ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫН ЖАҢАША САРАЛАУ
апталығы
Аялаймын сені, Қызылорда!
ақпан
сәрсенбі
18
№13 (1113)
2015 жыл
Газет
1994
жылдан
бастап шығады
• Қызылорда қалалық газеті
•
E-mail: akmeshit.kz@mail.ru
Салтанаты
жарасқан қаласы бар,
байтағы ұшан-теңіз
даласы бар,
аруақ қолдаған
бабасы бар ел
екендігімізді мақтан
етейік!
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.
Л.Н.Гумилев атындағы Еура
зия ұлттық университетінің жа ны
нан құрылған қолданбалы химия
инс титутының ғалымдары «Қазақ
станның жұпар иісі» жобасы аясында
бірқатар табыстарға қол жеткізіп
отыр. Әсіресе, олардың жусаннан
иіссу өндіруге болатынын дәлелдеп
шыққаны көңіл қуантады. Бұл ілкімді іс
елімізде осы сала бойынша зауыт салуға
жол ашуы мүмкін. Қазақ даласында
жусанның көптеген түрі бар. Бұлардың
әрқайсысы өзіндік ерекше қасиетке ие
екенін ешкім жоққа шығармайды.
Қызылордада 2017 жылы ферроқорытпа зауыты пай да
ла ну
ға беріліп, 700ге тарта жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Бұл туралы BNews.kz тілшісі ха бар лайды. Кәсіпорынды құру
бойынша жобаның стратегиялық инвесторы анықталды.
Ол – Қытайдың «Ningxia Baota Petrochemical Technology
Industrial Development Co.,Ltd» (Baota) мұнайхимия компа
ния сы. Жоба ны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде аталған
компанияның үлесі 33%ды немесе 80 млн. долларға тарта
қаржыны құрай ды.
Қызылордадағы ферроқорытпа зауыты пайдалануға беріл
ген нен кейін 700ге тарта жерлесіміз тұрақты жұмыспен
қамтылатын болады.
Әлемдегі интеграциялық
үдерістер жеке бір адамның
немесе топтардың мүддесін
көздеу үшін ұйымдастырылған
дүниелер емес. Бұлар
егеменді мемлекеттердің
өзара келісіммен, бір-бірін
қолдау, бір-бірінің өндірісіне,
сауда айналымына кең рынок
ашу үшін, яғни, жан-жақты
дамуына жол ашатын өте
тиімді амал ретінде бүгінгі
күні кеңінен қолданылып
отырған құрылымдар. Өйткені,
мемлекеттер қазіргі заманда
бір-бірімен ынтымақтасу
арқылы ғана даму жолында
жақсы табыстарға жете алады.
Интеграция – қатысушы
елдердің ішкі және сыртқы
дамуына экономикалық,
әлеуметтік, мәдени
мүмкіншіліктер тудырады.
–
Посткеңестік
кеңістіктің
дамуы алдағы уақытта екі үрдіспен
анықталады деп айтуға болады. Бірін
шіден, ұлттық мемлекеттің қалып та
суымен және екіншіден, ТМД елде
рінің интеграциясымен. Осының бәрі
де заңдылық. Ғылымитехникалық
прогрестің қатты дамып, тұтыну
рыногы үшін жанкешті талас болып
тұрған жағдайда тек бірлесе отырып
қана өмір сүруге болады. Қараңыздар:
көпғасырлық мемлекеттілік тарихы бар
Батыс Еуропа елдері бірігіп жатыр.
Олар әлемдік рыноктың Солтүстік
Америка, Жапония, қала берді азиялық
«жас жолбарыстардың» арасында
қатты бөлініске түскенін көріп отыр, –
деген еді Н.Назарбаев.
Одан әрі Қазақстан Президенті
интеграциялық
үдерістерге
ТМД
елде рінің ежелден дайын екендігіне
тоқталған.
Жекежеке алғанда Еуропа елде
рінің бәрі де бай, бәрінің де жағдайлары
жақсы. Алайда, жеке жолмен даму ендігі
жерде экономикалық катаклизмдерге
жиі
ұшырататындығына
олардың
көздері әбден жетті. Жеке жағ дай
ла ры қаншалықты жақсы болса, эко
номикалық дағдарыс та құрығын
соншалықты жиі салып тұрады екен.
Өйткені, біртектес тауарлар мен
өнімдердің көптігі тұтыну рыногы үшін
таласты еселеп арттырды. Мұндайда
рынокты бұрынғыдай күшпен тартып
алатын даму деңгейінен адамзат
өтіп кеткен еді. Сондықтан өзара
келісіммен, ішкісыртқы рыноктағы
сұраныс пен ұсынысты ескере отырып,
әлеуеттер мен мүмкіндіктерді біріктіру,
яғни, интеграцияның қажет тігін, өмір дің
өзі көрсетіп берді.
Міне, сол үдеріс бүгінгі күні іске асып,
өзі нің ең соңғы фазасына 2015 жыл
дан бастап ен гелі отыр. Осы уақыттан
бастап
Нұр сұл тан
Назарбаевтың
тікелей бас тама шы лығымен, белсен
ді әрекетімен құрыла бастаған Еура
зиялық интеграция «Еуразиялық одақ»
болып, жетілген интеграциялық құры
лым ретінде әрекет ететін болады.
Аманкелді АРЫСБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты.
Мерейлі
жылдың
мәртебесі
Биыл Елбасы
Н.Ә.Назар баевтың
бастамасымен 2015
жыл – Қазақстан халқы
Ассамблеясы мен
Конс ти туциямыздың
– 20 жыл дығы, Қазақ
хандығының – 550
жылдығы, Ұлы жеңістің
– 70 жылдығы деп
жариялан ғандығы
баршамызға белгілі.
Осыған
орай,
қалалық
№12 кітап ханада мерейлі да
та лар ға арналған «Менің елім
– мәңгілік ел» атты тари хи та
нымдық кеш өтті. Шара бары
сын да «Қазақстан – дос тық ме
кені», «Қазақ хан ды ғына – 550
жыл», «Ұлы жеңіске – мәңгілік
тағзым», «Азат елдің арнамысы
– Ата заң!» атты кітап көрме лері
ұйымдастырылып, оқырман дар
ға кеңінен насихатталды. «Өзбек
қоғамдық мәдени орталығы» төр
ағасы Ашур Хамидов, «Татар»
қо ғам дықмәдени
орталы ғы
ның төр айымы Ғалия Ғизат ту
лина, кітапхана оқырман дары,
Ұлы Отан соғысының ардагері
Пар ман құл Асанов, кітапхана
оқыр маны Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік уни
вер ситетінің «Қорқыттану жә
не өлке тарихы» ғылыми зерт
теу
институтының
қызмет
кері Бақытжан Ахметбек, об
лыс тық «Жас Отан» жастар
қа на тының ұйымдастыру бө
лі мі нің меңгерушісі Талғат Ті
лес қатысып, өз ойларын ор таға
салды.
Сонымен бірге, кітапхана
оқыр мандары №1, №5 мек
теп тің оқушылары және Қы
зыл орда «Болашақ» меди цина
колледжі студент те рі «Достық»,
«Қазақ
хан ды ғы»,
«Жеңіс»,
«Ата Заң» та қы рыбында өлеңдер
оқып, «Қазақ елі», «Атамекен»
ат ты патриоттық әндер орын дап,
көрі ністер көрсетті.
Ал, кеш соңын орталық тан
дырылған кітапханалар жүйе
сінің әдіскері Райхан Сисекеева
қорытындылап, кітапхана оқыр
мандары мен келген қо нақ тарға
алғысын білдіріп, сыйсияпатын
тарту етті. Бір сөзбен айтқанда, бұл
шара кітапхана оқырмандарына
көрмеге қой ылған әдебиеттер
арқылы та рихымызды ұлықтап,
тарихи тұлғалардың еңбектерін
және есімдерін оқырмандарға
насихаттай отырып, өз Отанын
қастерлеуге, оның патриот болуға
тәрбиелеуді мақсат тұтқан кеш
болды.
А.НҰРЛЫБАЙ.
Атамекенінен
айырылып,
атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналған халық қаншама.
Ал, бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, абыройы артқан, төрткүл
дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Міне, шарықтайтын кез
– осы.
Ұлтжанды азамат, қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Мағауин:
«Еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат
жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келеді» дегенде осы бабалар
тарихындағы бұрын да әр түрлі құйтырқы саясатқа негізделіп, ұрпақтан әдейі
жасырылып, айтылмай, жазылмай, жазылса шынайы тарих бұрмаланып
берілген оқиғалардың қалпына келтірілуі тиіс екендігі туралы айтқан болар.
Тарихымыздың тура жолға түскендігінің кепілі – Қазақ хандығының 550
жылдығын атап өтуіміз.
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз
іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді
бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің
Жеті Жарғысы халқымыздың темірқазығы болды.
Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай,
Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай,
Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы
талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен
шайқастар өткізді.
Қызыл күнді шаң жапты, қара жерді қан жапты. Ажал оғы құлатты
талай батыр саңлақты. Бірақ, Абылай хан бастаған айбынды батырлар қазақ
хандығының туын құлатқан жоқ. Бұл еліміздің тәуелсіздігін қорғап қалу
жолындағы жан алысып, жан беріскен қиянкескі майдан болатын.
Міне, біздің өткенімізде ел бетіне қарай алмайтындай ешнәрсе жоқ.
Әрдайым ардың ақ туын биік ұстады. Осындай тарихымыздың, яғни, Қазақ
хандығының 550 жылдығын атап өтуде әркім өзінше үлес қосуға міндетті.
Отанға деген махаббатты ояту тағлымды тарихты, айбынды әдебиетті
оқытудан бастау алмақ. Тарих мен әдебиет – бірбірімен бітеқайнасқан пән.
Тарихтан әдебиетті, әдебиеттен тарихты көреміз. Қазақ әдебиеті – қазақ
тарихының айнасы. Сондықтан, жас буынның бойына туған жерге деген
буырқанған сезімді құю үшін, алдымен әдебиетімізді сүюді үйрету керек.
Өткен тарихына тереңнен бойлап, кешегісіне қаныққан жасөсіпірім ертеңгі
Мәңгілік елдің мықшегесі болмақ.
Сағираш ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,
№108 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қызылорда қаласы
АЙНАЛАЙЫН
ТӘҢІР БЕРГЕН БАҒЫҢНАН
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – 550
Халқымызды
үнемшілдікке шақырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен
өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі дүниежүзілік
экономикалық дардарыстың салдарынан әлемде болып жатқан
келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оның елімізге тигізетін
ықпалын мейлінше азайту бағытында қолға алынатын жедел
шаралар талқыланғандығы баршамызға мәлім.
Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары кездескен қиындықтар мен дағдарыстарды еңсеруге жол
сілтеп, халқымыздың бойына қуат пен сенім орната білген Елбасымыз алдағы қиындықтарды
жеңіп, міндеттерді мүлтіксіз шешу үшін Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Азға қанағат
білдіретін, молшылыққа шүкіршілік айтатын халқымызды үнемшілдікке, уыздай ұйыған бірлікке
шақырды.
Ұлттық қордан экономиканы одан әрі дамытуға бөлінетін 1 трлн. тенгенің әрбір тиынын
тиімді жұмсауды, түрлі мерейтойлар мен бұқаралық шараларға қаржыны ретсіз ысырап етпеуді,
зейнетақыларды, бюджеттегілердің еңбекақыларын, студенттердің стипендияларын, әлеуметтік
жәрдемақыларды азайтпауды тапсырды. Республикалық бюджетті ықшамдай отырып, орталық
атқарушы органдар шығындарын 700 млрд. теңгеге қысқартуға, бюджеттік саясатты қатаң ұстауға
тапсырма берілді.
Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті – қарапайым халықтың қамын жеп, оларды
толғандыратын мәселелерге мән беру, көмек көрсету екенін атап өтті. Соның ішінде ел
азаматтарының, билік басындағылардың ел мүддесі үшін білек сыбанып жұмыс жасауы болып
отыр.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
қалалық мәслихат хатшысы.
Елбасы Н.Назарбаевтың көрегенді, сарабдал саясатының арқасында
елімізде барлық ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт тіршілік етуде. 130-
дан астам ұлт өкілінің туған жері, қасиетті қара шаңырағына айналып отырған
бүгінгі қазақ елінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, қызмет көрсетіп
келеді.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 20 жыл. Аталмыш мерекеге орай, мерекелік шаралар жалғасын
табуда. Айталық, бірлік пен татулық жылының мәнмағынасын түсіндіру мақсатында №20 кітапханада «Қазақстан –
достықтың киелі бесігі» атты әдеби дайджест өтті. Әдеби дайджест «Бірлігі жарасқан елдің ырысы мол» және «Сан
ұлтты ұйыстырған Ассамблея» атты бөлімдер бойынша ұйымдастырылды. «Бірлігі жарасқан елдің ырысы мол» атты
бөлімінде елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі этнос өкілдеріне өздерінің тарихын, салтдәстүрлері мен халықтық қалпын
сақтаулары үшін үлкен мүмкіндіктер мен конституциялық құқықтар берілгені жайлы, ең бастысы, қазақстандықтардың
өзара келісім мен бірлікке қол жеткізіп отырғаны мемлекетті баянды, мәңгілік ел ететінi жайлы әңгімеленді.
Ал, «Сан ұлтты ұйыстырған – Ассамблея» атты бөлімінде еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы
Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны мен рөлі жайлы дерек көздеріне сүйене отырып, республикалық және
жергілікті баспасөз беттерінде жарияланған Ассамблея мүшелерінің қазақ еліне деген ыстық ықылас, зор сүйіспеншілікпен
айтылған пікірлері оқырмандарға кеңінен таныстырылды.
Сондайақ, шара барысында «Шаңырақ астындағы шынайы достық» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу
жасалды. Өз кезегінде кітапхана оқырмандары «Бүгінде әлем елдері Қазақстанды көп ұлтты мемлекет ретінде біледі,
елдегі ұлт пен ұлыстың мызғымас татулығы мен бірлігі өзгелерге үлгі боларлықтай және еліміздегі қоғамдық келісім мен
тұрақтылықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының алатын орны мен рөлі жоғары» деген пікірлерін ортаға
салды.
Ақтолқын СЕЙІТЖАППАР.
ҚАЗАҚСТАН –
достықтың талбесігі
ЕРЛІК ЕЛГЕ – МҰРА,
ҰРПАҚҚА – ҮЛГІ
2-бетте
ҚАРАҚҰСКЕЛІСТЕН
ҚАНАТ ҚАҚҚАН
ҚЫРАН
3-бетте
АҚМЕШІТ
апталығы
№13 18 АҚПАН, 2015 ЖЫЛ
КЕЛБЕТ
2
Балалық шақтың балғын дәмімен мектеп қабырғасында жүргенде Қазақстанның ғана емес,
Орталық Азия мемлекеттерінің ең үздік оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
студенті болуды албырт көңілім қатты қалайтын. Менің оқуға түсуім ең алғаш ата-анамды қатты
қуантатыны анық. Соны ойлап, күндіз-түні бас көтермей сабақ окып дайындала бастадым.
Арман-тілегім орындалып, Алматыдай алып шаһарға арман қуып жол тарттым. Алғашында
алып шаһар мені өзіне құштар ете алмады. Өз ортасынан гүлді қопарып алып, басқа ортаға
апарып отырғызғандай біраз жатырқадым. Уақыт өте келе, жылы жүзді, нағыз энциклопедия деп
атауға лайық мұғалімдер дәріс өте бастағанда жаныма жайлылық сезіліп, өзімнің нағыз білімділер
ордасына қадам басқанымды аңғардым. Айтқандай, дәріс демекші, мұнда мектептегі көптеген
сөздердің орнын жаңа терминдер алмастырады. Мысалы, мұғалім-оқытушы, сынып жетекші-
эдвайзер, журнал-сынақ кітапшасы, сынып-курс, класс-дәрісхана.
ҚазҰУ – қазақ білімінің қарашаңырағы. Тарландар мен арландарды түлеткен білім ордасы әлі
талай мықтыларды шыңдайды. Университетке биыл 80 жыл. Ұлттық университет көз алдыма ақылы
дария дана қарияны елестетеді. Ғасырға жуық жасы бар қарашаңырақтың атына түлектерінің кір
келтірмесі анық.
Айдын ТИЛЛАБЕК,
ҚазҰУ студенті.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен
шығарылғанына 26 жыл толып отыр. Осыған орай
«Тағзым» алаңында «Ерлік те, елдік те ұрпаққа
аманат» атты Ауған соғысы ардагерлерін еске алу
шарасы өтті. Аталмыш шараны қалалық ішкі саясат
бөлімі ұйымдастырды.
Шара басында сөз алған қала әкімінің
орынбасары Роза Боханова «Бүгін баршамыз үшін
тарихи маңызы бар күн. Қаншама жерлестеріміз ана
сүтін ақтап, Отанға деген парызын өтеді. Ертеңгі
ел болашағы бүгінгі ұрпақ сіздерден үлгі алады.
Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Елімізде,
жерімізде алдағы уақытта тек бейбіт күн орнасын»,
– деді.
Ауған соғысына қатысып, Отан алдындағы
борышын өтеу жолында қапыда қаза болған
жандардың батыл істері келер ұрпақтың жадында
ерліктің үлгісі болып қалмақ. Жиналған қауым
соғыста қаза болған азаматтарды бір минут
үнсіздікпен еске алды.
Сол бір жылдары қаншама қазақ ұландары жат
жерде жауынгерлік рухтың ерен үлгісін көрсете
білді. Еліміз бейбіт күн кешіп жатқанда, бозбалалар
оқ пен оттың ортасында болды. Ал, кейбірі елге
оралмай жат елде жан қиды. Қазақстаннан бұл
соғысқа 22000 азамат аттанды. Оның 900-ден астамы
қаза тауып, 21-і хабарсыз кетті. 86 азаматымыз
Кеңес Одағының батыры атағын алды. Қызылорда
облысынан 827 азамат аттанып, оның 18-і соғыста
ерлікпен қаза тапты. Бүгінде 600-ден астам ардагер
өңірімізде бейбіт күн кешіп жатыр.
Бұл жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытыл-
май ды, біз оларды әрқашан құрметтейміз, мақтан
тұтамыз.
Генерал-майор Әлімжан Қанағатұлы: «Кеңес
әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 26
жыл толып отыр. Сол бір сұрапыл соғыс өрті әлі
де қаншама жүректерді шарпып, жауынгерлердің
жадынан өшкен емес. Кеңес әскері Ауған жерінен
шығарылды деген хабарды естіген халық иығынан
бір жүк түскендей болды. Міне, содан бері еліміз
басынан бейбіт күндер өткізіп келеді. Енді елімізде
соғыс болмасын. Халқымыз ауызбіршілікте болсын.
Келер ұрпақ ешқандай қиыншылықтар көрмесін», –
деді.
Шара соңында Ауған соғысында ерлікпен қаза
тапқан азаматтардың рухына құран бағышталды.
Жиынның жалғасы Асқар Тоқмағамбетов атындағы
мәдениет үйіндегі «Айбыны асқақ ардагерлер» атты
кездесу кешіне ұласты.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА – ҮЛГІ
Бүгінде әлемнің көптеген мем-
ле кеттерінде туризм саласынан
тү сетін табыс көзі, елдің бюджет
қоржынына түсетін қаржының ба-
сым бөлігін құрайтыны рас. Ал,
ресми деректер туризмді мұнай-
дан кейінгі табыс табудың ерекше
көзі екендігін көрсетеді. Мұны,
бізден бұрын дүниежүзі елдері
әл деқашан түсінді. Солардың қа-
тарына Мысырдан бастап, Таяу
Шығыстағы, Еуропа мен Афри ка-
дағы, Австралия мен Латын Аме-
рикасындағы көптеген мемлекет-
терді жатқызуға болады. Мәселен,
Мысыр мен Грекияның, Түркия
мен Италияның, Тайланд пен Бі-
ріккен Араб Әмірлігінің т. б. осы
секілді өркениетті мемлекеттердің
жыртығын жамап, экономикасының
тамырына қан жүгіртіп отырған
дәл осы туризм саласы десек,
артық айтқандық болмас. Айталық,
араб халықтарының түсінігінде
мынадай ұғым қалыптасқан екен:
«Елде жиырма жылдан кейін мұ-
найдың қоры таусылады. Сол
жағдайда, мұнайдан кейін елдің
экономикасын
еселейтін
бір-
ден-бір жалғыз жол – туризм»,
– деген. Осы берік қағиданы мық-
тап ұстанған олар, аталмыш
са лаға айрықша көңіл бөлуді
әлдеқашан қолға алды. Іргесі шөл
ортасынан қаланған қала аз ғана
уақыттың ішінде әлемдегі алдыңғы
қатарлы туристік аймақтардың
кө шін бастап тұр. Дубайдың да-
мы ғандығы соншалық, ми кеп-
тірер ыстық шөлейтті жерге теңіз
әкеліп, оның ортасынан жасан ды
аралдар тұрғызған. Ол, ол ма? Ауа
температурасы он градус төмен-
діктегі мұз айдынын құрайтын қа-
ла шық та жасалып қойған. Осы
ке реметтерді көру үшін жыл сайын
миллиондаған адам Дубайға сапар
шегеді.
Иә, көзін тапқанға туризм үлкен
табыс әкеледі. Әрі табиғатқа,
экологияға зиянын тигізбейтін таза
бизнестің түрі – бұл. Бірақ, біздің
елде осы бір саланың алға баспай,
кенжелеп тұрғаны жасырын емес.
Әйтпесе, Аллаға шүкір, Қазақстан
шетелдік туристерді қызықтыра
алатындай табиғи сұлулықтардан,
тарихи құндылықтардан кенде
емес. Бізге Дубайдағыдай, еш нәр-
сені қолдан құрастырудың керегі
де жоқ. Өйткені, күнге қызды-
ры натын аптап ыстық та, қысқы
суық та өзімізден табылады.
Ұш қан құстың қанаты талатын
ұлан-ғайыр аумақты бір өзі алып
жатқан Қазақстанның батысы
мен шығысы, оңтүстігі мен сол-
түс тігі ежелден жер қойнауы мен
тарихи жәдігерлерге толы мекен.
Атырау мен Маңғыстау, Орал мен
Ақтөбе, одан бергі абыздар мен
би-батырлардың жатқан мекені
— Қызылорда мен Шымкент
өңірі, солтүстіктегі Көкшетау мен
Павлодар, жер жәннаты Жеті-
судың, Баянауылдың көз тартар
әсем жерлері еліміздің мәртебесін
асырып, атақ-абыройын еселеуге
негіз бола алатындай-ақ өңір
-
лер. Ондағы табиғи көркем өл-
ке ле ріміздің көптігі сонша, олар-
ды тізбелеп айтып тауысу тіптен
қиын. Бірақ, неге солай бола тұра,
отандық туризм табыс табуға қау-
қарсыз? Мұның басты себебі – ел-
дегі баға мен көрсетілетін қызметтің
сапасында дейді, кейбір сарапшы
мамандар. Кейінгі кезде шет елге
барып демалушылардың арасында
қазақстандық шипажайлардың ба-
ғасы қымбат әрі сұранысты толық
қамтамасыз ете алмайды деген
пікірлер көп айтылып жүр. Елдегі
инфрақұрылым мәселесі де жөнді
емес. Ал, шетелде керісінше, аз
төлеп толыққанды демалып келуге
мүмкіндік жоғары. Сондықтан, кө-
бісі, алыс та болса Анталияға
ба рып демалғанды жөн көреді.
Тіпті, көршілес жатқан Қырғыз
елінің Ыстықкөлі де қазақ жерінен
әлдеқайда бағасы төмендеу. Әрі
онда келушілердің де саны әжеп-
теуір. Бұдан кейін өзге елдің бюд-
жет қоржынын қазекеңдер қом-
питпай жүр деп кім айта алады?
Сонымен қатар, қазақстандық
туризмді дамытуда экономиканың
басты қозғаушы күші – жарнама да
жетіспейді. Шынтуайтын айтқанда,
өңірдегі курорттық орындардың
атын, орналасқан аумағын өзгелер
түгіл, өзіміз де біле бермейміз.
Ал, көріп жүргеніміздей, шетелдік
демалыс орындардың жарнамасы
теледидар мен ғаламтор беттері-
нен жер жарады. Оған қоса, қонақ
үйлердегі қызмет көрсету деңгейі
мен оның халықаралық стандартқа
сәйкес болуы және туристерді күтіп
алушы қызметкерлердің шет тілін
білмеуі тағы бар. Сондықтан, бізге
бірінші кезекте, осы талаптардан
да шыға білу керек сияқты. Әйт-
песе, елімізде туризм оқуын оқып,
қалтасына құр дипломын салып
жүрген жұмыссыздар көп. Егер де
осы сала шынымен жанданып, бір
жолға түсетін болса қаншама жас-
тарымыз жұмысқа орналасар еді.
Ең бастысы, туризмді дамыту
арқылы тек табыс түсірумен ғана
шектелмей, сондай-ақ, ел мен елді
байланыстыруға, тығыз достық пен
әріптестік қарым-қатынас орнатуға
да қол жеткізе аламыз. Өйткені,
сырттан келген туристер еліміздің
тыныс-тіршілігімен,
әлеуметтік-
эко номикалық және басқа да са-
ладағы жетістіктерімен жете та-
ныса алады. Ал, бұл дегеніміз екі
елдің өзара бірлігі мен ынтымағын
нығайтады деген сөз.
Елбасының өзі туристердің
сая хаттауына мейлінше қолайлы
жағ дайдың жасалуын үнемі айтып
келеді. Оған қоса, елімізде туристік
индустрияның перспективалы ба-
ғыт тарын дамыту жөніндегі 2010-
2014 жылдарға арналған бағ дар-
лама енгізіліп, қомақты қаржы бө-
лінді.
Сондықтан,
туризмді
да-
мытуға мемлекет тарапынан бір-
де-бір қолдау көрсетіліп жатқан
жоқ деуге бізде еш негіз де, себеп
те жоқ. Сол себепті, қайтсек те,
қазақ туризмін өрге бастырып,
Батыс Еуропаны Баянауыл мен
Бурабайға, Анталияны Алакөл мен
Іле Алатауына алмастыратын кез
жетті.