Қарағанды – 2020 Адамның ақпараттандырылған іс-әрекеті АҚПАРАТ. АҚПАРАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАСИЕТТЕРІ. Ақпарат — адамның түрлі қайнарлардан қабылдайтын мәліметтер, білімдер және хабарламалар.
Ақпарат қасиеттері. Ақпарат болу керек:
Нақты – мәселелердің нақты қалпын сипаттайтын ақпарат;
Түсінікті – қабылдауға түсінікті түрде сипатталған ақпарат;
Толық – қойылған мақсатқа жету үшін көлемі жеткілікті ақпарат;
Пайдалы – қойылған есепті шешуге көмектесетін ақпарат;
Ақпарат түрлері. Бізді қоршаған түрлі ақпаратты топтауға болады:
пайда болу саласы бойынша:
өлі табиғат процесстерін, құбылыстарын сипаттайтын ақпарат элементар немесе механикалық деп аталады,
жануар және өсімдік әлемнің процесстері — биологиялық;
адамзат қоғамы — әлеуметтік;
тасымалдау және қабылдау тәсілдері бойынша:
көрінетін символдар мен образдар арқылы тасымалданаты ақпарат визуалдыдеп аталады;
дыбыспен — аудиалды;
сезіммен – тактильді;
иіс пен дәммен — органолептикалық;
есептегіш техника құралдарымен берілетін және қабылданатын ақпарат машиналық деп аталады.
Қоғамдық маңыздылығы бойынша ақпаратты үш түрге бөлуге болады:
жеке;
көпшілік;
арнайы.
АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕР
Ақпаратты қабылдаумен, тасымалдаумен, сақтаумен және өңдеумен байланысты барлық әрекеттер ақпараттық процестер деп аталады.
Бір адамнан екінші адамғаақпаратты тасымалдау процесі екі жақты: ақпараттың қайнары бар және қабылдаушысы бар.