Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата08.01.2017
өлшемі9,81 Mb.
#1415
1   2   3   4

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА.

Адам  баласының  басты  рухани   азықта-

рының  бірі  ол  кино  өнері  деуге  негіз  бар. 

Заманның  ағымына  қарай  кино  туындылары 

əлемнің дамуында ерекше орын алып, шетелдің 

өндірісін көркейту үстінде. Əсіресе, сағыздай 

созылған  телесериалдардың  жаһанның  идео-

логиялық көзқарасын қалыптастыруда алатын  

орны  басым.  Ұлттың  тəрбиесіне,  болмысы-

на, адамның заманға деген көзқарасына көзді 

арбайтын  көркем  фильмдердің  əсері  өте  зор. 

Ұлт  тəрбиесінің  басты  қозғаушы  күші  бо-

лып табылатын туындылардың адамгершілігі 

жоғары, саналы ұрпақ қалыптастырудағы ролі 

қандай  екендігіне  шолу  жасап  қарайықшы. 

Күнделікті  еліміздің  теларналарынан  көре-

тін  сериалдарымыздың  деңгейі  қандай? 

Жас  демей,   кəрі  демей  қалың  бұхараның 

күнделікті  көгілдір  экраннан  телміріп  күтіп 

жүрген  телехикаяларының  халыққа  берері 

не? Халықтың оны қабылдауы қай деңгейде? 

Жастарымыздың 

кинофильмдерге 

деген  


талғамы  қандай  екендігі  ойландыратын 

мəселе. 


Кино өнері көрерменнің жүрегіндегі сезім-

дерін,  қиял-мақсаттарын,  талап-  жігерлерін 

оятуға түрткі болса, кейде жұмыстан шаршап 

келген  қалың  көпшіліктің  бос  уақыттарында 

көз  тоқтатып,  ойын  бөлетін  демалыс  əлемі 

іспеттес.

Тарихы  тереңде  жатқан  бұл  ғажап 

сиқырлы  жəшіктің  халыққа  берері  көп 

екені  белгілі.  Бірақ  сол  сол  сериалдардың 

адамның  ойын  улап,  санасын  ластап, 

адамгершілік,  имандылық  сынды  асыл 

қасиеттерден  аулақтататындары  да  толып  

жатқаны  айтпаса  да  түсінікті.  Өлтіру, 

зорлық-зомбылық,  қанішерлікті  насихаттай-

тын кейбір дөрекі фильмдердің болашақ жас 

жеткіншектердің  психологиясына  кері  əсер 

ететіні сөзсіз. Осы бір кішкентай  төртбұрыш 

жəшіктің  көрсететіні  төрткүл    дүниенің 

иделогиясының  қозғаушы  күші  екендігін 

еріксіз  мойындамасқа  амалымыз  жоқ. 

Жасанды   жарқыраған  əшекейлермен  көзді 

арбап, өзге елдің салт-дəстүрін  бүркенген ке-

ремет  кинолардың халыққа қай жағынан əсер 

беріп  жатқанын  дөп  басып  айту  қиын.  Бір 

білетініміз,  соңғы  уақыттағы  озбырлықпен 

жасалатын  қылмыстар  да,  түрлі  террорлық 

экстремистік  əрекеттер  де  осы  жағымсыз 

киноленталардың  тікелей  əсерінен  екендігі 

елге құпия емес. Жас кезінен телміріп көрген 

телехикаялардың  əсері  болашақ  тұлғаны 

қалыптастырудың,  тəрбиелеудің,  жастардың 

өмірге деген көз- қарасын мүлде басқа арнаға 

бұрып жібермесіне кім кепіл? Шет мемлекет-

терден  келетін  киноленталардың  сапасын, 

түпкі түйінін саралап, оларды терең сүзгіден 

өткізетін  құзырлы  орындар  бар,  əлбетте. 

Алайда, бұл мəселеге жеткілікті түрде көңіл 

бөлінбейтіндей.  Осындай  көңіл  көгіне  күдік 

ұялататын сан сауалдар, ел мүддесін қорғап, 

еркін  еліміздің  ертеңі  болар  біз  сияқты 

жастардың көкейінен кетер емес. Шындықтан 

гөрі  шытырман  мен  алдау  мен  арбауға,  шы-

найы  махаббатқа  емес  күлкі  мен  көз  жасы-

на  толы  ғажайып  түрік  фильмдері  сананы 

шырмауықтай  шырмап  алғаны  маған  маза 

бермейді.  Осы  орайда  ұлттық  кино  өнерін 

биік деңгейге қойып, қазақи кино мəдениетін 

дамыту біздің отандық кинорежиссерлардың 

алдында  тұрған  күрделі  міндет.  Бір  сəт 

ойланып,   ақыл  таразысына  жүгінейікші,  біз 

алтын  уақытымызды  бөліп,  сандырақтаған 

сансыз 


телесериалдардың 

құрбанына 

айналып   жатқан  жоқпыз  ба?  Одан  да 

сөрелерде қатталып тұрған көненің көзіндей, 

тарихтың  өзіндей  адастырмас  ақыл  ойдың 

темірқазығы  кітап  пен  газет,  журнал  оқып,  

рухани  байлығымызды  молайтқанымыз  жөн 

бе деймін. Сіздер қалай ойлайсыздар?



 Жасқанат ПАЗЫЛБЕКОВ.

Соңғы  жылдары  елімізде  спорт  қарқынды 

дамып, кең құлаш жайып келеді. Бүгінде еліміз 

осы  спорттың,  спортшылардың  еңбегінің  ар-

қасында  бүкі  əлемге  танылып  отыр.  Алыс-

жақын шетелді таңдай қақтырып, тамсандырып 

үлгердік. Қазақ деген ел, ұғым бар екенін паш 

еттік.  Бүгінгі  біздің  кейіпкеріміз  бала  күннен 

спортты  жанына  серік  еткен,  Қызылорда 

қаласының  спорт  саласының  дамуына  атса-

лысып,  өзіндік  қолтаңба  қалдырып  үлгерген 

Арман  Оңайбекұлы Меделханов болмақ.

Арман 1984 жылы өңіріміздегі Шиелі ауда-

нына қарасты, Тартоғай ауылында дүниеге кел-

ген.  Бала кезінен спортка деген қызығушылығы 

болған.  Үшінші  сыныптан  бастап  қазақша, 

еркін  күреспен  айналысады.  Содан  футбол 

ойнап,   мектеп  бітіргенше  футболдың  жанына 

серік етеді. 2001 жылы білім іздеп, арман қуып, 

Астана  қаласындағы  Л.Гумилов  атындағы  Еу-

разия  университетіне  спорт  мамандығына 

оқуға  түседі.  Ол  жақта  футболдан  ұлттық 

құрамаға кіру оңай емес екенін түсініп, (АДС) 

Айкидо,  Дзюдо,  Самбо  жəне  Джиу-Джитсу 

деген   төрт  спорт  түрінен  біріккен  салаға  ау-

ысады.  Бүгінде  ол  Джиу-Джитсудан  спорт 

шебері,  əскери  қоян-қолтық  ұрыс  жекпе-

жегінен спорт шебері. Осы спорт түрімен айна-

лысып, еңбек етіп келе жатқанына міне, он бес 

жылдан  асқан.  Қазақстан  Республикасының 

3  дүркін  чемпионы,  Əлем  чемпианатының 

қола  жүлдегері  атанған.  Жоғары  оқу  орнын 

бітіргеннен  кейін  Арманның  басты  мақсаты  

туған  жерге  қайта  келіп,  өзі  айналысқан 

спорт  түрін  елде  дамыту  еді.  Міне,  бүгінде 

мақсатына  жеткен  ол  Айкидо,  Дзюдо,  Самбо  

жəне  Ұлттық  жекпе-жек  федерациясының 

президенті. 2011 жылы құрылған федерацияда 

жаттыққан  жас спортшылардың алды универ-

ситетте білім алуда. Алты жастан он алты жас 

аралығында  қабылдайды.  Жас  спортшыларға 

қатаң талап қоя білетін жаттықтырушы. Осын-

дай  қатаң  талаппен,  зор  еңбектің  арқасында 

қазіргі  кезде  Арманның  шəкірттері  де  құр 

алақан  емес.  Былтырғы  жылы  бес    спортшы-

ны  баптап  бəйгеге  қосса,  биыл  жеті  спортшы 

халықаралық жарыстардан топ жарды. Алдағы 

уақытта  ұлттық  жекпе-жектен  Қазақстан  чем-

пианаты  болады.  Осы  айтулы  чемпионатқа 

Қызылордадан Арманның шəкірттері қатысып, 

Сыр  елінің  намысын  қорғайтын  болады. 

Бүгінде шəкірттері аталмыш чемпионатқа қызу 

дайындық үстінде.

Жуырда ғана  спорт мерекесіне орай, алғаш 

рет Қызылорда да халықаралық жекпе-жектен 

жарыс болып өтті. Əр мемлекеттің тіс қаққан, 

мен-мен  деген  спортшылары  келген  жарыста 

біздің  құрама  белсенділік  танытып,  барлығы 

жеңіске  жетіп  биіктен  көрінді.  Əрбір  елдің, 

əрбір  өңірдің  спортшыларын  дара-дара  алып 

қарасаң,  оңай  шағылатын  жаңғақ  емес.  Бəрі 

де  сайдың  серке  тасындай,  жарысқа  сайман-

құралдарын  дайындап,  сақадай  сай  келген 

азаматтар.   Сондықтан намысты қолдан бермей  

барлығы  жеңіске  жету  өңіріміз  үшін  үлкен 

жетістік. 

Сыр  спортшыларының  мерейі  қайда  бол-

масын,  қашан  болмасын  биік  тұратыны  анық. 

Себебі,  Илья  Ильин,  Алмас  Өтешов  сын-

ды    мықты  спортшыларымыз  тұрғанда  арты-

нан  ерген  қаракөз  спортышлар  тек  жеңістерді 

бағындыратыны сөзсіз. 

«Спортта  демеушісіз  биік  белестерді 

бағындыру мүнмкін емес», дейтін алып –қашпа 

əңгімелер  шындыққа  жанаспайды.  Айталық, 

сахнада  əн  салып  жүрген  өнерпаздарға  бей-

небаян   түсіріп,  əн  жаздыру  үшін  қаражатпен 

қамтамасыз ететін демеуші қажет. Ал, спорт-

шыларды  бапкерлер  мен  демеушілер  он 

жерден   мықты  дайындағанымен  кілемге  өзі 

шығады. Сондықтан өз күшіне, еңбегіне ғана 

сену керек екені спортшылар қауымына етене  

таныс  дүние.  Биікті  бағындырғысы  келген 

əрбір  спортшы  күні-түні  тынбай  еңбектену 

керек.  Сонда  ғана  қазақ  спортының  тұғыры 

биіктей бермек.



А.ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

ÁÈ ӘËÅÌІÍ ÁÀҒÛÍÄÛÐҒÀÍ

Шаршы алаңда топжарған

Спорт – қиындығы мен 

қызығы қатар жүретін сала. 

Бірде бағың жанып жүлдеге 

көмілесің, енді бірде жеңістің 

ауылы алыстап кетуі де 

мүмкін. Спортта жеңіс пен 

жеңілістің қатар жүруі заңды 

құбылыс. Спорт – қажымас 

еңбекті талап ететіндіктен, 

еңбектенген адам ғана 

арманына қол жеткізе алады. 

Негізі спортшылардың 

арқалаған жауапкершілігінің 

жүгі ауыр. Шет елде 

Қазақстанның көк туы 

аспанда қалықтап, əн ұраны 

екі себеппен шырқалады. Олар 

Елбасы арнайы  іс-сапармен 

барғанда жəне спортшылар 

спорттан топ жарып биікті 

бағындырғанда. 

«ÒÎÌÈÐÈÑ»



Қазақ  сахнасында  би  өнерінің  қашанда  алар  орны  бөлек.  Біле  білгенге  би  жəй  ғана  дене  қимылы  мен 

қозғалыс емес. Би де ақындар жазған өлеңмен, сазгерлер шығарған əуенмен, суретші салған бейнемен тең 

шығармашылық дүние. Бəлкім, бір қараған адамға немесе өнердің тілін түсіне алмаған жандарға солай да 

шығар. Бірақ, бидің де өзіндік айтар ойы, өрнегі бар. Мұны тек би өнеріне ерекше мəн беріп, оны ықыласпен 

тамашалаған адам ғана оқи алатыны шындық.

СЕРИАЛДАР САНАНЫ 

САРСАҢҒА САЛМАЙ МА?..

ОЙҚАМШЫ

Балалардың  жазғы  демалысын  ұйымдастыру 

қашанда маңызды мəселенің бірі. Жыл сайын демалыс 

уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалу-

ларына,  танып  білу,  шығармашылық  жəне  қоғамдық 

белсенділігін  арттыруға,  бала-

лардың  өзін-өзі  ұйымдастыру 

қабілеттерін  дамытуға,  ғылыми, 

көркем 

шығармалық, 



спорт 

жəне басқа да танымдық қызмет 

түрлеріндегі  білім  мен  өмірге 

құштарлықтарын арттыруға жағ-

дай  жасау  мақ сатында 1 мау-

сымнан  бастап  білім  беру  меке-

мелер  оқушылары  үшін  жазғы 

сауықтыру ауысымы ашылады.  

Жазғы  демалыс  балалардың 

жылдық  бос  уақытының  ай-

тарлықтай  бөлігін  алады.  Ол 

баланың  еркіндікке,  өзі  үшін 

қызықты  істерді  жасау  жəне  өз 

мүдделерінің  еркін  дамуы  үшін 

қажеттіліктерін  жүзеге  асыра-

тын кезең. 

 Үстіміздегі жылы «Сырдария» жазғы тынығу лагері 

7 ауысым бойынша оқушылардың сапалы əрі қызықты 

демалуын  қамтамасыз  етті.  Мұнда  əрбір  баланың  де-

малысын  тиімді,  қызықты  өткізу  үшін  барлық  жағдай 

жасалған. 

Жаңа оқу жылы басталатын уақыт таяғандықтан ла-

гер өз жұмысын тоқтатыны белгілі. Сырдария лагерінің 

жабылу  салтанатында  Қы-

зылорда қала əкімінің орын-

басары  Роза  Боханова  сөз  сөйлеп,  балаларды  алдағы 

басталатын  жаңа  оқу  жылымен  құттықтады.  Қалалық 

білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев біршама мек-

тептер  күрделі  жөндеуден  өткенін,  жаңа  оқу  жылын-

да, жаңа мектепте білім алатындарын айтып, балаларға  

қуанышты хабарын жеткізді. 

Аталмыш  шараға  «ПетроҚазақстан»  мекемесі 

өкілдері  келіп,  спорттық  шаралар  ұйымдастырып, 

балаларға  сыйлықтар  табыстады.  Кеш  соңында  алау 

жағылып, қаншама балаға шаттық мекен болған «Сыр-

дария» лагері салтанатты түрде жабылды.  



А.ОЛЖАБАЕВА.

«ÑÛÐÄÀÐÈß» ëàãåðі – øàòòûқ ìåêåíі



Басы 1-бетте

немесе ұлттық танымды түбегейлі 

өзгертуге ұмтылатын 

шетелдік өнер өнімдері туралы толғам



27.04.2011


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет