - 1954) «саяси ілімінің негіздері» кітабында саясат қарама
–қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші элитаның жəне оған бағынышты –
күресінің айналасында болатын жағдай деп түсінді. Ол демократияға қарсы
шықты.
В. Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген
еңбегінде элита деген атауда, саяси өмір дегеннің өз таңдаулар (элиталар)
арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамда саясат, экономика жəне
ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар
билікті алған біршама уақыттан кейін тынышталады. Өздерінің алғашқы
сапасын, іздемпаздылығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осы кезде
қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады.
Қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы қоғамның дамуы элиталардың
алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады
Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық).
Модернизация теориясының дамуы үш кезеңнен тұрады: 50 – 60 ж.ж., 60 – 70 ж.ж. және 80 – 90 ж.ж.
Модернизациялаудың бірінші кезеңі. «50 – 60 – шы жылдардағы үлгідегі» теориялық модернизация әмбебаптылық сияқты әдіснамалық жорамалына негізделеді. Барлық елдің және халықтың дамуы әмбебап ретінде қаралды, яғни бір сатысы мен заңдылығы бар бір бағытта жүзеге асырылуы ретінде қарастырылады. Ұлттық ерекшеліктердің бар екендігі мойындалды. Бірақ, олар болмашы мәнге ие деп есептеледі.
Модернизация дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту барысындағы даму процесі ретінде ұсынылды. 50 – 60 жылдары модернизация теориясының көптеген авторлары технологиялық детерменизм идеясынан бастау алған. Олар қоғамдық дамудың негізінде өмірдің деңгейін жоғарлатуға және әлеуметтік мәселелерді шешуде экономиканың технологиядағы прогресі жатыр деп есептеді (осы кезеңде осыған ұқсас жормалдарға негізделген индустриалды қоғамның теориясы құрылғанын айта кету қажет; бұл теориялар У.Ростоудың, Р.Аронның, Д. Беллдің және т.б. еңбектерінде дамыды). Ғылыми техникалық прогрестің көмегі мен дәстүрлі құндылық пен қоғамдық құрылымнан қазіргі рационалды құндылыққа өту жолымен қоғамды «замандастыру» жүзеге асады (осы секілді жауабы)