Апталығы 2022-2023 ж Еңбек орта мектебі Сыныптан тыс жұмыс, математикалық сайыс Тақырыбы: «Жас математиктер»



Дата25.11.2023
өлшемі159,58 Kb.
#127271
Байланысты:
Жас математиктер сайысы


Еңбек орта мектебі
ИФМ пән бірлестігінің
апталығы


2022-2023 ж
Еңбек орта мектебі
Сыныптан тыс жұмыс,
математикалық сайыс
Тақырыбы: «Жас математиктер»

Сыныбы: 5,6


Пән мұғалімдері: Телеуова Г., Рысмаханов Н.

« Жас математиктер» математикалық сайыс


Сыныбы: 5,6
Мақсаты: Мақсаты:

  • оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру.

  • логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізуші: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыра отырып «Жас математиктер » атты танымдық сайысымызды бастаймыз.
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта да батыл. Ендеше ортадағы білім сайысына түсетін 6 сынып оқушыларын қошеметтейік.
5-А сынып оқушылары: « Жұлдыз » тобы
6-А сынып оқушылары : « Білім » тобы
Сайыс барысын қадағалап отыратын әділқазы алқасымен танысайық:

  1. _____________________ математика пәні мұғалімі

  2. _____________________

  3. _____________________

« Ауызша айтылғанды ұмытамын, көрсетсен , мүмкін есіме сақтармын, қатысушы болсам , мен түсінемін» деп Қытай данасы Конфуций іліміне сүйене отырып, бүгінгі «Жас математиктер » атты математикалық сайысымызды бастауымызға рұқсат етіңіздер!!! Ал, интеллектуалды шоуымызға қатысқалы келіп отырған командаларымызды кезеңдерімен таныстырып кетейік !
Математикалық сайысымызға қош келдіңіздер құрметті қатысушылар!
Ендеше сіздерді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І-ші кезең: Таныстыру ( Әр топ өздерін таныстырады)
ІІ-ші кезең: Адасқан әріптер ( Әр топқа әріптер беріледі. Сол әріптерден математика пәніне байланысты нақыл сөз шығады. « Ақыл –ойды тәртіпке келтіретін математика» )
ІІІ -ші кезең: « Біліктілік сайысы» ( Әр топқа 10 есеп беріледі. Уақыт шектеулі. Әділ- қазы есептердің дұрыс шығарылғаныңа назар аударады)
ІV-ші кезең: « Математиканы білемін дұрыс есептеп беремін!» ( Логикалық есептер сайысы. Ортақ есеп беріледі. Бірінші белгі берген топ жауап береді)
V- ші кезең: « Торсия» әдісі. ( Математика пәні бойынша ережелерді құрастырады)
VI- шы кезең: « Кім жылдам?» ( Құрамында сандары бар мақал- мәтелдер, жұмбақтар қойылады. Жүргізуші бастайды, топ мүшелері аяқтайды)

Олай болса сайысымызды бастайық!


І-ші кезең :Таныстыру
Жүргізуші:
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Сіздерді сайысқа шақырамыз,


Есеппен миды қатырамыз.
Математиканы ұғындырып,
Жаңа біліммен толтырамыз.
Топтар өздерің таныстырады.
Әділқазылар бағалайды.
Жүргізуші:
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.- дей отырып , сайысымыздың ІІ-ші кезеңіне өтеміз. Әр топқа әріптер беріледі. Топ мүшелері бірігіп, сол әріптен сөз құрастыру қажет.
«АҚЫЛ – ОЙДЫ ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРЕТІН МАТЕМАТИКА!»
Жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабын болса бойында.
Білімдінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.- дей келе сайысымыздың ІІІ -ші кезеңін « Біліктілік сайысын» бастаймыз. Әр топқа 10 есептен беріледі. Уақыт шектеулі (2 минут) . Әр есеп 5 баллдық жүйемен бағаланады.

  1. -12-7+8 =-11

  2. -5+0+5 = 0

  3. 4,5-8+2 = -1,5

  4. 12-3,5-25 = -16,5

  5. -12*0+5* (-3)= -15

  6. -1/7+ ½+1/7 =1/2

  7. -50*3- 25*(-4)=-50

  8. 90:( -3)+ 4*(-5)= -50

  9. 2/5+1/3-6/7= -13/105

  10. -85-5+4*(-8)=-122

Әділқазы алқасы әр топтың жинаған ұпайын есептесеңіздер!
Жүргізуші:
Мықты болсаң, алдағыны басып оз,
Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе
Мықты болсаң , тайғанама, құлама
Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт! –дей келе
ІV-ші кезең: « Математиканы білемін дұрыс есептеп беремін!» сайысын бастайық. ( Логикалық есептер сайысы. Ортақ есеп беріледі. Бірінші белгі берген топ жауап береді, әр дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен бағаланады.)

  1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)

  2. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 тг берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса, 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен?

  3. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер әр бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? ( 6 минут)

  4. Вазада 4 алма бар. Осы 4 алманы төрт ұл балаға қалай тең бөлген, егер әр бала бір алмадан алғанда , вазада 1 алма қалады? ( 1 бала алманы вазамен алады)

  5. Қай кезде біз 3 санына қарап «он бес» дейміз? (сағатқа қарап)

  6. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? ( 1 мотоцикл)

  7. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады? ( (9•9) : 9 + 9 : 9=10)

  8. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)

  9. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар ( (1+2+3+4) : 5 = 2 )

  10. Күннің көзі жылына неше рет соғады? (365, 366)

Жүргізуші: Ал, әділқазылар сіздерден әділ баға күтеміз. Сайысымыздың V- кезеңіне де жеттік. Ал енді сіздердің математика пәні бойынша ережелерді қаншалықты білесіздер, байқап көрейік. « Тарсия» әдісі бойынша әр топқа қима қағаздар беріледі. Балалар сәйкес ережелерді тауып, оқиды.
Жүргізуші: Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл қарындаш пен қаламды
Айыра біл соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы.- дей келе сайысымыздың соңғы « К ім жылдам?» кезеңі. ( Құрамында сандары бар мақал- мәтелдер, жұмбақтар қойылады. Жүргізуші бастайды, топ мүшелері аяқтайды)

  1. Заттарды санағанда

Керек ол бізге ауадай.
Айтындаршы бұл қандай сан,
Жан-жағына қарамай? (Натурал сан)



  1. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізі
Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)



  1. Біз санбыз сызықпен бөлінген
    Математиканы ұқпас адамға
    Құбыжық боп көрінген,
    Дұрыс, бұрыс, аралас,
    Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)

  2. Нүктеден, екі сәуледен,
    Құрылған бұл не екен? (бұрыш)

  3. Алды артымыз шексіз де
    Жете алмайсың біздерге.
    Сәуле менен кесінді
    Шыққан тегін білсе де. (түзу)

  4. Алпыс төрт бөлмеде
    Отыз екі тұрғын бар
    Ақ, қара қып бөлгенде
    Бірін - бірі қуғындар
    Ханы үшін де, жаны үшін де
    Бермейді олар намысын. (шахмат)

  5. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
    Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
    Жапырақтың бір жағы ақ,
    Бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)

  6. Он бір түйе, 5 жылқы,
    2 сиыр, 5 ешкі.
    2 қоян, 3 түлкі,
    Таба алмасаң бос күлкі. (28)

  7. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
    Көңілге армандаған қона бермейді.
    Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
    Қай сан бар достарым. (Бөлшек сан)

  8. Бүтін бөлшек бөліктерден,
    Үтір ажыратып тұрады.
    Осы санды кім біледі,
    Аты қандай болады (ондық бөлшек)

  9.  Атадан 10 баламыз
    Бір - бір жастан арамыз
    Қосылып кейде басымыз
    Азайып кейде қаламыз
    Бөлініп кейде арамыз
    Көбейіп те аламыз (цифрлар)

  10. Айқасқан екі таяқ,Тұрады жоқты сұрап.(икс )

Жүргізуші: Құрметті көрермендер міне бүгінгі математикалық сайысымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайыста жеңіске жетке топты аңықтау үшін сөзді әділқазы алқасына береміз! ( Топтарды марапаттау)
Сау саламат болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет