Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата24.03.2017
өлшемі28,41 Mb.
#10112
1   2   3

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

қалалық мəслихат депутаты.

ӘКЕ ПЕРЗЕНТ ЖҮРЕГІНДЕ

ЖАСАЙ БЕРЕДІ


3281

165


27.04.2011

Мекен-жайымыз: 120008, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4. Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі.

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат

агенттігінде 11.07.2014 жылы қайта тіркеліп, №14459-Г куəлігі берілген. 

Аптасына 2 рет, сəрсенбі, сенбі күндері шығады.

Бейбарыс Сұлтан көшесі 4.



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

4

¹13     18 ÀҚÏÀÍ, 2015 ÆÛË

ÐÓÕÀÍÈßÒ

САЛТ-ДӘСТҮР

Қазақ  халқының  əдет-ғұрпы  бойынша,  жоқтауды  марқұм  болған 

адамның артында қалған əйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да  жа-

нашыр  туыстарының  əйелдері  айтатын  болған.  Ел  ішіне  кең  тараған 

жоқтау  жырлары  негізінен  айтар  ой  сарыны,  ұйқасы,  образды  сөз 

кестесі жағынан бір-біріне ұқсас болып келеді. Бұрында елге қадірлі, 

беделді  адамның  қазасын  лайықты  жырмен  жоқтау  оның  артындағы 

қалған  ел-жұртына  салмақты  сын  болса  керек.  Əдетте,  жаттанды 

сөздермен  көпке  белгілі  жоқтау  үлгілері  ондай  кезде  жаңаша  айты-

лып, мазмұны жағынан толығып отырған. Ел есінде сақталған осындай 

жоқтау үлгілері ауызша тарап, көпшілігі бүгінгі күнге дейін  ұрпаққа 

жетіп отыр. 

Алайда, бүгінде жалданып жоқтау айтып, кəсіп қылып, нəсіп тау-

ып жүргендер де жетерлік. Естіген құлақта жазық жоқ. Біздің қоғамда 

жоқтау айтатын əйелдерді жалдау кəсібі белең алуда. Естіген адамды 

есеңгірететін кəсіптің түрі əзірге жасырын түрде жүргізілетін сыңайлы. 

Сонда олар үшін адам өлімі – табыс көзіне айналып отыр.

Қазіргі  кезде  той-томалақтың  шоу  кейпінде  өтетініне  етіміз 

үйренген. Театрдағы кейбір қойылымдардан тойдың қызықты өтетініне 

куə болып жүрміз. Қыз ұзатып, келін түсіргенде өнер адамдары жал-

данып, өнер көрсететіні жасырын емес. Əрине, тойдың аты – той, ал, 

қазалы үйде жалданып жоқтау айту қынжылтатын дүние болып отыр.

Біз неге жоқтау айту үшін адам жалдайтын күйге түстік деген са-

уал  қай  адамды  болмасын  мазалайтыны  анық.  Жыл  өткен  сайын  за-

ман өзгерді ме, əлде адам өзгерді ме?.  Бүгінде салт-дəстүрдің қадір-

қасиетін  түсіріп,  əдет-ғұрпымызды  ұмыта  бастадық  па?    Қандай 

кəсіппен айналысып, нан тапса да бəрібір біреудің өлімінен бизнес жа-

сау ақылға сыймайтын жағдай. 

«Қаза  болып  жатқан  отбасының  ауыр  халіне  көңіл  айтудың  ор-

нына,  қайғы  жұтқан  қаралы  үйдің  жағдайын  пайдаланып,  оны  ақша 

табудың  көзіне  айналдыру  үлкен  күнə  болып  есептеледі.  Құран 

кəрімде:  «Менің  аяттарымды  азын-аулақ  ақшаға  айырбастамаңдар», 

деген мағынадағы аят бар. Молданың дүниеден озған кісінің жаназа-

сын  шығаруға  барғанда,  «құран  бағыштадым»  деп  ақша  талап  етуге 

болмайтыны секілді, жоқтау айту үшін ақы талап етуге əсте болмай-

ды. Жоқтауды салт бойынша сол үйдің қыз-келіндері, жалпы, сол үйдің 

əйел адамы айтуы тиіс. Жоқтағанда марқұмның тірлікте істеген жақсы 

істерін, жақсы адами қасиеттерін айтуы керек. Сырттан келген жалда-

малы қызметкер оны қайдан білсін. 

Иə,  қазалы  күнде  жоқтау  айту  ертеден  келе  жатқан  ұлттық 

дəстүрлеріміздің  бірі.  Өлімнен  қара  жамылу  қазаққа  ғана  тəн  емес. 

Əлемнің көптеген елдерінде жоқтау айту үрдісі ежелден бар. Тек «əр 

елдің салты басқа, иті қара қасқа» демекші, əрқалай жоқтайды. Бүгінде 

өз арамызда жоқтау салты мүлдем құрып кетпесе де, əбден ескіріп бара 

жатқаны ақиқат. 

  Қазір  кезде  жоқтау  жаттанды  түрде  айтылып  жүр.  Қала  түгілі, 

қазақшылығымыз  мол  ауылдық  жерлерде  де  солай.  Əйелдер  бір-

бірінен жазып алып жаттайды. Сол  жоқтауды əкеге де, анаға да, балаға 

да арнайды. Əйтеуір айту керек деп айтып шықса болғаны. 

Жоқтау  барлық  адамның  жан  дүниесiн  тебiрентетiн,  сай-сүйегiн 

сырқырататын, егiлтетiн болуы керек. Шын жүректен айтылған жоқтау   

жүрекке жетсе, күңiренген жұрт ұйып тыңдап, ерiксiз егiледi. 

Бүгінде  бір-бір  парақты  қасына  қыстырып  қойып,  бір  көзінің 

қиығымен соған қарап отырып айтатын ағайындарды да көріп жүрміз. 

Əрине, қазіргі кезде адамдардың жоқтау жаттап отыратын уақытының 

болмауы  да  мүмкін.  Əрі  басқа  садақалар  мен  жаназа  жиындарына 

барғанда  өзгелердің  қандай  жоқтау  айтып  отырғанын  тыңдамайтын 

да  шығар.  Сондықтан  болар,  осындай  дəрежеге  жетіп  отырғанымыз. 

Жоқтау – өлген адамды еске алу, ана өмірге аттанған жанмен кешуле-

су екенін ұғынатын жандар көп болса екен дейміз. 



Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

ÆÀËÄÀÍÛÏ ÆÎҚÒÀÓ ÀÉÒÓ 

ÊӘÑІÏ ÊӨÇІÍÅ ÀÉÍÀËÛÏ ÎÒÛÐ

– Қайрат, редакциямызға қош келдің! Алдымен 

əңгімемізді оқырмандарымызға сені таныстырудан 

бастасақ... 

–        Рақмет!  Өзім  1993  жылы  дүниеге  келдім. 

Қызылорда  қаласына  қарасты  Тасбөгет  кентінің 

тұрғынымын.  Қарапайым  ғана  отбасым  бар,  анам 

жəне  қарындасым.  Шағын  отбасы  болсақ  та,  бəрі  де 

өнер адамдары. Анам Нəзипа əн салғанды өте жақсы 

көреді.  Қарындасым  да  өнер  жолын  таңдады.  Өзім 

де  М.Мəметова  атындағы  Қызылорда  гуманитарлық 

колледжінен  актер  мамандығы  бойынша  білім  ал-

дым. Аллаға шүкір, Нартай Бекежанов атындағы қазақ 

музыкалық драма театрының əртісі болып жұмыс жа-

сап жүрген жайым бар. 



–      Қазір  сені  мерекелік  шараларда,  той-

томалақта  жиі  көріп  жүрміз.  «Тука»  деп  аталып 

кеткен өнер иесі Нұржан Төлендиевке ұқсастығын 

бар. Жалпы, Тукадай болғың келе ме?

–  Нұржан ағамызға еліктеушілік 7 сыныпта оқып 

жүргеннен  басталды.  Алғашында  оның  əзілдерін 

көріп,  кейін  қайталап,  бертін  келе  ұқсай  бастадым. 

Ұқсастық  деп  отырсыз,  менің  сөйлеу  мəнерім,  түр-

сипатым ұқсайды. Тіпті, оны Нұржан ағамыз да айтты. 



–  Нұржан  Төлендиев  сенің  өнеріңді  көрді  ме, 

қалай бағалады?

– Иə, Сыр еліне келген кезінде жолыққан болатын-

мын. Жақсы деп бағалап, ағалық ақыл-кеңесін берді. 

Осы  салада  жүргендіктен,  Тұрсынбек  Қабатовпен 

де  кездестім.  Бірақ,  «əлі  жассың,  өнеріңді  шыңдай 

түс» деген кеңес айтты. Əрине, бұл өнер жолындағы 

бастапқы баспалдағым деп білемін.

– Саған да қызылордалықтар ат қойып үлгірген 

болар...

– Бірде мынадай қызықты жайт болды. Бəрі Тука 

деп кеткен соң, «Осы сенің шын есіміңді де білмейміз» 

деп  сұрағандары  кездесті.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

Қызылорданың Тукасы мен ғой.

–  Халық білетін Нұржан əн салады, мықты ак-

тер. Ал, біз білетін Сыр елінің Қайраты пародияны 

жақсы жасайды. Басқа да қандай өнерің бар?

– Одан бөлек жазба ақындығым бар. Бала кезімнен 

қысқаша  етіп  өлең  жазатынмын.  Əуелі  махаббат 

тақырыбынан  бастадым,  əрмен  қарай  мені  дүниеге 

əкелген  анама,  өмірге,  өзімнің  білім  алған  алтын  ұя 

мектебіме арналған өлеңдер жаза бастадым. 



– Кімдерге пародия жасайсын?

–  Пародия  жасаған  өзіме  ұнайды.  Алдымен 

Елбасымызға,  Əбсаттар  қажы  Дербісəліге,  Иманғали 

Тасмағамбетовке, өнер иелері Уəлибек Əбдірайымовке, 

Нұржан Төлендиевке, əншілерден Медеу Арынбаевқа, 

Мейрамбек  Беспаевқа,  Нұрлан  Еспановқа,  Заттыбек 

Көпбосыновқа, Қайрат Нұртас пен Қайрат Түнтековке, 

Сырым  Исабаевқа  жəне  «Менің  атым  Қожа»  атты 

фильмдегі Қожаға пародия жасаймын. Ал, нəзік жан-

дылардан Жанар Айжановаға пародия жасап жүрмін. 



–    Той-томалақтың  басшысы  –  асаба.  Яғни, 

арасында  асаба  боласын,  егер  құпия  болмаса 

асабалықтың бағасы қанша? 

–   Құпия емес. Ең бастысы, халықтың жағдайына 

қараймын. Мəселен, бір тойға шақырады, тек ол жер-

де пародия ғана жаса деген ұсыныс түседі. Ал, кейбір 

той  иелері  бастан-аяқ  асаба  болуымды  қалайды. 

Сондықтан,  əрқайсысының  бағасы  əртүрлі.  Айта 

кетейін, пародия мен əн салу 10 мың теңге тұрады. Ал, 

асаба болсам, 30 мың теңге. Барға қанағат деу керек.



–  Туканың  емес,  өзіміздің  Қайраттың  алға 

қойған мақсаты қандай? 

–  Өнердің тарихында өз орнымды тауып, атымды 

қалдыру. «Өзге елде ұлтан болғанша, өз жерінде сұлтан 

бол» дегендей, осы киелі Сыр елінің еркесі де, серкесі 

де болып жүргенім дұрыс деп ойлаймын. Көбіне күліп 

жүремін, сөйтіп айналамдағыларды күннің шуағындай 

күлкіге бөлеп жүргім келеді. 

Голливудтің  актері  Джим  Керри  айтқан  екен: 

«Күліп  жүргеніммен,  бақытты  емеспін»  деп,  ал  мен 

өзімді бақытты санаймын. Аллаға шүкір етемін.



–  Қайрат, сыр сұқбат бергенің үшін рақмет! Та-

лантына Алланың нұры жаусын! 

Сұқбатты жүргізген:



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

ТАСАДАҒЫ ТАЛАНТТАР

Қызылорданың «ТУКАСЫ»

Тасадағы  таланттар...  Бұл  –  «Ақмешіт  апталығы»  газетінің  жаңа  айдары.  Расында  да  бізде  өнер  саласында  көрінбей  жүрген  талант  иелері  баршылық. 

Айдарымыздың мақсаты – осындай тасада жүрген таланттылар жайлы сыр бөлісу, ашық әңгімеге шақыру. 

Журналистер қауымы көбіне іс-шараларда жиі жүреді. 1 қазан-қарттар күнінде Ардагерлер үйінде қарияларға арналған жақсы шара өтіп жатыр екен. Ортада 

жас жігіт тұр, өзінің әдемі әзілімен көпшілікті баурап алған. Бәрі де мәз-мәйрам. Алғашында мән бермедім, бірақ даусы, түр-сипаты бүгінгі қазақ сатирасының 

тарланы Нұржан Төлендиевке қатты ұқсайтынын байқадым. 

Иә, расында да ұқсастық бар. Сөйтсем, қарияларымызға өзінің әзілімен күлкі сыйлаған – Қайрат Әбжәлиев деген өнерпаз екен. Жоғарыда атап өткендей, 

аталмыш айдарымыздың алғашқы қонағы ретінде Қайратты сұқбаттасуға шақырдық.

ҚÛÑҚÀ ÑҰÐÀҚҚÀ 

ÍÀҚÒÛ ÆÀÓÀÏ...

– Өмірлік ұстанымың...

Ең бастысы, адам болу.



– Көбіне көңілді жүресің, жиі ашуланасың 

ба?

–  «Ашу-дұшпан»  дегендей,  көп  ашулана 

бермеймін.

–  Өзіңе  ұнайтын  жəне  ұнамайтын 

қасиеттерің...

–  Ұнайтын  қасиетім-көпшілмін,  тез  тіл  та-

бысамын.  Ал,  ұнамсыз  қасиетім-орынсыз 

сөйлейтінім.



–  Адамды  қандай  қасиетіне  қарап 

бағалайсың?

– Адамгершілігіне қарап бағалаймын.

Ə.Тəжібаев  атындағы  облыстық  əмбебап 

ғылыми    кітапханасында  тағылымға  толы  та-

рихи танымдық кеш өтті. «Бабалар салған сара 

жол» атауымен өткен шараның мақсаты: Қазақ 

хандығының тарихын қаһарман елдің бүгінімен 

сабақтастыру, батыр бабалардың өмірін үлгі ет-

кен шығармаларды оқырмандарға таныстыру. 

Мемлекет    басшысының    «Нұрлы  жол  –  

болашаққа бастар жол» Жолдауында айтқандай,  

2015  жылғы  бірқатар  мерейтойларды  салта-

натты  жағдайда  мерекелеу  тапсырылды.  Мере-

ке ішіндегі шоқтығы биігі – Қазақ хандығының 

550  жылдығын  қамтыған  тарихи  күн  жады. 

Кітапхана  қызметкерлері  де  көрнекті  күнді 

кеңінен насихаттап, өз үлестерін қосты. 

Шараға  №211  орта  мектептің  «Жас 

ұландар»  тобы  қатысты.  №136  мектеп-

ÊІÒÀÏÕÀÍÀØÛËÀР

ÀÉÒÓËÛ ÊҮÍÃÅ 

ҮÍ ҚÎÑÒÛ


лицейінің  оқушылары  мен  оқырмандар  жи-

налды.  Оқушылар  қара  қылды  қақ  жарып, 

əділ  сөйлеген  қазақ  билерінің  өсиеттерін 

жатқа  айтып,  арғы  тарихымыздың  ұшқынын 

көрсетті.  Жеткіншектер  «Сен  темір  де,  мен 

көмір  –  еріткелі  келгенмін,  Қазақ-қалмақ  бала-

сын  теліткелі  келгенмін»  –  деп  «Қазбек  бидің 

Қалмақ  ханына  барып  сөз  байласуын»    сахна-

лап, көрерменін бейжай қалдырмады. 

Тарихшы  Ақылбек  Қалиев  келушілерге 

қазақ халқының қалыптасу тарихын əңгімеледі. 

XV ғасырдан бергі Қазақ хандығының құрылуы, 

оны сақтап қалу үшін жанын салған хандар мен 

батырлардың ерліктерінен сыр шертті. Шынайы 

əңгімеге  еліккен  оқушылардың  көкейіндегі 

сұрақтарға жауап берді. 

Кітапхананың 

тұрақты 


оқырмандары 

Əйгерім  Райымқұл  Мұхтар  Шахановтың 

«Отырардың күйреуін», Дəулет Сайлау Несіпбек 

Айтұлының  «Ерлік  пен  тектілік»  өлеңдерін 

мəнерлеп  айтып,  тыңдарманының  ыстық 

ықыласына  бөленді.  Төрехан  Совет  «Мəңгілік 

ел» атты  төлтуындысын  оқып,  кешті  жандан-

дыра  түсті.    Рухани  өнер  иелері  тоғысқан  жи-

ында    Əлиасқар  Рахманберді  Құрманғазының 

«Қайран шешем», Дəулеткерейдің «Жігер» атты 

күйлерін  тамылжыта  орындады.  Шара  соңыда  

кітапхана қызметкерлері  «Бабалар салған сара 

жол»  атты  кітап  көрмесіне  библиографиялық 

шолу жасады.    

Елдің  дүбірлі  тойына  əркім  өзінше  үлес 

қосуда.  Кітапхана  қызметкерлерінің  тарихи 

танымдық  кеші  көрерменіне  ой  салар  дүниеге 

толы  болды.             



Б. ƏДІЛБАЕВА.

Ел  басқарған  патшалар  ықылым  за-

маннан өз сыңарларын ұстаған. Əлбетте, 

қауіпсіздік  үшін.  Сонымен  қатар, 

ұқсастығын пайдаға асырып, тақты тар-

тып алатындар да кездескен. Еуропа та-

рихын парақтасақ, Франция королі XIV 

Людовик  қолындағы  биліктен  айрылып 

қаламын  деген  үреймен  сыңарына  бет-

перде кигізіп зынданға тастаған. Дəл осы 

оқиға  желісімен  «Темір  бетперде  киген 

адам» фильмі түсірілген. Осы жерде ре-

жиссер  Леонид  Гайдайдың  «Иван  Ва-

силь евич мамандығын ауыстырады» де-

ген  кинокомедиясын  да  еске  алып,  бір 

езу тартып алған шығарсыз.  

Ресей  патшаларының  арасында 

тұңғыш  сыңар  ұстаған  –  І  Александр. 

Билеушілердің  сыңарлары  байлыққа 

белшесінен  батып  өмір  сүрген,  алайда, 

ол өмір көзден бұлбұл ұшады. Өйткені, 

олар – патша амандығы үшін алдын ала 

дайындалған құрбандық. 

ХХ  ғасырдың  азулысы  Сталин  өз 

қаһарын  сыңарларынан  да  «аямаған». 

Өлімнен  қорыққан  көсемнің  15-ке 

жуық «көшірмесі» болған-мыс. Ал, рес-

ми  түрде  –  төртеу.  Олардың  барлығы 

ҰҚК-нің  темірдей  тəртібімен  «Ста-

лин»  болып  тəрбиеленген.  Солардың 

бірі – актер Феликс Дадаев. 1923 жылы 

Дағыстанда  туылған.  Сырт  келбеттері 

мен дауыстарының сəйкестігі  соншалық, 

кімнің-кім  екенін  ажырату  мүмкін 

болмаған.  Дадаевті  «ел  басқаруға» 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызмет-

керлері  бірнеше  ай  қатарынан  дайын-

дап,  саяси  сахнаға  алып  шыққан.  Ол 

туралы  Феликстің  өзі  «Дождь»  теле-

каналында  берген  сұхбатында  былай 

дейді:  «Иосиф  Виссарионұлы  түскен 

кинопленкалардың  ортасына  сағаттап 

отырғызып қоятын.Оның ым-ишарасын, 

қимыл-қозғалысын,  дауыс  ырғағын 

қайталатқызады.  Біздің  бойымыз,  да-

уысымыз  жəне  мұрнымыз  бірдей.  Тек 

құлағымыз  ұқсамайды.  Тері  түстес  зат-

пен құлағыма құлақ жалғайтын. Сол кез-

дерде пластикалық отаның болмағанына 

шүкір. Ал бетіме көсемдікіндей қорасан-

нан  қалған  дақты    темір  тісті  тарақпен 

өзім салатынмын». 

Феликс  Дадаев  қазір  90-нан  асты. 

Сталин  жайлы  түсірілген  фильмдердің 

барлығында өзі ойнаған. 

Қанқұйлы  билеушінің  тағы  бір 

сыңары – Евсей Лубицкий. Украинаның 

Винницы  қаласында  есепші  қызметін 

атқарып  жүрген  жерінен  «көсемдік» 

қызметке  алынады.  Евсейді  6  ай 

дайындықтан  өткізеді.  Осы  аралықта 

оның  отбасы  мүшелерінің  көзін  түгел 

жойған. Шаңырағының шайқалып, орта-

сына  түскенінен  бейхабар  Лубицкий  өз 

рөлін шынайы ойнап, құрмет-қошеметке 

бөленіп  жүре  береді.  Ол  1952  жылға 

дейін  «көсем  болған»,  одан  əрі  түрмеге 

қамалып,  ату  жазасына  кесілген.  Алай-

да,  1953  жылғы  Сталиннің    өлімі  оны 

ажалдан  құтқарып  қалды.  Есепші  бұл 

ақиқатты Канада журналистеріне берген 

сұхбатында  ғана  айтқан.  Талай  қырғын 

болса  да,  ажалды  өледі,  есепші  Евсей  

1981 жылы бақилық болады. 

Ресей  публицисі  Юрий  Мухин  Бо-

рис  Ельцинді  2007  жылы  емес,  1996 

жылы  бесінші  жүрек  талмасынан  кейін  

дүниеден өткен дейді. Бұлай  деуге  от-

адан  кейінгі  Ельциннің  денсаулығының 

да,  түр-əлпенің  де,  тіпті,  өзіне  тəн 

күлкісінің  де  өзгеруі  сеп  болған.  Елде 

дүрбелең  туғызбас  үшін  оның  орнына 

сыңары немесе сыңарлары отырған-мыс. 

Мухин  ұзақ  жылдар  бойы  Ельциннің 

суреттерін,  бейнекөріністерін  салысты-

рып,  осындай  тұжырымға  келеді.  Ресей 

президентінің бала кезінде гранат жары-

лып,  бірнеше  саусағынан  айырылғаны  

белгілі.  Ю.Мухин  бақылау  кезінде, 

1996  жылдан  кейін  саусақтардың  қайта 

қал пына  келгенін  фотосуреттермен 

дəлелдеген. 

Сол  сыңарлар  кімдер  еді?  Орталық 

басқару комитетінің құпия ұстағаны сон-

ша, əлі кім екені анықталмаған. Бұл əлі 

талай  ізденушінің  қызығушылығын  оя-

татыны анық. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде 

Уинстон  Черчилль  үшін  оның  сыңары 

радиодан  сөйлейтін  болған.  Аты  шулы 

Адольф  Гитлер  1950  жылдарға  дейін 

өмір  сүрген  деген  болжам  бар.  Өз-

өзіне  қол  жұмаған  фюрердің  дəл  өзі 

емес  екендігін  жанталаса  зерттеген 

ғалымдардың сөзінде жан болуы мүмкін. 

Себебі,  Гитлердің  күзетшілерінің  бірі 

əміршісінің    10-ға  жуық  «көшірмесі» 

болғанын айтады. 

«Батыр бір оқтық». Қырық қабат қор-

ғанда  тұрса  да,  ешкім  де  ажалдан  қаша 

алмайды.  Алайда,  олар  сақтанғанды 

сақ тайды  деген  қағидамен  кезекті  құр-

бан дықтарын ұстады. Осыдан-ақ, ел бас-

қарудың  оңай  еместігін  көруге  болады. 

Қойнауы құпияға толы тарих беттері əлі 

талай сырларын ашары анық. 

Тарих беттерін парақтаған: 

Балғын БОЛЫСБАЙҚЫЗЫ.

ÅË ÁÀÑҚÀÐҒÀÍ “ÅÃІÇÄÅД




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет