Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.01.2017
өлшемі9,81 Mb.
#1415
1   2   3   4

ЕУРАЗИЯ  БІРІНШІ  АРНАСЫ

06.00 «Əке  серті» 06.50 Жаңалықтар 07.00 «Доброе  утро» 

11.00 «Петрович» 13.00 Жұма уағызы 13.15«Сваты у плиты» 13.45 

«Наединесо весеми» 14.40 «Дикий 3» 15.30«112» 15.45 «Дикий 3» 

16.50 Ждименя 18.00 Жаңалықтар 18.55«Сүйген жар» 19.55 «Бра-

таны 3»21.00 Новости 21.40 Поле чудес22.50 «Любовь в большом 

городе-3» Кино 00.15 «Дорога» Триллер2.10 Катина любовь 03.40 

Модныйприговор



АСТАНА

7.00  Əн  шашу 8.00, 20.30, 00.10.Новости. 8.20, 20.00, 23.50 

Жаңалықтар. 8.40 М.ф. 8.50 М.ф. 9.00 Жүз  жылдық  мұра 10.20. 

Əзілстан10.35 «Кто  в  доме  хозяин?» 11.05 Незабываемый 12.05, 

19.00.  Қызғұмыры 13.00. М.ф. 13.10 Бірегей13.40  Специаль-

ный  проект 14.00.«Кулинар» 16.00 Домашние  войны16.50 «Жүз 

жылдық  мұра» 18.00,22.50. Ұмытылмас. 20.20 Казнет20.50 

Əзілстан 21.00 «Кулинар» Т.с.00.30 Еріксіз неке 1.35 Əн шашу



СЕНБІ 30  ТАМЫЗ 

ҚР  КОНСТИТУЦИЯ  КҮНІ

ҚАЗАҚСТАН

7.00  Концерт 8.00 Шарайна 8.30«Сенбілік  таң» 9.35 Агро-

бизнес10.00  Дауа 10.35 «Ас  болсын!»11.20 «Жайдарман» 12.55 

Поэзияəлемі 13.25 Телқоңыр 14.10«Көшпенділер» 16.05 Мəлім 

дебеймəлім  Қазақстан 16.35 Келбет17.00  Мың  түрлі  мамандық 

17.30Жаңалықтар 17.45 Футбол. Ағылшын премьер-лигасы. «Бер-

нли»  «Манчестер  Юнайтед»  Тікелейэфир 19.45 «Тағдыр» 20.05 

«Ар-найы репортаж» 20.30 Жаңалық-тар 21.05 «Қоңыр» тобының 

шы-ғармашылық  кеші 22.40 Сіз  недейсіз? 23.10 Арнайы  репор-

таж 23.30 Жаңалықтар 00.05 Футбол.  Ағылшын  премьер  лигасы. 

«УэстХэм  Юнайтед» - «Саутгемптон»Тікелей  эфир 1.50 Келбет 

2.15 Арнайы репортаж



ХАБАР

7.00 Мерекелік концерт 8.00 М.ф.9.10 Табиғаттың тартуы 9.30 

Ұлт  саулығы 9.55 Подари  детямжизнь... 10.00 Прод.вопрос 10.30 

Д.ф. 11.00 Кино «Ангел в тюбетей-ке» 12.20 Концерт 14.15 «Жер-

ұйық» 16.10 Астана  кештері 18.00Мерейлі  отбасы 18.25 «Жанса-

рай»19.05 «Қоңыр» тобының əн кеші 21.00 Жеті күн 22.00 Мейрам-

бек  Беспаевтың  əн  кеші 23.50 «Балалық  шағымның  аспаны»К.ф. 

1.15 «Кешіккен махаббат» 3.00 Концерт



КТК

07.05  Сыла.  Тағдыр  талқысы 8.15Д.ф. 8.25 Жаңалықтар 9.00 

М.ф.10.15  Кривое  зеркало 12.00 Новости 12.35. «Иван  Василье-

вич меняет профессию» 14.20 М.с. 15.00«Алма-ата моя первая лю-

бовь»16.15 «Большая  любовь»  Х.ф. 18.15«Костер  на  снегу»  Х.ф. 

22.00  ТойБест  Стар 23.15 «Паутинка  бабьего  лета»  Х.ф. 01.10 

«Мұздан суық,оттан ыстық» 02.55 «На гранивозможного» 

ЕУРАЗИЯ  БІРІНШІ  АРНАСЫ

06.00  Идеальный  ремонт 7.00.«Катина  любовь». 8.30 Таңғы 

пошта 9.00 Новости 9.10 Смак 9.45 «Операция «Ы» и другие при-

ключения  Шурика»  Кино 11.30 Фабрика  грез 12.00. «Можно,  я 

будузвать  тебя  мамой?» 13.50 «Юбилейный  ту  И.Кобзона» 16.30 

«Касым»21.00 Новости 21.30 Жаңалықтар 21.45 Тілші түйіні 22.15 

Жаңалық-тар 22.35 «Кешкі кездесеу» 00.00«Точь в-точь» 3.00 Ка-

тина любовь03.45 «Идеальный ремонт»



АСТАНА

8.00 «Сағындырған əндер-ай» 9.00 Новости 9.20 Жаңалықтар 

9.40  Лица  столицы 10.00 «Кто  в  домехозяин?» 12.10 «Ирония 

любви»Х.ф. 13.45 Д.ф. 14.15 «Терісқақпай» 16.05 Қыз  ғұмыры 

18.25  Бірегей 18.50 Жүрек  жарған 20.00 Ел  аузында 20.25 Той 

жыры 20.50«Астана  кеші  көңілді» 22.05 Х.ф.«Фрида»  00.15 

«Жизнь прекрасна» Х.ф.

ЖЕКСЕНБІ 31  ТАМЫЗ

ҚАЗАҚСТАН

07.00  Концерт 8.30 М.ф. 8.40 М.ф .9.45 «Айгөлек» 11.05 «1 

KZ  Лото»11.35  Ақсауыт 12.10 Сəнді  баспана 12.40 Ұлттық  шоу 

13.40  Сəуле  Жанпейісованың  шығармашылық  кеші 15.10 Қазақ 

даласының құпиялары 15.40 «Өнер қырандары» Пародиялық кеш 

17.00 Сыр сұхбат 17.35 «Шарайна» 18.05 Ар-найы тележоба 18.30 

Футбол.Ағылшын  премьер  лигасы. «Тот-тенхэм  Хотспур»  «Ли-

верпуль»  Тікелей  эфир 20.30, 2.45 Апта  кз 21.05 «Жайдарман» 

22.50 «Алаң» 23.40  Көкпар 00.25 «Жалған үйлену тойы» Кино 2.00 

Телқоңыр


ХАБАР

07.01 «Махаббат мерейі» 08.31 Айбын 09.10 М.ф. 10.00 М.ф 

11.00«Братц» 12.15 М.ф. 13.55 Ас  арқау14.15  Концерт 15.55. 

Бармысың,бауырым? 16.40 «Осторожно,  корова!» 18.30 Затты-

бек Көпбосынұлының шығармашылық кеші 20.15 Көзкөрген 21.00 

Жеті күн 22.00 «Жұлдызды дода» 23.30 «Вы-думанная жизнь Эб-

ботов» Кино1.15 Көкжалдар мекені 2.40 Супер жұлдыз бейнесі

КТК

07.05 М.ф. 7.45 Сыла. Тағдыр талқысы 09.30 «Юрмала-2012» 

10.45«Костер на снегу» 14.20 М.с. 15.00 Дорога домой 15.15 Алма-

ата  моя  первая  любовь 16.00 Той  Бестар 17.15 «Поезд  на  север» 

21.00 Портрет недели 22.00 Слуги на рода 22.45 «КТК-да Қабатов» 

00.00«Мама поневоле» Х.ф. 2.15«Мұздан суық, оттан ыстық» 



ЕУРАЗИЯ  БІРІНШІ  АРНАСЫ

06.00 «Идеальный  ремонт» 7.00 Катина  любовь 7.45 

Жаңалықтар 8.00 Тілші түйіні 8.30 Жаңалықтар 8.45. Воскресные 

беседы 09.00 Новости 09.10 «Здоровье» 10.10 Казлото 10.55 Сре-

да обитания 12.00 «Оазис любви» 13.50 «Угадай мелодию» 14.20 

Минута славы 15.50 Добрый вечер, Казахстан! 16.55 «Жена гене-

рала»  Х.ф.21.00  Аналитика 22.00 «Каникулы  строгого  режима» 

Кино. 1.00 «В осаде-2» Кино 2.50 Кино «Хеллбой. Герой из пекла»



АСТАНА

08.00 Құдайберген Бекіштің əн кеші 9.40 М.ф. 9.50 М.ф. 10.00 

Супер  папа 10.35 «Большая  перемена». 15.35 Казнет 16.00 Аста-

на  кеші  көңілді 17.10 Қыз  ғұмыры 18.40 Айтыс:  жүйріктер  мен 

үздіктер 19.30 Жүрек  жарған 20.30 «Бірегей» 20.55 Əн  мен  əзіл 

22.05 «Водопад ангела» Х.ф. 00.05 «Слепота» Х.ф.



(Бағдарламада өзгерістер болуы мүмкін)

ТЕЛЕБА ДАРЛАМА             •              ТЕЛЕБА ДАРЛАМА              •                ТЕЛЕБА ДАРЛАМА  

Қызылды бұрынырақта осы өлкенің малды байлары жайлаған. 

Солардың бірі біздің өлкеден өткен Махан бай еді. Қызылқұмға жүз 

шақырым ендегенде Махан құдығы деген құдық бар. Жайымбет,  

Палымбет, Омар əкелеріміз қаздырған мұндай құдықтар қандым 

ағашпен  шегендеп  салынған,  көбі  көміліп  қалған.  Кеңес  үкіметі 

кезінде қызыл əскер шығарып Қызылдағы байларды тəркілеу ісі 

жүргізілген. Сонда байлар құдықтарды көміп, өздері əрі Тамдыға, 

өзбек жеріне қарай жылыстап кеткен. Иен құмның iшiнде шөлден 

қаталап,  құмға  көмiлiп  өлген  жазалаушы  отрядтың  əңгiмесi  өз 

алдына  бiр оқиға.

Қызылда  үрме  деген  биік  төбелер  болады.  Үрме  аты 

айтып   тұрғандай  жел  соқса  үріп,  ұлыған  дыбыс  шығарып 

тұратын  жалаңаш  құм.  Қанжардың  қырындай  жал-жал  бо-

лып жатады. Жел үрлеп бетін тазалап тұрады. Сондықтан ол 

күнге айнадай шағылысады. Оның жонына шөп өспейді. Əр-

əр жерінде құм сағыз болады. Қазіргінің баласы құм сағызды 

шайнап көрген жоқ.

Оны  Қызылқұмды  тобықтан  кешкен  қойшының  баласы  біз 

білеміз. Қурап жатқан жапырақ-жапырақтың ішінен құмсағыздың 

сабағын  бірден  танимыз.  Екі  саусақты  салып  қазып  аламыз 

да  ауызға  салып  күйсейміз.  Əдепкіде  құмынан  арылмай  бiраз 

қинайды, сосын қоңыр түстенiп тап-таза болды. Шайнай-шайнай 

ап-пақ  түске  енедi.  Қойшының  балалары  тісін  жумайды.  Біздің 

тісімізді құмсағыз жуады. Тісіміз ап-пақ маржандай болып жүреді 

жəне ешқашан құрт түспейді.

Мұнан басқа көсік, кəреней деген құм жемістері бар. Оларды 

да екі саусақпен қазып аламыз. Біздің саусақтарымыз тышқанның 

тырнағынан  мықты.  Қазіргі  балалардың  қолын  құмға  тықсаң 

жара  шығады.  Көсік  деген  кəмпиттен  тəтті. “Кəреней”  шама-

сы  орыстың  “корень”  деген  сөзінен  шыққан  шығар,  біздің  шал 

оны “сүтқұмалақ” дейтін. Мұндай тəттілерді қазіргі балалар жеп 

көрген жоқ. Олардың жейтіні химиялық бояу жаққан бірдеңелер.

Біз енді үрмеден түсейік, өз оқиғамызға ойысайық.

Қызылды жайлағандардың ішінде “Сырдария” совхозының да 

шопандары  бар.  Малшылар  қойды  Қызылда  төлдетеді,  қырқым 

да сол жақта өтеді, көктемнен қара күзге дейін Қызылда жүреді. 

“Жаман  қойшы  өрісін  түске  дейін  тауысады”  дегенді  білетін 

қойшылар өрісті ұзартыңқырап жаяды. “Сырдария” совхозының 

шопаны Пернеш те мал өрісін алыстатып, арғы жағынан шыққан 

қарақалпақ  шопаны  Сəліммен  кездесті.  Иен  құмның  ішінде 

жолыққан  екі  қойшы  “ассалаумағалейкүм”, “уағалейкүмсалам” 

десті. “Пəке”, “Сəке” болысты.

Пəкең мен Сəкең өрісті жақындатып күн ара кездесіп тұратын 

болды.  Əңгіме  айтысады,  жақсы  сөз  көңілдің  кілті  деген.  Көңіл 

ашылғасын  адамның  жан  жарығы  шырайланып  бет-жүзінен 

төгіледі. Сəкең сондай ашық көңілді адам еді.

– Осы жердің атын Түйеөлген құдығы дейді, – деді Сəкең бір 

əңгіме бастап.

– Түйе өлсе, өлген шығар. Бірақ оған бола жердің атын атағаны 

несі? – деді Пəкең əңгіменің əрі созылғанын қалап.

– Ол былай. Баяғыда бұл құдықта бір бай отырады екен. Əйелі 

мен баласын жылан шағып өлтіріп, сол бай жаз ортасында көшіп 

кетеді ғой. Содан өрісте  жүрген бес түйесі қалып кеткен. Бай оған 

бұрылмапты.  Сол  бес  түйе  су  ішуге  құдыққа  келсе,  қожайыны 

жоқ, жұрты жатыр. Адам бізді далаға тастамас деп құдықтың ба-

сына келіп шөккен түйелер құдықтағы мөлт-мөлт еткен суға мой-

нын  созып,  көздері  мөлт-мөлт  етіп  жата  берген.  Сол  жатқаннан 

он  күн  жатқан,  отыз  күн  жатқан,  адамнан  да,  судан  да  күдерін 

үзбеген бес түйе сөйтіп күнге қақталып өлген. Келесі жылы бай 

құдыққа келсе, бес түйенің сүйегі шашылып жатыр екен. Содан 

бай бұл құдық маған құт құдық болмады деп оны көміп кетіпті. 

Содан қайтып соқпапты дейді.

Сəкең осындай əңгімелерді ағызып айтатын. Пəкең оны ұйып 

тыңдап, бір күні шақшасын, екінші күні қамшысын сыйлап кетіп 

жүрді. Пəкеңнің бұл жомарттығы Сəкеңе де ұнап қалды.

– Екеуміз анда болайық, – деді бір күні Сəкең. Бұл ақыреттік 

дос болайық дегені еді. Пəкең оған қолын берді. Анда достықтың 

белгісіне астындағы аттарын алмастырып міністі.

Бірақ  Пəкеңнің  бір  саусағы  бүгулі  болатын.  Оның  ішіндегі 

аласын Сəкең сезбеді.

Көп ұзамай Пернеш Сəлімге жолығып:

– Бізде мал санағы жүргелі жатыр. Менің отыз бас қойым кем бо-

лып тұр. Санақ өткенше сенің отарыңнан алып қоса тұрайын, – деді.

– Ал, анда, ал, – деді Сəкең. Досының бір пайдасына жарағалы 

тұрғанына қуанып.

 Санақ өтті, қой қайтарылмады. Пəкең де өрісін ұзартпайтын 

болды. Күз түсті, Сырға құлайтын мезгіл жетті.

Ақыры Сəлім Пернешке өзі келді.

– Анда, қолың тимей жүр ме, қойымды өзім-ақ айдап кетейін, 

– деді ол.

– Жоғə, сол қойың бөлініп кетіп, содан ұялып жүргенім ғой, 

– деді бұл.

– Онда өрістің шарын қарайық, қайда кетті екен топалаң?

– Сөйтсек сөйтейік, – деп Пернеш дүрбісін ала шықты.

Екеуі бір биік құмның басына келіп тоқтады.

–  Əне-еу  бір  қарайғанды  қарашы, – деп  Пернеш  Сəкеңе 

дүрбісін берді.

– Қане, қане...

–  Əне-е...–  деп  тұрып  Пəкең  жанқалтасынан  өткір  бəкісін 

алып  жазды  да,  екі  көзін  дүрбімен  жауып  тұрған  Сəлімді 

тамақтан орып жіберді. Қапелімде дүние шыркөбелек айналды. 

Байғұс Сəкең не болғанын түсіне алмады. Пернешке қарап еді, 

анда  досын  емес,  қанталап  тұрған  қасқырдың  екі  көзін  көрді. 

Нағыз  қасқырды  жақыннан  көргені  осы.  Тəлтіректеп  тұрған 

Сəкең  Пəкеңді  бас  салды.  Өзі  тым  қажырлы  болатын,  Пəкеңді 

астына  басып  алды.  Тамағынан  саулаған  қан  оның  бетін  қып-

қызыл  қылып  жапты.   “Мына  жалғанның  ең  соңғы  түсі  қып-

қызыл  болады  екен-ау,  қайран  анда  досым-ау...”  деген  ой  са-

насын осып өтіп, қасқырдың көзінен де қорқынышты бір көзді 

көрді.  Жаны  шығып  кетті.  Пернеш  Сəлімді  үстінен  аударып 

тастады.  Жаны  шыққанша  астына  басып  жатқанына  өн-бойы 

дір-р етіп тітіркенді. Ештеңеден тайсалмай  қатып қалған жүрегі 

қатты-қатты  соғып,  етек-жеңі  желп-желп  еткен  қараша  үйіне 

қашан, қалай жеткенін де аңдамады.

– Мен кісі өлтіріп келдім, – деді, – енді не істеймін, апа?

Үйінде алпысқа маңдай тіреп қалған апасы бар еді.

– Өртеп жіберіп, күлін құмға көм, – деді апасы.

Бұл сөзді қандай сезіммен айтқаны өзіне мəлім. Əйтеуір дəл 

қазір  оған  інісінің  кісі  өлтіріп  келдім  деген  сөзі  құтырған  итті 

атып тастадым деген секілді естілгендей жайбарақат жауап берді.

Міне, осылайша арам ойлы Пернеш отыз қой үшін анда досын 

өлтіріп, өртеп жіберді.

Мына сұмдықты көруге көзі шыдамағандай күн бұлттың таса-

сына  тығылды. Күздің салқын желі бұталарды селк-селк еткізіп, 

жоқтау айтқандай сыңсып тұрды.

Анда  досының  күлін  құмға  көмген  Пəкең  оның  атын  жетек-

ке  алды  да  алты  қырдың  астындағы  шоқ  сексеуілдің  ішіне  апа-

рып шандып байлады. Үйді асыға жығып, Сырға кеткен əйел ба-

ласын күтпестен отарды алдына салып қуалай айдады. Екі күннен 

соң  жығулы  жатқан  үй  жүгі  ауылдан  əйелін  əкелген  қорапты 

машинаға тиелді.

Бұл жерде ешқандай сұмдық іс болмағандай. Меңіреу жұртта 

қыр асып үйелеген жалғыз ақсақ қой ғана қалды.

Пернеш  отыз  қойды  олжалап,  бір  отар  малды  айдап  Сырға 

құлай берсін.

Біз  сөзді  Сəлімнің  аулына  қарай  апарайық.  Сəлім  үйге 

оралмаған  екінші  күні  хабарды  естіген  Тасқұдықтағы  оның 

туыс тары көлікке мініп қойшы қонысына келді. Мал бөлініп-

бөлініп өрістен құлаған, астындағы аты мен Сəлімнің өзі жоқ. 

Құмда  із  жата  ма,  жел  көтеріп  кеткен.  Қазақтың  қойшылары 

Сырға  қарай  көш  түзегелі  де  бір  апта  өтіпті.  Бұл  маңда 

“көрдім” былай тұрсын, “көрмедім” дейтін де біреу жоқ. Жоқ 

іздеушілер  бұл  оқиғадан  қазақтың  да,  қарақалпақтың  да  ми-

лицияларын  хабардар  етті.  Өздері  беталды  құм  ішін  аралай 

берді.  Бір  аптадан  соң  Пернештің  жұртына  келді.  Жұртта 

қалған  ақсақ  қой  көлікті  адамдарды  көріп  сонадай дан  секек-

теп  қашты.  Не  де  болса  бұл  малды  далаға  тастамайын  деп 

жоқшылар  оның  соңынан  қуды.  Қой  жеткізер  емес,  ұстатар 

емес.  Ақырында  бір  шоқ  сексеуілге  келіп  паналады.  Енді 

адамдар  оны  сексеуілге  қамап  ұстамақ  еді,  о  тоба,  осы  жер-

де Сəлімнің байлаулы атының үстінен түсті. Жануар өзі бай-

лаулы тұрған сексеуілді кеміре-кеміре томар қылыпты. Қарны 

қабысып, көзі аларып өлудің алдында ғана тұр. Адамдар дереу 

оны байлаудан шешіп, су берді... Сол жерде “жол көрсеткен” 

қойды да, атты да көлікке тиеді. Олар бір сұмдықтың Пернеш-

тен келгенін айтпай білді. Сырға қарай аттанды. Қуғыншының 

хабарын  естіген  Пернеш  үй-жайын,  малын  тастап,  лағып 

қашты.  Қаша-қаша  “Тартоғай”  совхозының 3-ші  фермасы-

нан шықты. Бұл – біздің ауыл. Баяғы өзі байлап кеткен аттың 

күйінде екі бүйірі солқ-солқ етіп, көзі төңкеріліп кеткен Пер-

неш  жүрек  жалғау  үшін  жоқ  қараған  кісімін  деп  өтірік  ай-

тып  ауыл  адамдарының  қолынан  дəм  татты.  Əлденіп  алған 

соң биік ағаштың басына шығып отырды.   Біздің ауылдың бір 

кісісі оның қашқын екенін сезді. Кісі өлтіргенін біле тұрса да, 

кісілік жасады.

–  Сен  милицияға  барып  беріл.  Əйтпесе  қарақалпақ  қуғын-

шылар  сені  көрген  бойда  өлтіріп,  сол  жерге  көме  салады,  сор-

лы. Сотталсаң да тірі қалғаның жақсы емес пе? – деді. Пернештің 

қазір біреуге сес қылатындай қауқары жоқ-ты.

Қашқын  сол  ақылды  құп  көрді.  Із  кескен  милициялар  біздің 

ауылға да келіп еді. Пернеш өзі барып, қос қолын созып кісен сал-

дырды. Біреудің өмірін қиған қанішердің өзі өлгісі келмеді. Өмірді 

қиюдың қиын екенін сол жерде түсінді. Пернештің темір тордың 

ар жағындағы жай-күйінен біз хабарсызбыз. Əйтеуір, оның мына 

жарық  дүниеден  өткенше  екі  көзіне  қаны  саулап  жатқан  анда 

досы елестеп, аласұрып жаны тыншымай азап кешкені ақиқат.

Біздің  ауылда  Пернеш  есімді  кісі  бар.  Бірақ  ол  Пернеш 

пен  бұл  Пернештің  арасы  аспан  мен  жерден  де  алыс.  Біздің 

Пернеш  адамдықтың ақ сауытын киген кісі. Досы былай тұрсын 

қаймана  қазаққа  қиянаты  жоқ.  Осы  жасына  келгенше  ауылдың 

қара  жұмысына  қамыттап  жегіліп,  бала-шағасын  жетілдіріп, 

ағайынның бірлігін ойлаған адам. Бір жігітке тəн мінезі бар шығар, 

артық ауыз сөзі жоқ. Сабырдың қалыбы, саф жүректі сол ағамыз 

бір жылы біздің «Ботабай» аулының тұрғыны Əбілда Мəмбетов 

ағамызбен бірге Тамды жаққа жолға шығыпты. 

Сонда жолай Пернеш ағамыз əлгі оқиғаны еске алып:

–  Менің  де  атым  Пернеш,  Тамдының  адамдары  мені  баяғы 

Пернеш деп қалса қайтеміз? – депті.

Басқа біреу болса “шынында қайтеміз” деп пұшайман болып 

қалар ма еді.

–  Е,  Пернеш,  сені  жатқа  беретін  мен  емес, – депті  сонда 

Əбекең.

Айтса  айтқандай,  Əбекең  де  осы  елдің  ардақты  азаматы. 



Алыс-жақынға  адами  биіктігімен  танылған  сыйлы  жан  еді.  Сол 

жолы шынымен де екі кісі жолда Тасқұдық аулына соғыпты. Бұл 

баяғы Сəлімнің аулы еді. Екеуі осында тоқтап шай-су ішіпті. Осы 

ауылда  тұратын  Ыдырыс  деген  мал  маманы  жолаушылармен 

танысқанда “Пернеш” дегенді естіп:

– Қыпшақсың ба?! – депті жұлып алғандай. Бұл Пернештің де 

қыпшақ екені рас. Сөйдепті де екі Пернештің жас шамасын ойша 

есептегендей біраз үнсіз қалып, басқа əңгімеге бұрылып кетіпті.

Ендеше  Сəлімнің  қазасын  туысқандары  ешқашан  ұмыт-

пастай есте сақтап қалған ғой. Шынында ол басқаға емес, Алла 

атын айтып анда болған досқа жасалған қиянат іс еді. Ондай іс 

ұмытыла ма?...



Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

Àíäà äîñòûң àæàëû



Басы 1-бетте

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

4

¹48     23 ÒÀÌÛÇ, 2014 ÆÛË

ӨÐÊÅÍ

3871

772


ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ

Қай  өнердің  саласы  болсын, 

оның  көпшілік  біле  бермейтін 

жақтары  мен  өзіндік  сырлары, 

əдіс-тəсілдері  болады.  Сол  сияқты 

билердің де əсемдік пен əдемілікке 

құрылып,  жұртшылықты  жақсы-

лыққа  баурайтыны  бізге  мəлім. 

Өнер  десе,  ішкен  асын  жерге 

қоятын қазақ халқы ертеден өнерді 

бағалап, бағамдай білген. Еліміздің 

əр  аймағы  өзіндік  өнер  əлемін 

қалыптастырып,  соның  бəрін  бір 

арнаға  тоғыстырды.  Біздің  Жыр 

елі  атанған – Сыр  елі  де  өнерден 

құр  алақан  емес.  Өңірімізден 

шыққан талай тума дарындар жыр-

дан  шашу  шашып,  əнді  əуелетіп, 

би  өнерін  бағындырып  келеді.  Ен-

деше,  осы  Сыр  өңірінің  би  өнерін 

биіктетіп, қалың көрерменді таңдай 

қақтырып,  көпке  танылып  жүрген 

«Томирис»  би  ансамблінің  өнерін 

айтпай кету мүмкін емес.

Талантты 

жастар 


тобынан  

құ ралған 

«Томирис» 

би 


ансамблі 2001 жылы  облыстық 

филармониясының 

жанынан 

белгілі  өнер  жанашыры  Сəрсен 

Ибрашеваның  бас тауы мен  өнер 

есігін ашты. Міне, содан бері, атал-

мыш  би  ұжымы  талай  асулардан 

асып,  бидің  қыр-сырына  қанықты, 

бүгінде  кəнігі  кəсіби  бишіге  ай-

налды.  Қызғалдақтай  құлпырған 

қыздар  ұлттық  нақыштағы  қазақ 

билерімен  қатар,  əлем  халықтары 

мен  заманауи  үлгідегі  би  өнерінің 

озық  түрлерін  қазақ  сахнасына 

алып шығуда.

Кез-келген  би  ұжымын  ауызға  

алып, өнерін көпке үлгі етпес   бұрын, 

алдымен таланттарды   тауып,   олар-

ды  гүлдей  баптап,   жұл дызын  жан-

дыратын  ол – же текшісі.  Олай 

болса, «Томирис»   би  ансамблінің 

көркемдік  жетекшісі,  би  өнерінің 

шебері,  əрі  бас  балетмейстері 

Гүлбану  Мырзабаеваның  өнер 

жолындағы еңбегі елеулі. 

Гүлбану  өз  ісін  жан-тəнімен 

беріле  сүйеді.  Өйткені  бар  сана-

лы  өмірін  осы  жолға  арнаған  жан. 

Мұны,  мен  Гүл  апаймен  сөйлесу 

барысында  аңғардым.  Оның  маған 

қараған  нұрлы  жүзінен  өнерге  де-

ген  сүйіспеншілігі  төгіліп  тұрды. 

Бала кезден биші болам деп арман 

жетегінде  өскен  жас  жеткіншек 

қыз,  бүгінде  қажырлы  еңбектің 

арқасында  аға  ұстаз,  білікті  ма-

ман болды. Жиырма жыл уақыттан 

бері  Сыр  елінің  іргелі  оқу 

орындарының  бірі,  Қорқыт  ата 

атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 

университетінде 

«Хореография» 

мамандығының  оқытушысы  əрі 

онымен  қоса  қырық  жылдық  та-

рихы  бар  облыстық  филармо-

ния 


қабырғасында 

өнермен 


бірге  біте  қайнасып  келеді.  Бар 

ғұмыры  бимен  етене  байланы-

сып  жатқан  оның  еңбегіндегі 

жетістіктері  сүйсінерлік.  Ол  əр 

жылдары  еліміздің  «Үздік  хорео-

граф», «Үздік 

балетмейстері» 

номинациясының  иегері  атанды. 

Оған қоса, жоғары оқу ордасындағы 

жемісті педагогикалық еңбегі үшін 

ҚМУ-нің  академиялық    доценті 

атағы берілді. 

Жауынгер, сақ патшайымының 

тарихи  есімін  тұмар  етіп  тақ-

қан  «Томирис»  бүгінде  талай 

байқаулардың    жүлдегері  ата-

нып,  өнер  жолында  өзіндік  өрне-

гімен  танылды.  Əрине,  мұның 

бəрі  шəкірттеріне  бар  білгенін 

үйретуден жалықпаған Гүлбанудай 

білікті ұстаздың арқасы деп білеміз. 

Биші қыздардың əрқайсысын өз ба-

ласындай  көріп,  бауыр  басқан  бас 

балетмейстер бидің қойылу техни-

касына  баса  қатты  мəн  беретінін 

айтады.  Ұстаз  ретінде  əрдайым 

қыздарға  биді  «биші  биді  əйтеуір 

билеп  шықсам  болды»  деп  ой-

ламай,  бидің  көріністік  əсерінен 

гөрі, оның айтайын деген ішкі сы-

рына  көбірек  мəн  беріп,  елдің 

назарын  соған  қарай  аударуға 

ден  қойса  екен  деймін, – деді. 

Иə,  расында  да  сахнаға  шыққан 

бишінің  шын  көңілін,  өнерге  де-

ген  ықыласын  оның  бет-жүзінен 

ақ  аңғаруға  болады  емес  пе?  Биші 

биді  жəй  ғана  қимыл-қозғалыспен 

емес,  оны  жүрегімен  жеткізсе 

ғана  көрермендер  көңіліне  жылу 

ұялатады.

Бауыржан 

Момышұлының  

«Тəр тіпсіз  ел  болмайды,  тəртіпке 

ба ғынған  құл  болмайды», – де-

ген  сөзін  жадына  мықтап  сақтаған 

Гүлбану  Елубайқызы  жұмыс  ке-

зінде  тəртіптің  болғанын  қалайды. 

Содан  болар    аз  уақыттың  ішінде 

30-40  шақты  бишіге  би  қойып, 

халықтың  алдына  алып  шығу 

үшін ең бірінші темірдей тəртіптің 

керектігін алға тартады. 

«Білікті  маман  бишілерге  не-

ғұрлым  көбірек  іс-сапарларға  шы-

ғып,  байқауға  барып,  бағын  сы-

нап  көргендері  жақсы.  Білмегенін 

біліп,  білгенін  өзгелерге  үйрету 

бишілерді одан əрі шыңдай түседі. 

Осы  ретте  аймақ  басшылығында 

отырған  азаматтардың  білдірген 

қолдаулары  аз  емес.  Кейде,   елі-

міздің  өзге  өңірлерінде  қызмет  ат-

қаратын хореографтарды да осында 

шақырып,  өзім  де  жиі  барып, 

шеберлік сыныбын ұйымдастырып 

тұрамын, – ағынан  жарылды. 

Халықтық биді насихаттап жүрген 

биші қыздар бүгінде бір ғана қазақ 

биінің  өзінен 30-ға  жуық  түрін 

жоғары  деңгейде  орындап  келеді. 

Нағыз  шеберлік  деп  осыны  айтар-

сыз.  

Би қимылдарын қайдан аласыз? 



деген  сауалыма  Гүлбану  былай 

жауап  берді.  Бидің  қимылдарын 

қарапайым  өмірден  алуға  бола-

ды.   Жүрген  жерімде  көзіме  қан-

дай  əдемі  көріністер  кездессе,   со-

дан  бидің  бір  элементі  болса  да 

шығаруға  тырысамын.  Тіпті,  қа-

бырғада  ілулі  тұрған  суретке 

қарап-ақ би қоюға болады. Ол үшін 

бишіге  ұшқыр  ой  мен  кереметтей 

қиял  қажет.  Оған  қоса,  өзім  осы 

саланың кəсіби маманымын. Бірақ, 

сонда да үлкен ізденіспен жүремін. 

Бидің  арнайы  əдіс-тəсілдері  жа-

зылған  кітаптарды  алып  оқимын. 

Өзім де би қоюдың арнайы методи-

касына  арналған  кітап  шығардым, 

– деді. ¬ Өзін білікті маман ретінде 

дəлелдеген  ол  тек  бишілерге  би 

үйретіп қана қоймайды. Ол өмірлік 

серігім,  жан  жолдасым  екеуміз 

бірлесіп,  қыздардың  үстіне  киетін 

костюмдерінің  үлгісіне  дейін  бірі-

гіп 


ойластырып, 

дайындайты-

нын  айтты.  Тіпті,  кей  жылдары 

бар  жұмысын  тастап,  өзі  көршілес 

жатқан  күншығыс  еліне  барып, 

киімдерді  арнайы  сол  жақтан 

тіктіріп  келген  кездері  де  болған. 

Бұл сөзден кейін, оның биге, өнерге 

деген  махаббатының  зор  екенін 

аңғаруға болады.

Би – тұтастық  пен  бірліктің 

белгісі.  Онымен  қоса  адамның 

көңіл-күйін көтеріп, ағза жұмысын 

реттеп,  ақыл-ойын  ізгілікке  бау-

лиды.  Сондықтан,  өнердің  биік 

белестерін  бағындырып  жүрген 

«Томиристей»  тобы  бар    биші 

Гүлбану  апайымыз  барда  Сыр 

елінің өнері асқақтай берері сөзсіз.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет